Ақпараттық қауіпсіздік негіздері


Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесі



бет18/45
Дата18.10.2023
өлшемі258.19 Kb.
#481043
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Ақпаратты қорғаудың криптографиялық жүйесі
Қазіргі кезде елімізді компьютерлеу жылдам қарқынмен дамып келеді, соның ішінде көптеген мемлекеттік, коммерциялық ұйымдар мен банктер. Бірақ пайдасы мен қоса компьютерлеу өзімен бірге бірқатар проблемаларды да ала келді. Солардың біреуі, және күрделісі, берілгендерді өңдеу мен беру системасындағы ақпараттың конфиденциалдығының қауіпсіздігін сақтау. Бұл проблеманы шешу үшін ақпаратты криптографиялық тәсілмен кең қолданылады, оған шифрлеу, кодтау, немесе берілгендерді жатады, соның нәтижесінде ақпаратты арнайы кілттің және қайта түрлендіруді енгібей ашып алу мүмкін емес. Қорғалатын мәліметтерді криптографиялық өзгерту ең тиімді әдіс және байланыс линиялары арқылы тасымалдауда оған санкциясыз енуге жол бермейтін жалғыз нақты құрал болып есептеледі.

Стеганография
Бесінші ғасырда тиран Гастий Суда Дария патшаның бақылауында болып, анатолий қаласы Милетттегі өзінің туысқанына құпия мәлімет жіберуі қажет болғанда, өінің құлының шашын тақырлап алып тастап, оның басына өзінің мәліметін жазады./вытатуировал свое послание на голове своего раба/, оның шашы қайтадан өскен соң , жжжолға шығады. Геродот осылай ерте замандағы стеганографияны –жасырын хат өнерін қолданған жағдайды сипаттап жазады. Бұл өнердің негізінде құпия мәліметтің бар екендігін жасыру жатады.
Өнер дамып, ғылымға айналды, ол ғасырлар бойы бөтен адамдардан ақпаратты беру фактін жасыруға көмектесіп келді. Ертеде римляндер жазу арасында көге көрінбейтін сиямен жазған, сия ретінде жеміс шырындары, сүт тағы басқалар қолданылған.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер «микронүктелерді» қолданды, олар типографиялық нүктенің размеріндей ғана болатын және оны үлкейткенде размері стандартты беттің көлеміндей анық сурет бейне беретін. Осындай точка /нүкте / немесе бірнеше нүктелер қарапайым хатқа жапсырылатын, оны табу қиынға түседі, оларда өте көп ақпараттар көлемі , тіпті сызбалар да берілетін.
Соғыс кезінде стеганографияның таралуы және шпиономания көптеген цензуралық шектеуліктер туғызды. Америкада халықаралық почтамен тасымалдауға шахмат парияларына, тоқу мен киім тігудің нұсқамаларына, газет қиындыларына, балалар суреттеріне тиым салынды. Артынан гүлдерді жеткізу мен тасымалдауға қатысты барлық халықаралық телеграммаларды салуға тиым салынды.
Бұл әдісті бағыттаушы мысалдар ретінде төмендегілерді келтіруге болады:

  • Әріптерді кітаптың немесе газеттің нақты жерінде піскілеп жазу (сөздің соңы әріптер арасындағы наколмен беріледі);

  • Қандай да бір берілгендерді белгілі бір тәртіпте мәлімдеу;

  • Арнайы реттелген картаның бүйірінде жазу, артынан карта араластырылады;

  • Банка мен бутылка этикеткаларының артқы жағына жазу;

  • Жабыстырылған почта маркасының астына мәтін жазу /текст под наклеенной почтовой маркой -пысырылған жұмыртқаның ішіндегі жазу / (квасцы, сия мен уксустың қоспасын алады, қоспамен жұмыртқаның сыртқы қабығына жазу жазады, жұмыртқаны артынан қою тұздықта не уксуста ұстап, жұмыртқа сыртындағы жазуды кетіреді, артынан жұмыртқаны көп қайнатып пысырады, жазу мәтіні түгелдей жұмыртқаның ағында қалады).

Қолмен ноталарды нота дәптеріне жазу (ноталар Морзе азбукасы бойынша не басқа код бойынша мағынаға ие).
Кардиограмма түрінде немесе технолгиялық процестің гафигі түрінде жазу (Морзе азбукасын қолданғанда, жоғары пиктер мысалы, нүктені көрсетеді, ал төменгілері – сыықшаны, араларындағы черточкалар әріптер арасындағы бөлінуді, сөздің соңын сызықтың бөлінуі көрсетеді)
Кроссвордтың вертикалды бағанында толтырылған жазулар (горизонтальды жолдарындағы жазулар ойдан алынады, ал мәлімет тікелей немесе кодпен беріледі)
«Аве Мария» шифрының кодты вариантында әр сөзге не фразаға сәйкес бірнеше сөз религия тақырыбына байланысты қойылады, берілетін мәлімет арнайы діни мағынаға ие болады.
Компьютерлік стеганография (стенографиялық бағдарламалық өнімдер), мысалы екі принципке негізделген. Біріншісінде құрамында цифрленген бейне немесе дыбысы бар файлдар өзінің функционалдығын жоғалтпай біраз өзгертіледі, басқа типтер абсолютті нақтылықты қажет етеді. Екінші принципінде адамның сезу органдарының бейнелеу түсіндегі немесе дыбыстың сапасының мардымсыз өзгеруін сезбейтіндігіне негізделген. Мұны әсіресе 16 биттік дыбыс, 8-биттік не 24-биттік бейнелеуді тасымалдайтын обьектіге оңай қолдануға болады.
Бұл саладағы Windows95/NT – платформасы үшін S-Tools бағдарламасы (freeware статусы бар) кең тараған. Бағдарлама кез-келген файлды, gif және bmp форматындағы бейнелеуді де, wav форматындағы дыбыс файлдарын да жасыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге S-Tools –бұл «бір флакондағы» стеганография мен криптография, себебі жасыруға қажет файл шифрленеді, ол үшін DES, үш қабатты DES немесе IDEA симметриялық кілттері бар криптографиялық алгоритмдер қолданылады. Бағдарлама жұмысы келесідей орындалады. Файл –тасығыш бағдарлама тереесіне әкелінеді, артынан осы файлға кез-келген форматтағы файл берілгендерімен әкелініп салынады, пароль енгізіледі, шифрлеу алгоритмі таңдалады, енді сідің алдыңызда нәтиже, ол әрине қуантарлық! Графикалық файл сырттай өзгеріссіз қалады, тек кей жерлерінде түстің реңкі өзгереді. Жоғары қауіпсіздік үшін жалпыға белгісіз бейнелеуді қолдану қажет, олардағы өзгеріс алғаш қарағанда көзге түспейді, сонымен қатар жартылай тонды және көп түсті суреттерді қолдану қолайлы. Ол үшін мысалы, күзгі пейзаж, гүл шоғы, сіздің итіңіздің фотосы т.б.
Келесі кең тараған стеганографиялық бағдарлама – Steganos for Windows95 (shareware) бағдарламасы. Ол іс жүзінде S-Tools сияқты мүмкіндіктері бар, бірақ басқа криптогараммалық алгоритм (HWY1) қолданады, және сонымен қатар берілгендерді тек bmp және wav форматты файлдарда ғана тығып қоймай, кәдімгі мәтіндердің және HTML файлдарында да тыға алады, ерекше оригиналды әдіспен – әр жолдың аяғында белгілі бір мөлшерде бос орын қалдырылып отырады..
Егер коммерциялық стеганографияны алсақ, оның кең тараған бағыты ретінде сандық су белгілерін алуға болады, құрылған су белгілері графикалық және бейне файлдарға авторлық құқықты қорғау үшін қажет.
Файлға енгізілген су белгілері тек арнайы бағдарлама арқылы ашылады, Интернет үшін бұл технологияның маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет