strlen(str) функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы .
strcat(stroka1, stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін біріктіріп, нәтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді, stroka2 тіркесінің мәні өзгермейді
strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1 stroka2 болса, нәтиже 0-ден артық болады.
strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі.
Есеп 1. Символдардың ASCII-кодтарымен бірге шығаратын программа.
/* латын әліпбиі*/ #include #include void main()
{
char z; clrscr();
for(z='A';z<='Z';z++)
{
if (z=='K' || z=='U') printf("\n");
printf(" %c-%d ",z,z);
}
getch();
}
Есеп 2. Енгізілген сөз тіркесінде «т» символының неше рет кездесетінін табатын программа.
#include #include #include void main()
{
char str[80]; int s=0; clrscr();
puts("Сөз тіркесін (сөйлем) енгізіңіз:");
gets(str);
for(int i=0; iif (str[i] == 'т') s+=1;
printf("'т' символы %i рет кездеседі\n",s); getch();
}
Есеп 3. Бірнеше сөз тіркестерінің ұзындығын анықтайтын программа.
// strlen(str) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
static char t[] = ”Студенттер жайлы хабарлама.”;
clrscr();
printf(“%d\n”,strlen(t)); printf(“%d\n”,strlen(”Студенттер жайлы хабарлама.”)); printf(”%d\n”,strlen(”әл-Фараби ат.КазҰУ”)); printf(“%d\n”,strlen(“”));
getch();
}
Есеп 4. Қатарларды біріктіру функциясының программасы.
// strcat(str1, str2) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
char str1[50]="С тілін оқимыз, ";
char str2[]="жақында емтихан тапсырамыз.";
clrscr(); printf("%s\n",strcat(str1,str2)); puts(str1); // қатарды экранға шығару
puts(strcat("Егер жақсы оқысақ, ",str2));
getch();
}
Есеп 5. Сөз тіркестеріне көшу программасы.
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану
#include #include #include main()
{
char str1[21];
strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?"); puts(str1); strcpy(str1,"Тамаша!"); puts(str1);
getch();
}
Достарыңызбен бөлісу: |