«Арқа ажары» газеті. – 2009. №95. – 18 шілде омаров қ



Дата29.06.2016
өлшемі51.91 Kb.
#165889
«Арқа ажары» газеті. – 2009. - №95. – 18 шілде
ОМАРОВ Қ. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген орман қызметкері, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің доценті.
ОРМАН - ӨМІР НӘРІ
Қазақстанның жері кең болеанымен, орман алқабы аз. Елбасымыз біздің елдің келешегі шел дала емес, орманды бау-бақша болукерек, оны ұлеайтуұрпааымыздың алдында қоршаәан ортаны, сонымен бірге, планетаның өзін жаңартуәа тигізген біздің көмегіміз дел атап көрсеткен болатын. Бұл-Президентіміздің болашақ ұрпақтың қамын ойлап, қоәамның алдына қойгам зор міндеті. Бүгінде осы ауқымды ізгі жұмысты «Жасыл ел» баздарламасы бойынша орман жанашырлары іске асыруәа кірісіп, жыл сайын 30-35 мың гектар көлемінде жас аааштар мен көшеттерді аялап өсіріп, Сарыарқаны жасыл желекке белөуге лайықты үлес қосуда.

Қазіргі кезде топырақтың тозуы, ауа-ның, судың ластануы экологияға кері әсерін тигізуде. Ал, енді бейнелеп айтсақ, айналамыздағы ортаны осы «сырқаттан» жазатын ем-елді мекен-дерді көгалдандыру, барды сақтап, баптап өсіру бірден-бір ең маңызды шара екендігі ғылыми тұрғыдан да, тәжірибемен де дәлелденген. Орман-таза ауаның фабрикасы. Мыңдаған автокөліктердің, жылу жүйелерінің шығаратын газдары мөн түтіндерінең кө-мір қышқылынан тазартатын ең пайдалы өсімдік ағаш. Егер деректерге жүгінетін болсақ, бір гектар орман жылына 18 миллион текше метр ауаны тазартады екен. Сонымен қоса, ауру тарататын бактерияларды жоятын қасиеті тағы бар.

Әрине, осындай талап қойылып отыр-ғанда табиғатымыздың гидрологиялық түрлі жағдайларын, мүмкіндігін тиімді пайдалана білетін арнайы білімді, білікті орман мамандары қажет екендігІ сөзсіз. Бұл бүгінгі өмір талабы. Кешегі кеңес дәуірінде жоғары білімді мамандар Қазақстанға көрші республикалардан жіберілді де, Одақ таралғаннан кейін, бұл жүйе бұзылып, біздің орман шаруашылығымыз кадр тапшылығына ұшырады. Балта мен өрт орманымызды ойсырата отады.

Республиканың арнайы және жоғары оқу орындары осы олқылықты толтыру жұмыстарын дер кезінде жүргізе алмады. «Ештен кеш жақсы» дегендей, алғашқылардың бірі болып С.Сейфуллин атындағы агротехникалық универ­ситет «Орман шаруашылығы ісі» мамандарын мемлекеттік және ұлтаралық тілде дайындауға 2005 жылы кірісіп, осы мамандық бойынша оқып шыққан түлектер Астанадағы көгалдандыру құрылыс мекемесінде, «Жасыл аймақ» мемлекеттік кәсіпорнында, орман шаруашылығы кәсіпорындарында жемісті қызмет атқаруда.

Бүгінде агротехникалық университетте 114 болашақ орман мамандары білім алуда. Соның 86-сы мемлекеттік грант иегерлері. Бұд ең жоғары көрсеткіш. Университет басшылығының орман мамандарын көбірек дайындауға мүмкіндік жасағандығы осыдан анық байқалады. Елу жылдан артық тарихы бар агротехникалық университет 46 мыңнан астам ауыл шаруашылығы мамандарын оқытып шығарған болса, ал орман өсіру мамандарын дайындауға кіріскелі 3-4 жыл ғана болды. Сондықтан, осы өте қажет және тапшы мамандыққа даярлау үшін, мемлекеттік оқу грантын көбейту бұл мәселенің еліміз үшін маңыздылығын түсінгендік болар. Бұл - орман шаруашылығын өркендетудің және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асырудың басты кепілі. Қазіргі оқып жүрген студенттер жыл сайын жазғы демалыс кезінде Астананы жасыл желекке бөлеуге өз үлестерін қосып, ағаштар отырғызып, оларды күту жұмыстарын атқарып жүр.

2006 жылдан бастап қазақ жерінің Швецариясы атанған, көрікті ну орманды, күміс көлді Щучинск-Бурабай курорттық аймағында біздің университетіміздің орман мамандарын даярлайтын бөлімі ашылып, ғылыми дәрежесі бар тәжіри-белі оқытушылар сабақ береді. Оқу орны орманның ортасында. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық»-деп тегін айтылмаған. Мұнда студенттердің еліне берері мол маман, адал азамат болып қалыптасуларына толық мүмкін-дік жасалған. Бұл күндері олардың көңілдері көтеріңкі. Қосымша грантқа қолдары жеткен 114 студенттің қуаныштарында шек жоқ десе болады.

С.Сейфуллин атындағы біздің агротехникалық университет 50 жылдан астам тарихы бар жоғары оқу орыны. Тоғыз факультетте 33 мамандық иелері даярланады. Қазіргі заманға сай оқу ғимараттары, жақсы жабдықталған жатақханасы, спорт кешені бар. 18 спорт секциясы жұмыс істейді. Ғимараттардың айналасында 25 түрлі жасыл көшеттер отырғызылған екі гектар алаң бар. Жаз сая, қыс пана болып жайқалып тұр. Бұл жер студенттердің сабақ арасында сырласып, дем алатын сүйікті орнына айналған деуге болады.

Ерекше бір атап өтерлік жай, жастар біздің университетімізге оқуға түсуге үлкен ынта білдіріп, «Орман шаруашылығы ісі» мамандығына қызығушылық жыл сайын арта түсуде.

Ғалымдардың айтуынша, адамның дені сау, бақытты, ұзақ өмір сүруі үшін әр адам 50 шаршы метр жерге саябақ өсіру керек. Дүниеге жас перзент келгенде, үй салғанда міндетті түрде ағаш отырғызуды салтқа айналдыру шарт. «Атадан мал қалмаса да, тал қалсын» деген нақыл сөз тегін айтылмаған.

Жыл сайын, жарқырап ару көктем келгенде, табиғатымыз жаңарып, көшелерді көркейтіп, ағаш-бұталарды егетін игі дәстүр жалғасып келеді. Егер әрбір адам екі түп ағаш отырғызса, орманымыз жыл сайын 32 мың гектарға көбейер еді.

Орман адамдарға шабыт беретін табиғаттың тамаша көркі. Орманның әсерімен дүниеге келген «Жайқалсын орман» деген өлеңімде:

Орманым жасыл алқа, елдің сәні,

Табиғаттың ажары, ақын әні.

Күміс көд асқар таулар сұлу шығар,

Орманның орны бөлек, өмір нәрі, -

деп толғанған едім.



Әрдәйім ауламызды, айналамызды жасыл желекке айналдыруға баршамыз үлес қосайық, ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет