Физиологиялық
|
Тәртібі
|
Саусақ дақтары
|
Қолы
|
Алақанның дақтары
|
Дауыс тембрі
|
Көздің құбылмалы қабықшасы
|
Клавиатуралық почеркі
|
Көздің сетчаткасы
|
|
Қолдың геометриялық орналасуы
|
|
Бетінің геометриясы
|
|
ДНК структурасы
|
|
|
|
Көздің құбылмалы қабықшасын сканирлеу әдісі /метод сканирования радужной оболочки глаз/. Екі адамда көздің құбылмалы қабықшасы бірдей емес екендігін ғалымдар дәлелдеген болатын, бірақ сканирленген көздің қабықшасы арқылы үлгілерді тауып және оның нақтылығын анықтайтын бағдарламамен қамтамасыз ету тек 20 ғасырдың аяғында пайда болды. Патент бұл технологияға 1994 жылы алынды және содан бері осы технологияны 20 –дан астам компаниялар лицензия жасады (Dritish Telecom, OKI, Sensar). Англиядағы Nationwide Building Society біртұтас банкоматтар жүйесінің куәлігіне жүгінсек, бұл әдіс өте тиімді. Батыс елдерінде көздің құбылмалы қабықшасын сканирлеуге негізделген рұқсаттама технологиясы /технология допуска/ мемлекеттік ұйымдарда, түрмелерде, ядерлік қарулар өндіретін заводтарда қолданылады.
Беттің геометриясын сканирлеу әдісі. Бұл әдіс- ерте заманнан қолданылатын көп тараған әдіс. Адамның бет әлпетінің параметрі әр адамда өзіндік ерекше болғанмен, күлгенде, сақал мен мұрт қойғанда, көзілдірік кигенде өзгереді – осының барлығы идентификациялау процедурасына қиындық туғызады және қуатты да, қымбат апаратураны қажет етеді. Кейінгі кезде адамның бетін инфрақызыл сәуледе танитын құрылымдар туралы мәліметтер пайда болды. Бұл технология адам бетінің термограммасы (беттегі қан тамырларының жылуынан құрылатын жылулық картинкасы) /тепловая картинка, созданная излучением тепла кровеносными сосудами лица/ , әр адам үшін жеке дара екендігіне негізделген және жүйе үшін оған енуді бақылайтын биокод ретінде қолдануға болады. Бұл термограмма беттің геометриясына қарағанда тұрақты, себебі ол уақытқа және адамның бет пішінінің өзгеруіне тәуелді емес.
Қолтаңба бойынша айыру компьютерлік жүйе бірнеше параметрлерді ескереді: жазу формасын, қаламды жүргізу динамикасын, қысу дәрежесін, сондықтан адамды тануда жоғары дәрежеде сенімді. Соған қарамастан, бұл әдістің бірқатар себептеріне орай қолданысы шектеулі: біріншіден, қолтаңба үнемі бірқалыпты болуы тиіс, екіншіден, процедура өткізуге уақыт көп кетеді және жазу инструменті қажет. Банкілер структурасы және компьютерлік жүйелерге ену үшін бірқатар болашағы бар.
Қолдың геометриясы бойынша тану. Бұл әдіс қолдың үш кеңістіктегі бейнесінің анализіне негізделген. Берілген параметрлері бойынша идентификациялаудың математикалық моделі ақпараттың аз көлемін қажет етеді- барлығы 9 байт, бұл көп көлемде жазуды сақтауға мүмкіндік береді және іздеу жылдам арада орындалады. Бірақ адам қолының геометриясы жылдам өзгеретін параметр, және үлкен размерлі сканерлерді қажет етеді, жүйенің қымбаттауына алып келеді.
Саусақ дағы бойынша тану. Бұл әдістің көптеген артықшылықтары бар- саусақтың дағы шағын, әр адамның дағы жеке, дактиласкопиялық бақылау үшін ертеден қолданылады, адамның бүкіл өмірі бойы өзгермейді, сол себептен жиі қолданылады.құрылымның негізгі элементі папиллярлы өрнекті есептейтін сканер, артынан арнайы алгоритм көмегімен өңделеді, және алынған код жадыда сақталған шаблонмен салыстырылады. Негізгі екі салыстыру алгоритмі бар: ерекше нүктелер бойынша және саусақтың түгел үстіңгі рельефі бойынша. Қазіргі жүйелерде екі алгоритмнің де комбинациясы қолданылады, жүйенің сенімділік жәрежесін арттырады.
Дауыс бойынша тану. Дауысты компьютерде цифрленген сөздің немесе басқа акустикалық сигналды бинарлыға (қара-ақ не түсті) немесе көпдәрежелі бейнелеуге негіделген және оны жазады. Осындай бейнелеу оны компьютерге сканер көмегімен енгізіп, арнайы алгоритммен синтездеуден соң қайтадан дауыс сигналына айналады.
ДП/РП/ -дауыс паролін алу мен қолдану технологиясында стандартты техникалық құралдар қолданылады. Мысалы, қағаздағы құжаттар үшін дыбысты карталы компьютер, сканер және лазерлі принтер ғана қажет. Қажетті дыбыс сигналының компьютерге микрооннан, не телефон линиясынан енгіілген графикалық образы арнайы бағдарламамен өңдейтін құралдар арқылы алынады. Бұл образ ке келген компьютерлік ақпаратты тасушыға файл түрінде жазылады (*.bmp , *.gif и др.) немесе басылып шығарылады. ДП құжаттың құрамында немесе одан бөлек қажетті абонентке факс арқылы, почтамен немесе фельдегерлік байланыс арқылы жіберіледі. Құжатты алған соң абонент оны компьютерге енгізеді, қажетті графикалық файл форматын алады, оны артынан арнайы бағдарламамен дыбыс файлына *vos не *wav айналдырады, және дыбыс картасы арқылы динамикке тыңдауға беріледі. Бұл ДП технологиясы стандартты А4 форматты қағазға 2-ден 5 минутқа дейін сөйлеуді жаза алады.
Әр адамға және оның сөйлеген әр сөзіне, фразасына өзінің уникалды ДП сәйкес келеді. Осыған орай дауыс қолтаңбасы технологиясын ақпараттық қауіпсіздендіруде, жалған құжаттардан сақтандыруда, тауарлар мен көрсетілетін қызметті жарнамалауда идентификациялауды шешу үшін қолдану тиімді.
Әрбір тұтынушы тіркелген кезде оған арнайы карточка жасалады: ол микрофонға пароль сөзін, фразасын айтады, артынан оны естуге болады, қажет болған жағдайда қайтадан жазуға болады, ол үшін дыбыс картасымен бірге қолданылатын дыбыс редакторының бағдарламасымен қамтамасыз етілуі пайдаланылады. Осыдан кейін арнайы алгоритм пароль фразасы не сөзі бар файлдыДП графикалық образаға айналдырады, және пластик картаға , не қағазға, немесе басқа жинақтауышқа /носителе/ басып шығарады. ДП –не басқа да қосымша берілгендерді енгізуге болады.
Тексеру кезінде күзет пунктінде ДП түріндегі құжаттағы пароль фразаны (сөзді) айтуды талап етеді. Артынан компьютер арқылы өңдеп, дыбыс сигналын қалпына келтіреді. Дыбыстың айтылуын және қалпына келтірілген графикалық обрадағы ДП фразаны салыстырып, қорғалатын обьектіге енгізу жөнінде шешім қабылданады. Сонымен қатар дыбыстап айтылған және ДП пароль фразасынан синтезделген сигналды автоматты түрде салыстыруға да болады /күзеттің көмегінсіз –без участия охраны/.
ДП қолданып, қорғалатын «сөйлейтін» төлем ақы карточкаларын, аксизді маркаларды, азаматтық төл құжаттарды тағы басқаларын дайындауға болады.
Бақылау сұрақтары:
Биометрия деген не?
Биометрияның барлық әдістері туралы айтып беріңіз№
Биометрия әдісінің кемшіліктері туралы айтыңыз.
Биометрия әдісінің артықшылықтары туралы айтып беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |