АҚпараттық технологиялар факультетінің «электронды кітапхана» АҚпараттық ЖҮйесін жобалау



Дата30.05.2016
өлшемі341 Kb.
#102848
УДК 004.774.6.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ «ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ
Құралбайұлы Ғ., Затыбеков У., Жолманбетов А.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті., Астана қаласы
Ғылыми жетекші – Жумадиллаева А.К.
«Заманың түлкі боп қашса, оны тазы болып қу» демекші қазіргі таңда кез келген ұйымда желілік ақпараттық технологияларды қолдану өзекті мәселелердің бірі болып табылады.. Ақпараттық жүйелер жаңа заман талабына сай. Желілік ақпараттық жүйелерді қолдану ақпарат алмасуды жеңілдетеді. «Электронды кітапхана» ақпараттық жүйені қолданудың негізгі мақсаты кез келген жерде отырып факультеттің кітаптар қорын интернет желісі арқылы қажетті мәліметтерді алу мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талап – талғамының өсуі электронды ақпараттық жүйелерді кең көлемде қолданылуы, ағарту саласындағы жаңа техникалық әдістерді енгізді.

Қоғамның қазіргі кездегі дамудың басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Ақпарат құндылығы мен ақпараттық қызмет көрсетудің салмағы қазіргі қоғам өмірінде жедел түрде өсуде. Бұл ақпараттандыру процессі кезінде материалдық құндылығы болмаса да басты роль деуге негіз береді.

Қазіргі ақпараттық жүйелерің негізгі ойлары деректер қоры тұжырымдамасында жинақталған. Аталған тұжырымдама бойынша ақпараттық технологияның негізгі-деректер қорында ұйымдастырылатын мәліметтер болып табылады, олар белгілі бір пән аймағында шындықты дәл бейнелейді және қолданушыны пән аймағына сәйкес актуалды мәліметтермен қамтамасыз етеді. Электронды ақпараттар қоймасын деректер қоры болып табылады, оған қосылу бір немесе бірнеше компьютерлердің көмегімен іске асырылады. Әдетте деректер қоры деректерді сақтау және оларға қосылу үшін жасалады, онда кейбір пән аймағы жайлы, яғни кейбір адамзат қызметі немесе шындық өмір шеңбері жайынды мәліметтер беріледі. Мәліметтер базасын қолдана отырып интернет желісі арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігі қазіргі кезде ауырлыққа түспейді. Соңғы бес жыл аралығында интернет фантастикалық дамуымен және адамдар қатынасының жаңа тәсілдерімен есте қалды. Осы құбылыстың алдыңғы қатарында World Wide Web болды (WWW). Күн сайын осы жаңа коммуникация ортасында жаңа сайт ашылып жатыр. Қарқынды дамуымен қатар жаңа технологияларға үлкен сұраныс пайда болды



Соңғы жылдары компьютерлік техниканың жедел дамуына байланысты сайт құруға арналған бірнеше программалар шықты. Атап айтар болсақ:

  • HTML тілі (Hyper Text Markup Language)

  • PHP1-PHP5

  • Python

  • Java

HTML-тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Жұмысы - құжат тақырыптарын белгілеу, гипермәтінге белгілер орнату. Ал PHP тілі сол HTML-тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады. Алғашында PHP тілі онша таныс болмаған мен қазір оның құдыреті кез келген сайт құру тілдерінен асып түседі.

Кез келген болмасын мекемені немесе кәсіпорынды алмасақ та, барлығында электонды ақпараттық жүйелер бар. Электонды ақпараттық жүйелер – қажетті мәліметтермен қамтылған белгілі функцияларды автоматты түрде орындау үшін қолданушы-маманның немесе басқа мамандардың жұмыс ортасы. Электонды ақпараттық жүйелер қажетті материалдарды желілік ортада көрсетуге ыңғайлы. Электонды ақпараттық жүйелердің негізгі тағайындалуы: жұмыс орындарда децентрализацияланған ақпаратты өңдеу, «өзінің» мәліметтер базасын қолдану.

Әртүрлі мекемелер немесе кәсіпорындар табысқа жету үшін, автоматтандырылған жинау процесті, манипуляциялауды және мәліметтерді өңдеуді іске асыруды қамтамасыз ететін, дамыған ақпараттық жүйені қолдану керек.

Қажетті ақпаратты табу үшін, мамандар көбінесе үлкен мәліметтер базасымен жұмыс істейді. Осындай жұмыстарды жеңілдету үшін мәліметтер базасының басқару жүйелері құрылған. Мәліметтер базасының басқару жүйелері арқылы үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, тез арада керекті мәліметтерді табуға, сұраныс жасауға, таңдауға және сұрыптауға болады.

Электонды ақпараттық жүйелер– ақпаратты өндіруге және басқару шешімдерін қабылдауға арналған техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдар мен мамандардың экономикалық-математикалық әдістер мен нұсқалардың, ақпараттардың жиынтығы болып табылады.

Қазіргі таңда ақпараттық жүйелердің дамуы, олардың қоғам өміріндегі ролінің артуы, түрлі деңгейдегі салаларының жұмысын сайт арқылы жариялауын талап етуде. Электонды ақпараттық жүйе сайт түрінде жүзеге асырылады. Сайт - бiр адреске бiрiккен компъютер желiлерiндегi жеке тұлғаның немесе ұйымның (файлдар ) электронды құжаттар жиынтығы. Алайда әрбір осындай сайтты қайсыбір сала үшін жасау және енгізу, осы салада көп жылдық тәжірибесі бар мамандардың қатысуымен, күрделі талдау жасау негізінде ғана жүзеге асырылады. Осыған байланысты біз кредиттік оқыту технологиясы негізінде білім алушылар мен оқытушылар арасында өзара еркін ақпарат алмасу үшін, Ақпараттық технологиялар факультетінің электронды кітапханасы сайтын жасауды ұйғардық. Басты мақсатымыз:

  1. Білім алушыларды ақпаратпен, кітапхана қорымен, кітапхананың ақпараттық және басқа да ресурстарымен еркін пайдалану құқықтарымен қамтамасыз ету

  2. Жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның рухани дамуына және үйлесімді білім алуына көмектесу.

  3. Әрбір ақпарат тасымалдауыштағы құжаттар қорын пайдалана отырып, білім алушылар мен оқытушылардың мүддесі мен сұраныстарын лайықты түрде қалыптастыру және ұйымдастыру.

  4. Жастардың оқуға деген ұмтылыстарын ынталандыру.


Мұнда ең алдымен факультет оқытушылары мен студенттері өзін тіркейді. Кез-келген уакытта өзіне қажетті силлабус, оқу-әдістемелік құралдар және оқулықтармен таныса алады. Тіркелмеген жағдайда іздеу нәтижесін көре алады, бірақ таныса алмайды.

Сайт әзірлеу барысында Denwer 3 программасын орнатып алдық. Дмитрий Котеров жобасы (Джентльменский набор Web-разработчика – сөзінен қысқартылып алынған, «Д.н.w.р», «Денвер» деп қылады) , (Apache, PHP, MySQL, Perl и т.д.) дистрибутивтар жиынтығы және сайттарды құрастыру үшiн (жергiлiктi ) «үй» Windows-машинасы интернетке шығудың қажеттiлiгiнсiз Web-әзірлеушілер қолданылатын программалық қабықшасы. Денвердiң басты ерекшелiгi - Flash-жинағышында бiрнеше тәуелсiз жобалардың үстiнде және орналастырудың мүмкiндiгi алшақ жұмыстың жанында ыңғайлылығы. Басқа да аналогтық программалардан айырмашылығы басқару оңай, жаңартуда оңай (php немесе mysql кез-келген версиясын орнатуыңыз мүмкін және т.б.) және ерекше атап өтетініміз орнатылған дистрибутивтердің өте аз өлшемі. Сайттын басты бетіне назар аударсақ, мәзірлері мен сілтемелері келтірілген (1 сурет).

Сурет 1- «Электронды кітапхана»

электронды ақпараттық жүйесінің басты беті


Біз осы сайтымызды әзірлеу арқылы ақпаратқа еркін енуде азаматтар құқығын құрметтеуге және ақпараттық ресурстарды өркендетуге өз үлесімізді қостық.
Литература

  1. Котеров, А. Костарев PHP 5. В подлиннике. — сПб: БХВ-Петербург, 2005, 1120 с.

  2. Стив Суэринг, Тим Конверс, Джойс Парк. PHP и MySQL. Библия программиста.- Диалектика, 2010, 912 с.

  3. Уильям Стейнмец, Брайан Вард. 75 готовых решений для вашего web-сайта на PHP. Самоучитель.- Наука и Техника, 2009, 244с.

  4. Н. Н. Куссуль, А. Ю. Шелестов. Использование PHP. Самоучитель. - Вильямс, 2005, 272с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет