Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет42/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Иерархиялық ДҚ-ында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық ДҚ – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation –қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Деректер қорында жазба үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады, мысалы, сандық не символдық. Бұл реляциялық деректер қорының Excel-ден айырмашылығы (Excel-де бір өріс элементтері түрлі типті бола береді және ол тек бір пайдаланушыға ғана арналған, ал реляциялық ДҚ-мен көптеген адамдар жұмыс істей береді). Мұнда ДҚ-да кестелерді байланыстырып, олардың кейбір өрістері арқылы түрлі жаңа кестелер құруға да болады. Мұндай кестелерді сұраныстар деп атайды.

Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBASE, FoxBase, FoxPro, Access, т.б. Оларды Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды.

Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBASE-тің түрлі нұсқалары, FoxPro, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі ДҚБЖ болатын және олар MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгілі. Осы себепті, соңғы жылдары пайдаланушыдан программалауды қажет ете бермейтін MS Office (Windows) құрамына кірістірілген реляциялық ДҚБЖ-лері, оның ішінде Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДҚБЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Access 2.0, Access 7.0, Access 97, Access 2000 (Access – кіру, еркін ену). Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.

Access, Excel, Word сияқты күрделі программалар арқылы дайындалған кестелердің ерекшеліктерінің бірі – олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алады.

Access 97 және Access 2000-мен жұмыс тәсілдері шамалас, тек Access 2000-ге қосымша мүмкіндіктер, мысалы, мәзір жолын дайындау; форма мен есептерге стандартты аспаптар панелі мен мәзір жолын кірістіру; дайындалған объектілер жиынын байланыстырып, бір тұрақтыға біріктіру; Access-ті Интернетте пайдалану және т.б. тәсілдер енгізілген. Кітапта Access 97-ні пайдаланудың негіздері сипатталған, онымен жұмыс бөлек болған кезде ғана Access 2000-мен жұмыс істеу жолдары да қосылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет