АҚпараттық хат



Дата04.03.2016
өлшемі61.5 Kb.
#39115
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті жалпы білім беруші мектеп және колледж жетекшілері!

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2014 жылдың 29 сәуірінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының грантына жалпы білім беруші мектептер мен колледждер түлектері арасында математика және физикадан олимпиада өткізеді (әрі қарай – Қ.Жұбанов ат. АӨМУ).

Олимпиада дарынды оқушыларды қолдау мақсатында өткізіледі. Олимпиаданы өткізу тілдері - қазақ және орыс.

Өтінішті беру тәртібі және уақыты

Олимпиадаға қатысу туралы өтініш әрбір пән бойынша жеке (ұсынылған формаға сәйкес) оқу орны басшысының қолы қойылумен Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ 2014 жылдың 25 сәуіріне дейін 030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, физика-математика факультеті, 316 каб (декан) мекен-жайына, 8(7132) 56-82-80 факс номеріне немесе arsufmatf@mail.ru электрондық почтаға жіберілуі тиіс.


Ұйымдастыру кезеңдері

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2014 жылдың 29 сәуірінде сағат 8.30-9.00 аралығында жүргізіледі.

Қатысушылардың өздерімен қоса жеке куәліктері немесе оқу орнынан сол оқу орнының басшысы куәләндырған суреті бар анықтамалары болуы керек.

Олимпиаданың ашылуы 2014 жылдың 29 сәуірінде сағат 9.00-де, нәтижелерін қорытындылау және олимпиаданың жабылуы 2014 жылдың 29 сәуірінде сағат 17.00-де болады.

Іссапарлық шығындарды (жолақысы, тұрақтау орны, тамақтану) жіберген оқу орны төлейді.

Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе қ., Ә.Молдағұлова д., 34; факсі: 8(7132) 56-82-80

тел: 8(7132) 24-75-94 (физика-математика факультетінің деканы Мұхамбетова Әмина Ақзатқызы); электрондық адресі: arsufmatf@mail.ru
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ректорының грантына жалпы білім беруші мектептер мен колледждердің түлектері арасында өткізілетін пәндік олимпиада туралы

Ереже

I Жалпы ережелер

1.1 . Осы Ереже жалпы білім беруші мектептер мен колледж түлектерінің пәндік олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін белгілейді (әрі қарай – Олимпиада).

1.2. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:


  • дарынды оқитын жастарды анықтау;

  • дарынды жастарды әлеуметтік қолдау арқылы олардың жоғары білімге кеңірек қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  • тиімді кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу.

1.3. Олимпиадаға жалпы білім беру мектептері мен колледждердің түлектері өз еркімен қатысады. Олимпиадаға қатысуға ақы алынбайды.

1.4. Олимпиада Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры бекіткен Тізімге сәйкес ағымдағы оқу жылына жалпы білім беру пәндері бойынша өткізіледі (1 қосымша).

1.5. Олимпиада туралы ақпараттық хат Интернет желісіндегі Web:www.arsu.kz сайтында орналастырылған.

II Түлектердің пәндік олимпиадасын өткізу тәртібі

2.1 Олимпиаданы ұйымдастырушы және оның өткізілу орны – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

2.2 Олимпиада Ұйымдастыру комитеті бекіткен мерзімде өткізіледі.

2.3 Қатысу туралы өтініш 2-қосымшаға сәйкес толтырылады, мектеп немесе колледж директорының қолы қойылып, оқу орнының мөрімен куәландырылады.

2.4 Олимпиада 1 қосымшаға сәйкес 1 турдан тұрады.

2.5. Олимпиада казақ және орыс бөлімдерінің түлектері үшін жеке өткізіледі.

2.6. Олимпиада қорытындысы қатысушылардың жеке нәтижелері бойынша шығарылады.

III Түлектердің пәндік олимпиадасын қорытындылау тәртібі

3.1 Түлектердің пәндік олимпиадасының жеңімпаздары жинаған ұпай нәтижелері бойынша анықталады.

3.2 Олимпиаданың қазылар алқасы жүлдегерлерді келесі тәртіппен марапаттауды ұсынады:

- 1 орынға - І дәрежелі диплом (бір қатысушыдан артық емес);

- 2-орынға –ІІ дәрежелі диплом (екі қатысушыдан артық емес);

- 3-орынға - ІІІ дәрежелі диплом (үш қатысушыдан артық емес).

3.3 Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ Ұйымдастыру комитетінің олимпиада жеңімпаздарын анықтау бойынша шешімі барлық мүшелердің қолдары қойылған хаттамамен рәсімделеді.

IV Түлектердің пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау тәртібі

4.1 Түлектердің пәндік олимпиадасының 1,2,3 орын алған жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректорының дипломдарымен марапатталады.

4.2 «ҚР Білім туралы Заңына» және «Жоғары оқу орындарының кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік Ережелеріне» сай ҰБТ және КТ-дан сәтті өткен Олимпиаданың I, II, III дәрежелі диплом иегерлеріне мамандығына сәйкес Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ -не оқуға қабылдау үшін (1 қосымшаға сәйкес) тапсырылады:

- І дәрежелі диплом иегеріне Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректорының атаулы білім грантын тағайындау сертификаты (оқу төлемінен босатылады);

- ІІ дәрежелі диплом иегеріне Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректорының атаулы білім грантын тағайындау сертификаты (жылдық оқу төлемі сомасының 50 % мөлшерінде оқу ақысынан босатылады);

- ІІІ дәрежелі диплом иегеріне Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ ректорының атаулы білім грантын тағайындау сертификаты (жылдық оқу төлемі сомасының 33 % мөлшерінде оқу ақысынан босатылады).

1 қосымша



Пән

Мамандық атауы

Оқу тілі

I тур



Математика

5В010900-Математика

Қазақ, орыс

Теориялық (есептер шығару)



5В060100-Математика

Қазақ, орыс

Теориялық (есептер шығару)



Физика

5В011000-Физика

Қазақ, орыс

Теориялық (есептер шығару)



5В060400-Физика

Қазақ, орыс

Теориялық (есептер шығару)

2 қосымша

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры А.Ә.Нұрмағамбетовке
__________ пәні бойынша түлектердің олимпиадасына қатысуға

(пән, мамандық атауын көрсету керек)



ӨТІНІШ

Оқу орнының атауы:


Олимпиадаға қатысушының аты-жөні (толық), класы немесе тобы, оқу тілі:
Жетекші туралы мәлімет (толық аты-жөні, лауазымы, байланыс телефоны):
Оқу орны басшысының қолы, мөр

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет