Ақпараттық хат



Дата25.04.2016
өлшемі28.34 Kb.
#89178
Ақпараттық хат

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика-математика факультеті ЖОО, колледж студенттері, мектеп оқушылары арасында ақпараттық технологиялар бойынша жобалар байқауын өткізеді.logo1
Байқау 28.03 - 21.04.2016 ж. аралығында екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең (сырттай) қатысушылар тапсырысы және олардың ұсынған жұмыстары негізінде жүргізілетін таңдау кезеңі болып табылады. Екінші кезеңге қатынасуға таңдау кезеңінен өткен жұмыстар авторлары шақырылады.

Екінші кезеңге бірінші кезең бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен қатысушылар шақырылады. Жобаны жеке автор болып немесе 5 адамнан аспайтын авторлық ұжыммен орындауға болады. Әрбір автор немесе авторлар ұжымы әр номинация бойынша 1-3 жоба ұсына алады. Тақырыпқа байланысты материалдарды бес файлдан аспайтын жиыннан құрылуы мүмкін.

Жеңімпаздар екінші кезеңнің соңында диплом мен сыйлықтармен марапатталады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Байқау келесі бағыттар бойынша жүреді:



  1. Ендірілетін жүйе

  • конструкторлеу;

  • робототехника;

  • мехатроника.

  1. Қолданбалы компьютерлік қосымшалар

Жобаға қатысушыға өтініш келесідей құжаттар түрінде рәсімделіп, электрондық түрде тапсырылуы керек:

  • өтініш (қосымша 1);

  • жоба сипаттамасы (өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, сұлба немесе фото материалдары бар қысқаша мазмұны) ;

Жобаның ғылыми, практикалық және инновациялық мәнін оң бағамен сипаттайтын құжаттамалар мен жұмыс нәтижесін еңгізу актісін тіркеуге болады. Жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Байқау бағдарламасы

Байқауға қатынасу үшін 28 наурызға дейін informatika_wksu@list.ru почтасына қатынасу сұранысын (1-ші қосымшада) жібереді:



  • Ақпараттық технологиялар бойынша жобалар байқаудың 1-ші кезеңі 28.03.2016 ж – 09.04.2016 ж. аралығында өтеді.

  • Ақпараттық технологиялар бойынша жобалар байқаудың 2-ші кезеңі 14.04.2016 ж – 15.04.2016 ж. аралығында өтеді.

  • 22.04.2016 ж. жеңімпаздарды марапаттау.

Толық ақпарат М.Өтемісов атындағы БҚМУ сайтына (www.wksu.kz) салынады.

Байқаудың өтуі бойынша сұрақтарды ұйымдастыру комитетінің келесідей мекен жайы бойынша біле аласыз;

090000, Орал қаласы, Студенттік 1, 8 корп, 315 каб

Контакт телефондары: 50 94 44 – информатика кафедрасы, +77013754232

e-mail: informatika_wksu@list.ru
Қосымша 1

Ақпараттық технологиялар бойынша жобалар байқауына қатынасу



Өтініш
1. Жоба атауы _______________________________________________________________________

2. Авторлар (Аты, Тегі, Әкесінің аты толығымен):

___________________________________________________________________________________

3. Қала _____________________________________________________________________________

4. Автор оқитын оқу орнының атауы____________________________________________________

____________________________________________________________________________________

5. Магистратура/бакалавриат/колледж/мектеп/школдан тыс мекемелер (астын сызу керек)

6. Курсы/сыныбы_________

7 Байқау бағыты (астын сызу керек)

1. Ендірілетін жүйе

- конструкторлеу;

- робототехника;

- мехатроника.

2. Қолданбалы компьютерлік қосымшалар

8. Ғылыми жетекші, консультант (Аты жөні толығымен, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны - толығымен) ___________________________________________________________________

9. Қатысушы e-mail: __________________________________________________________________

Ғылыми жетекші e-mail: ____________________________________________________________

Қосымша 2


Рәсімдеу ережелері:
Жоба мәтін Microsoft Word редакторында А4 форматта болуы тиіс, Times New Roman шрифтісінде, жолдар арасы 1,0 интервал, 14 п.т. шрифтімен, жоғары және төмен жағынан – 20 мм, сол жағынан – 30 мм және оң жағынан – 10 мм бос жер қалдырылады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет