13
–Оның көлемі үлкен және пішіні тіктөртбұрыш
тәріздес, сонымен қатар
терезелері, дөңгелектері, негізгі бөлігі (корпусы) болады. Енді мәшине
бөліктерін геометриялық пішіндерден жапсырамыз.
–Ең алдымен негізгі бөлігін жапсырамыз. Содан кейін доғал бұрышын,
терезелерін, дөңгелектерін жапсырамыз. Сонымен қатар, оның шамдары мен
вамперлері де болады.
Сергіту сәті:
Біз
кішкентай баламыз,
Өсіп-жетіп толамыз.
Көкке
қарап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат
қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Педагог балалармен нұсқау бойынша жеке жұмыс жасайды.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Балаларға сұрақ қояды:
– Балалар, жасаған жұмыстарың қызық болды ма? Бүгінгі жасаған
мәшинелерімізді Айдар мен Айсұлуға сыйлайық.
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:шығармашылық.
Бөлімі:аппликация.
Тақырыбы:Шырша шамдарын жағамыз.
Мақсаты:ересектер даярлаған ірі және ұсақ бөліктерді орналастыруға және
желімдеуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: