Аппликация



Pdf көрінісі
бет15/16
Дата26.01.2024
өлшемі401.17 Kb.
#489938
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
3 АППЛИКАЦИЯ

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтауды, 
ұқыпты жапсыра білуді.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, 
сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ. 
Сөздік жұмыс: дос, мереке. 
Билингвальді компонент: достар – друзья, шарлар – шары. 
 
ҰОҚ-нің барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Шаттық шеңбері:
Балабақшам, армысың! 
Сені жақсы көремін! 
Достарым менің, бармысың, 
Құшақтасып алайық! 
Педагог:
–Балалар, бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының 
туған күніне арнап шарлар үрлепті. Бірақ жолда келе жатып шарларын 
жарып алыпты, енді біз оларға көмектесуіміз керек.
 
2. Негізгі кезең. 
 
Үлестірмелі материалға назар аудартады. 
–Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше? Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша 
және 1 дөңгелек сары шар, кірпінің қолында 1 жасыл және 1 қызыл дөңгелек 
шар, ал қоянның қолында 1 жасыл сопақша және 1 сары дөңгелек шар бар. 
Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық.
Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болып қалды, енді олар достарына 
сыйлықтарын сыйлай алады. 


22 
Сергіту сәті: 
Ал, балалар, тұрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып алайық. 
Оңға, оңға, түзу тұр, 
Солға, солға, түзу тұр. 
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым, 
Жоғары-төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. 
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Ата-аналарға арнап көрме ұйымдастырады. 
 
 
 



23 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет