Аппликация



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата26.01.2024
өлшемі401.17 Kb.
#489938
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
3 АППЛИКАЦИЯ

Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, 
сүрткіш, желім жаққыш. 
Сөздік жұмыс: қонақжай халық. 
Билингвальдікомпонент: жыл басы – начало года. 


17 
ҰОҚ-нің барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз. 
Қонақтарды көргенде, 
«Сәлеметсіз бе!» –деп амандасамыз.
–Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. 
Педагог балаларға Наурыз туралы әңгімелеп береді. 22 Наурыз – қазақ 
халқының жыл басы мерекесі. Бұл күні әжелеріміз наурызкөже жасап, үй 
аралап қонаққа барады. Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан 
жаяды. Қазақ халқы – қонақжай халық. Балалар, Наурыз мерекесіне 
арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік. 
2. Негізгі кезең. 
Педагог балаларға сұрақ қояды: Кілемді немен әшекейлесек болады? 
Үлестірмелі материалға назар аударады. 
–Балалар, гүліміз қандай пішінге ұқсайды? Сабағының түсі қандай?
Балаларға жұмыс барысын түсіндіреді.
Фонға қызыл түсті кілем беріледі.
–Алдымен кілемнің бір бұрышына гүлді жапсырамыз. Ал сабағын, одан сәл 
төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің 4 бұрышына 4 
гүлді жапсырамыз.
Сергіту сәті: 
Біз кішкентай баламыз
Өсіп-жетіп толамыз. 
Көкке қарап талпынып
Күнге қолды созамыз. 
Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай қалықтап. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Бір тынығып аламыз. 
Балалар жұмысқа кіріседі.
Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 
Ата-аналарға көрме ұйымдастырады. 
№7 ұйымдастырылған оқу қызметі 
Білім беру саласы:шығармашылық. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет