Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Металдарды газ жалынымен өңдеу құрал-жабдықтары



бет3/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#139784
1   2   3   4   5   6   7   8

2-параграф. Металдарды газ жалынымен өңдеу құрал-жабдықтары
134. Металдарды газ жалынымен өңдеу үшін газ тарату постылары стационар болуы жобаланады. Сұйылтылған газбен немесе ацетиленмен жұмыс істеу кезінде олар тасымалданатын болады.

135. Ацетилен өткізгіштер және ацетилен қондырғылары ғимараты және оларды эксплуатациялау осы Талапқа сәйкес іске асырылады.

136. Табиғи, кокс және сұйылтылған газдар қолданумен металдарды газ жалынымен өңдеу үшін цехтар, шеберханалар және телімдері газбен қамтамасыз ету газ өткізгіштермен іске асырылады. Сұйылтылған газбен баллон қондырғыларында газбен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі. Газ тарату постының дәл жанында тек бір ғана сұйылтылған газы бар баллон орнатуға рұқсат етіледі. Екі немесе одан да көп баллондарды орнату қажет болғанда, олар топтық газ баллон қондырғысына біріктірілген, олардың жалпы максимал сыйымдылығы 1000 л аспайды, баллондарды ғимарат сыртындағы қабырғаға орналастырғанда 1500 л сәйкес болады.

137. Стационар газ тарату постылары келесі минимал арақашықтықты сақтай отырып, газ пайдалану орындарында қабырғаларда, колонналарда және басқа да конструкцияларда орналасады:

1) оқшауландырылған өткізгіштер және электр кабельдеріне дейін 1 м;

2) жалаңаш өткізгіштерге дейін 2 м.

Сұйылтылған газдардың газ тарату постыларын ашық жертөлелер, құдықтар және басқа да терең орларға 10 м жақын аралықта орнатуға жол берілмейді. Сұйылтылған газдың газ тарату постыларынан 25 м кіші аралықта орналасқан жертөлелер мен шұңқырлар тұтанудың төменгі концентрациялық шегі 20 % аспайтын сұйылтылған газ бар болған кезде іске қосылатын дабыл бергіші бар автоматты газ талдағыштармен жабдықталған. Құдықтар екі қақпағы бар люкпен жабдықталады. Газ тарату постылары механикалық зақымданулардан сенімді сақталады.

138. Стационар газ тарату постылары желдетуге арналған саңылау немесе тесіктері бар металл шкафтарда орналастырылады.

139. Ацетилен және ацетиленді алмастырғыш газдар үшін стационар газ тарату постылары сәйкес бекіту арматурасымен, жабық типтегі сұйықтық ысырмаларымен және құрғақ ысырмалармен жабдықталады. Қыс мезгілінде қатпайтын сұйықпен толтырылады.

Табиғи және сұйылтылған газдар үшін сақтандыру ысырмаларының орнына кері қақпақша орнатуға болады.

Сұйық және құрғақ типтегі сақтандыру ысырмалары, сонымен қатар кері қақпақшалар газ шаруашылығындағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес дайындалады және қабылданған газ шығыны мен қысымына сәйкес пайдаланылады.

140. І разрядты газдар-ацетилен алмастырғыштары үшін төменгі қысымның төменгі шегі қыздырғыш немесе кескіш сипаттамасында көрсетілгеннен төмен емес, бірақ 3,0 МПа төмен болмайды.

141. Газ өткізгішке берілетін табиғи және сұйылтылған газдармен газ тарату постыларын газбен жабдықтау кезінде газ өткізгіштегі газ қысымы 0,15 МПа аспайды. Газ өткізгіштегі газ қысымы 0,15 МПа асып кеткен кезде сақтандыру сұйықтық немесе құрғақ ысырма немесе кері клапанға дейін газ реттеу қондырғысы қаралады.

142. Газ тарату постын баллондағы газбен жабдықтау кезінде соңғысында кері клапан қызметін бір уақтылы орындайтын газ қысымын төмендететін редуктор орнатылады.

143. Бір сұйықтық ысырмасы, құрғақ ысырма немесе кері қақпақшаларға тек бір ғана кескіш жалғанады. Егер газ тарату посты бір оператор қызмет көрсететін машинаны жабдықтаса, машинаға орнатылған онда қыздырғыштар немесе кескіштер саны ысырма немесе клапанның жіберу қабілетімен ғана шектеледі.

144. Газ қысымының реттеуіштерін газ жалынымен өңдеуге арналған құрал-жабдықтар кешенінде, оның ішінде дайындамаларды үздіксіз құю машиналарының (бұдан әрі-ДҮҚМ) дайындамаларын газбен кесу үшін құрылғыларында, сонымен қатар газ тарату қалқандарында орнатқан жағдайда олар газ реттеу қондырғылары сияқты қарастырылады және олардың құрылғылары мен пайдалануда осы Талаптың 6, 13, 15 тарауларындағы талаптар сақталады.

145. Істеп тұрған ДҮҚМ-да газ тарату қалқандарын жер деңгейінен жоғары шығару мүмкін болған кезде технологиялық регламентпен газ реттеу қондырығыларының қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін шаралар әзірленеді және бекітіледі.

5-тарау. Газ шаруашылығының қопарылу

өртену қаупі бар нысандары
146. Ғимарат ішінде және сыртында орналастырылған газ қондырғыларының қопарылу қаупі бар зоналарын классификациялау осы зоналарда орнатылған электр құрал-жабдықтарына қатысты өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптына сәйкес жүргізіледі.

Бұл кезде артық газбен жұмыс істейтін жанғыш газдарының сыртқы және цех іші жер үстілік құбырлы өткізгіштері (фланецті қосылыстар, БӨАжА, клапандар құбырлы өткізгіштер арматурасының зонасын қоса алғанда), домна газының газ арттыру станциялары газ қысымын шыға берісте 15 кПа, домна газының газ тазартқыштары, барлық жанғыш газдар мен олардың қоспаларының конденсат айырғыштары, шкафтық ГРП және ГРҚ, сонымен қатар жалпы тағайындалған шкаф қондырғылары қопарылу қауіпті емес нысандарға жатқызылады. Барлық ыстық газдар және олардың қоспаларының конденсат айырғыштары құдықтарында орналастырылған сиретумен жұмыс істейтін газ қондырғылары мен газ өткізгіштер қопарылу қаупі бар нысандарға жатқызылады.

Оттегі мен жанғыш газ үшін газ тарату постыларының шкафтары араларындағы арақашықтық-150 мм кем емес. Шкафтар есіктері жұмыс кезінде ашық. Газ тарату постын пайдаланатын жұмыскер болмаған кезде шкаф құлыппен жабылған.

147. А санатындағы ғимараттарда орналасқан газ шаруашылығы нысандарына қойылатын талаптар осы Талаптың 5-қосымшасында көрсетілген.



6-тарау. Газ реттеу пункттері және

газ реттеу қондырғылары
148. Газ қысымын төмендету және газбен жабдықтау жүйесінде оны ұстап тұру мына орындарда жүргізіледі:

1) кәсіпорын аумағында жарақтанған газ реттеу пункттерінде (бұдан әрі-ГРП);

2) газ пайдаланатын агрегатар орналастырылған ғимараттарда жабдықталған газ реттеу қондырғыларында (ГРҚ).

149. ГРП және ГРҚ оларға кіре берістегі газ қысымының шамасына байланысты былайша бөлінеді:

1) газ қысымы 0,1 ден 0,3 МПа-ға дейінгі орташа қысымды ГРП және ГРҚ;

2) газ қысымы 0,3 тен 1,2 МПа-ға дейінгі орташа қысымды ГРП және ГРҚ.

150. ГРП және ГРҚ орнату мен орналастырылуға қойылатын талаптар осы Талаптың 6-қосымшасында көрсетілген.

7-тарау. Газ арттыру, газ компрессорлық және газ

турбиналық кеңейту станциялары

1-параграф. Жалпы талаптар
151. Осы тараудың талаптары мыналарға таратылады:

1) центрден тепкіш айдағыштар мен газ үрлеуіштермен жабдықталған сору тізбектерінде артық қысыммен жанғыш газдардың газ арттыру станцияларына (бұдан әрі-ГАС);

2) поршендік немесе центрден тепкіш компрессорлармен жабдықталған сору тізбектерінде артық қысыммен жанғыш газдардың газ компрессорлық станцияларына (бұдан әрі-ГКС);

3) домна газына арналған компрессорсыз газ жаратушы турбиналар (КГЖТ) қондырғылары мен газотурбиналық кеңейту станцияларына (ГТКС).

152. Екінші қабатына электр қозғалтқыштары бар машиналар, ал бірінші қабатына газ өткізгіштер және басқа да құрал-жабдықтар орнатумен екі қабатты ГАС және ГКС жарақтаған кезде екі қабат та ғимараттың қарама-қарсы екі жағынан тікелей сыртқа шығу жолы бар екеуден кем емес марштық сатылармен жалғанады.

153. ГАС және ГКС-ны осы станциядан газбен жабдықталатын агрегатары бар цехқа қосымша құрылыс нысанында орналастыруға болады. КГЖТ бөлек ғимаратта немесе домна газының газ тазартқышынан ғимаратпен жалғанған ғимаратта орналастырылады.

Оңтайлы табиғат жағдайларында ГАС, ГКС және КГЖТ машиналар залы жартылай және толықтай ашық (құрал-жабдықтар аспалы орналасуымен) болады.

Негізгі агрегаттардың (айдағыш, қозғалтқышы бар компрессор, генераторы бар турбина) іргетастары ғимарат конструкцияларымен (іргетаспен, қабырғалармен, қабырғалармен тағы сол сияқты) жалғанбайды.

Машинаға жалғанған газ өткізгіштер және басқа да құбырлы өткізгіштер ғимарат конструкциясына қатаң жалғанады, болмаса өтемдеуіш құрылғысы қаралады.

Ғимарат бойы мен машиналар араларындағы негізгі өту жолының ені 1,5 м кем емес.

154. Қызметкерлердің тұрақты қызмет көрсетуінсіз жұмыс істейтін ГАС, ГКС және КГЖТ автоматты өрт дабыл бергішімен жабдықталады.

ГАС, ГКС және КГЖТ апаттық тарту желдеткішімен жабдықталады.

155. ГАС және ГКС электр қозғалтқыштары мен КГЖТ электр қабылдағыштары электрмен жабдықтаудың І санатына жатқызылады.

156. ГАС, ГКС және КГЖТ негізгі құрыл-жабдықтарын басқару дистанциондық. Бұдан басқа, әрбір айдағыш электрқозғалтқышы, компрессорлар және ГТКС жергілікті қалқанында электр қозғалтқыштарды қолмен апаттық тоқтату үшін «Тоқта» апаттық түймелері орнатылады.

157. Кокс газы, сонымен қатар басқа газдармен қоспаларында жұмыс істейтін айдағыштар және компрессорлар, газ үрлеуіштерді үрлеу және желдету бумен жүргізіледі, бұл кезде аталған жанғыш газдардың үрленетін немесе желдетілетін жүйедегі ауамен тікелей жанасуына жол берілмейді.

Байытылған кокс, домна, ферроқорытпа және конвертор газдары және олардың газдарымен жұмыс істеу кезінде үрлеу үшін газ үрлегіштер, айдағыштар, компрессорлар және азот ГТКС немесе сұйылтылған ауа қолдануға рұқсат етіледі.

158. Біліктерді тығыздауда және басқа да газ үрлеуіштерден, компрессорлардан және ГТКС-тан газ ағуы мүмкін басқа да орындарда осы Талаптың 25-27-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін арнайы майшамдар арқылы атмосфераға шығарумен жергілікті сорғылар бар.

159. ГАС және ГКС келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде және әрбір ГТКС-та қажет болған жағдайда барлық станцияны сөндіруге мүмкіндік беретін электр қозғалтқышы бар ысырма орнатылады.

Әрбір газ айдағыш немесе газ компрессорының газ келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде оларды коллекторлардан сөндіру үшін дискілік және табақшалы (газ қысымы 0,04 МПа кезінде) ысырмалар орнатылады. Газ қысымы 0,04 МПа жоғары болған кезде тығындар орнату құрылғысы қарастырылады. Табақшалы ысырмалар немесе тығындар газ айдағыш немесе газ компрессоры жағынан орнатылады.

160. Газ айдағыштар, газ компрессорлары және олардың электр қозғалтқыштарын, сонымен қатар станция ғимараттарында ГТКС және олардың көмекші құрал-жабдықтарын монтаждау, қайта монтаждау және жөндеу үшін жүк көтеру механизмдері орнатылады.



2-параграф. Газ арттыру станциялары
161. Әрбір газ үрлегіш немесе айдағыштың келтіруші және шығару газ өткізгіштерінде өтетін жолдарын, майшамдар және айдағыш жағынан ысырмаларға дейін үрлеу штуцерлері, сонымен қатар манометрлер орнату үшін крандары бар штуцерлер болады. Бұдан басқа, жіберу газ өткізгішінде қажет болған жағдайда келтіру газ өткізгішіне газды лақтыруы бар сорғыға қарсы құрылғы қарастырылады.

162. Газ үрлеу және айдағыштардың төменгі бөліктерінен және газ өткізгіштердің неғұрлым төменгі орындарынан конденсатты шығару үшін конденсат айырғыштар орнатылады. Конденсат айырғыштың су ысырмасының биіктігі газдың есептеу қысымына тең плюс 5,0 кПа, бірақ 20,0 кПа кем болмайды. Ағынды суларды шығару осы Талаптың 84, 85-тармақтарының талаптарына сәйкес келеді. Конденсат айырғыштар жер деңгейінен жоғары орнатылады. Егер ГАС-тағы конденсат айырғыштар жер деңгейінен төмен орналасса, ГАС қайта құру кезінде бекет ғимаратынан тыс құдықтарға орнатылады. I және II дәрежелі құдықтар отқа төзімді, тік сатылармен екі шығысы, 1 сағатта сегіз реттен кем емес ауа айырбастауды қамтамасыз ететін, ағымды желдеткіші бар.

163. Келтіру коллекторларында газ қысымын рұқсат етілетін шектен 0,5 кПа төмен болуынан сақтандыру үшін ГАС-та келесі шаралар жүзеге асырылады:

1) ГАС келтіру және шығару коллекторларын оған дроссельдік клапанмен орнатылған айналмагаз өткізгішпен (байпаспен) жалғау, ол келтіру газ өткізгішінде газ қысымы 1,0 кПа төмен болған кезде автоматты реттеуішпен іске қосылады және газдың бөлігін айдағыш коллектордан сорғышқа жібереді;

2) сору тізбегінде газ қысымы 0,5 кПа дейін төмендеген кезде газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне немесе машинистердің жұмыс орындарына автоматты дабыл беретін жарық дыбыстық дабыл бергіш құрылғысы;

3) газ қысымы 0,5 кПа төмендегенде газ келуі төмендеген кезде станция өнімділігін төмендету мақсатында айдағыштардың ретпен автоблокирленуі іске қосылады. Бұдан басқа, барлық айдағыштарды бір уақтылы тоқтату үшін ГАС БӨА қалқанында және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінде апаттық кілт орнатылады.

164. Мойынтіректерді орталықтандырып майлау бар болған кезде жүйедегі май қысымы төлқұжатпен рұқсат етілетін шектен төмендеген кезде машиналардың электр қозғалтқыштарының тоқтатылуы қамтамасыз ететін айырғыш орнатылады.

Айыру схемасында мойынтіректердің қызуының жылу релесі, сонымен қатар осьтік сырғу релесі қаралады.

165. ГАС-та ажырау беттері бойынша тығыздағыш кертіктермен өңделген фланецтері бар айдағыштар және газ үрлеуіштер қолданылады.

3-параграф. Газ компрессорлық станциялар
166. Поршенді компрессорлық қондырғыларды жобалау, дайындау, қайта құру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №172 бұйрығымен бекітілген Жарылысқа қауіпті және зиянды газдармен жұмыс істейтін мойынтіректі компрессор қондырғыларын пайдалану қауіпсіздігі және орнату талаптары сақталады.

167. Әрбір компрессордың барлық компрессия сатыларының газ өткізгіштері оларға орнатылған ысырмалармен байпастармен ретпен жалғанады. Бұдан басқа, айдаудың соңғы сатысының газ өткізгіштері апаттық жағдайларда газды жіберу үшін келтіру коллекторымен жалғанады.

168. Газ пульсациясымен туындаған газ өткізгіштерінің дірілін азайту үшін газ өткізгіштердің төселуі бұрылыстардың минимал мөлшерімен максимал мүмкін радиустармен жүргізіледі. Жалпы коллекторға параллель жұмыс істейтін поршеньді компрессорлар үшін әрбір компрессор үшін буфер ыдысы орнатылады.

169. Атмосфераға газды апаттық шығару, сонымен қатар жөндеуден кейін компрессорларды қалыпқа келтіру кезінде ортаны шығару соңғы сатының айдау тізбегімен сөндіргіш арқылы жүргізіледі. Апаттық үрлеудің сөндіргіші қашан да атмосферамен жалғанады. Сөндіру ысырмасы сөндіргішке дейін орнатылады.

170. Компрессор станцияларының ішінде газ өткізгіштер арматурасы қысымға тәуелсіз болаттан жасалады.

171. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға жатқызылатын компрессор аппараттары мен ыдыстары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес бақылау-өлшеу аспаптары және сақтандыру құрылғыларымен жабдықталады.

172. Газ тоңазытқышынан су, талапқа сай өндірістік канализацияға немесе компрессор станциясының бөлек айналым цикліне шығарылады.

Газ тоңазытқыштарынан кейін суды жалпы канализацияға немесе шығару газ өткізгішінде тоңазытқыштан кейін (су жол бойынша) газдың атмосфераға шығарылуы қамтамасыз ететін құрылғы орнатылған жағдайда басқа да айналдыру циклдеріне жіберуге рұқсат етіледі. Бұл құрылғы тоңазытқышта су құбырларына зақым келген кезде жалпы канализацияға газдың түсіп кетуіне жол бермейді.

Пайдаланылған суды құю қадағалауға ыңғайлы орынға орналастырылған жалпы құю түтікшесіне ағынды үзумен іске асырылады.

Компрессорлық станцияның бөлек жұмыс істейтін канализациялық жүйелерінде канализациядан атмосфераға газды шығару үшін майшамдар орнатылады.

173. Газ өткізгіште айырғышқа дейін және кейін ысырмалар орнатылады.

Сепараторларда айырғыш сақтандыру қақпақшасы мен конденсат деңгейін автоматты реттеуіш орнатылады.

Газдан шамалы мөлшерде конденсат бөлінген кезде деңгейді реттегіш қондырғысының орнына айырғышта бекітілген деңгейге дейін конденсаттың жиналғандығы туралы диспетчер немесе машинистердің хабар бергіш жарықты дыбыстық дабыл бергіш құрылғысына рұқсат етіледі.

Айырғыш корпусында айырғыштардың ішкі қуысын кезеңдік тазарту үшін люктер орнатылады.

174. Әрбір компрессордың соңғы айдау сатысы газ өткізгіштерінде шығу коллекторына жақынырақ орнатылған кері қақпақша орнатылады.

Газ өткізгіштер айырғыштарында айдаудың соңғы сатысы болмаған жағдайда лақтыру сақтандырғыш қақпақшасы орнатылады.

175. Сақтандыру клапандарының газ шығаратын құбыры осы Талаптың 25-27-тармақтарының талаптарына сәйкес ғимараттан шығарылады. Бұл құбырларда сөндіру құрылғыларын орнатуға жол берілмейді.

176. Компрессорлардың электр қозғалтқыштары сору газ өткізгішінде газ қысымы, суыту суының қысымы және бекітілген шектен май қысымы төмендегенде, суыту суының және май температурасы бекітілген шектен жоғарылағанда автоматты түрде сөндіріледі.

Бұл кезде машинистің жұмыс орнына немесе диспетчерлік пунктке (станция жұмыскерлерсіз жұмыс істеген кезде) дабыл беріледі.

177. Монтаждау жұмыстарына дайындық, компрессорларды тексеру, оларды монтаждауы сынақ жүргізу және қабылдау ҚР СНжЕ 3.05-09-2002 талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.



4-параграф. Газ турбиналық кеңейту станциялары
178. ГКТС жобалау кезінде оған қызмет көрсететін жұмыскерлер жұмысының толық автоматтандырылғандығы қаралады. Дистанциондық басқару және КГЖТ жұмысын бақылау энерго шаруашылықтың диспетчерлік пунктінен және ГКТС көмекші ғимараттарында орналастырылған жергілікті қалқаннан іске асырылады.

179. Домна газының қыздырғышын ГКТС ғимаратынан тыс жерге орналастырылады. КГЖТ жұмыс алаңы мен газ қыздырғыш арасында ыңғайлы ара қатынас қаралды.

180. Монтаждау және жөндеуден кейін газ қыздырғыш пен турбина арасындағы компрессорлар мен газ өткізгіштердегі барлық пісіру жапсарлары бақылаудың физикалық әдістерімен тексеріледі.

181. КГЖТ өте отырып, орташа қысымды газ өткізгіштер мен төменгі қысымды газ өткізгіштерді қосатын байпасты газ өткізгіштерде байпастың екі жағынан да төменгі қысымды газ өткізгіштің ысырмасының алдында орналастырылған араларына майшаммен ысырмалар орнатылады.

182. ГТКС-да КГЖТ кейін газ өткізгіште табақшалы ысырма жерден 8 м кем емес биіктікте және КГЖТ ғимаратына газдың енуіне жол бермейтіндей етіп орнатылады.

КГЖТ шығу жолдары ысырма жанында шлюз-тамбурлармен жабдықталуы, ал ғимараттың жақындағы қабырғасы-бітеу.

183. КГЖТ қондырғысы мыналармен жабдықталады:

1) айналымдар саны, турбина алдында газ температурасын және май блогында майды автоматты реттеу жүйелерімен;

2) турбина жұмысы бұзылғанда, қысым параметрлері зауыт-дайындаушы нұсқаулығында қарастырылған рұқсат етілген шамадан турбинадан кейінгі жағар май мен газдың температурасы мен қысым параметрлері жоғары немесе төмен өзгеруі кезінде КГЖТ автоматты тоқтату үшін қорғаныс құралдарымен, дроссельдік топтың сәйкес дроссельдерін ашуға дабыл берумен;

3) параметрлердің шекті шамаларға келгендігі туралы апаттық дабыл бергіштер және берілген параметрден газ, май, су, инертті газдың ауытқығандығы және турбина мен газ қыздырғыш жұмысының бұзылғандығы туралы ескерту дабыл бергішімен;

4) энерго шаруашылығының диспетчерлік пунктіндегі схемадағы негізгі технологиялық ысырмалардың күйі туралы дабыл бергіштер.

184. Басқару құрылғыларының қоректенуі, ГТКС, сонымен қатар олардың резервтегі май сорғылары мен апаттық жарық бергіштердің қорғаныс және дабыл бергіштері, кернеуі 220 В тұрақты тоқпен жүзеге асырылады. ГТКС кезінде ГТКС ғимаратына қосымша салынған кішірек ғимаратта орнатылған аккумуляторлық қондырғы қарастырылады.

185. Кабельдік ғимараттарда (мекемелерде) ГТКС-да автоматты өрт сөндіргіш қарастырылады.

8-тарау. Домна газын шаңнан тазарту және суыту қондырғысы

1-параграф. Жалпы талаптар
186. Барлық домна газын шаңнан тазартуға арналған қондырғыдан басқа, жаңа және бұрыннан істеп тұрған домна пештерін қайта конструкциялау кезінде конус аралық кеңістіктен тазалау қондырғысы немесе газ шаң басу жүйесі қарастырылады.

187. Домна газын тазалау аппараттары мен газ өткізгіштері (скрубберлер, электр сүзгілер, құбыр-бүріккіш, су айырғыштар, дроссельдік топтар тағы сол сияқты) ашық алаңдарда орналастырылады. Ғимараттарда, талапқа сай басқару және бақылау құрал-жабдықтарын және энергияның барлық түрлерімен газ қондырғыларын жабдықтау орналастырылады.

188. Домна газын тазарту үшін жаңадан жарақтандырылған қондырғылар автоматтандырылған, дистанциондық басқаруы және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінен бақыланады.

189. Әрбір домна пешінің газ тазалау қондырғысын сөндіру үшін мыналар орнатылады:

1) таза домна газының коллекторы жағынан дискілі ысырмасы және оған дейін жүрісі бойынша табақшалы механикаландырылған ысырма (тығын);

2) домна пешінің кіре берісінде ластанған газ газ өткізгішінде домна пеші жағынан бөліп тастау қақпақшасы;

3) КГЖТ жағынан дискілі ысырма немесе тығын орнату үшін құрылғы.

190. Теңестіру газ өткізгішін сөндіру үшін мыналар орнатылады: газ тазалау жағынан дискілі ысырма, ал домна пеші жағынан табақшалы ысырмалар.

191. Конус аралық кеңістігі газдан тазалау газ өткізгішін сөндіру үшін мыналар орнатылады: газ тазалау жағынан дискілі және табақшалы ысырма, пеш колошнигі жағынан табақшалы ысырма.

192. Әрбір домна пешінің газ тазалауына су өзара жалғастырғышпен жалғанған екі тәуелсіз су бергішпен беріледі, олардың әрқайсысының газ тазалауға максимал шығынынан 100 % өткізгіштік қасиетке ие.

Сорғы станциясының әрбір су бергішінде кері клапандар, ал әрбір газ тазалағыштың су бергіштер галереясында газ тазалау БӨА ғимаратына және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне дабыл берумен су қысымының түсіп кетуінің дабыл бергіштері орнатылады.

193. Газ тазалауға су беретін сорғы станциялары әрекет сенімділігі және электрмен жабдықталу сенімділігі І санатқа жатқызылады.

Су бергіштердегі барлық ысырмалар сырғымалы шпиндельді болады.

194. Су бергіштерде шөгінділердің түзілуінің алдын алу үшін кері цикл су қажет болған жағдайда химиялық тазартуға ұшыратылады.

195. Газ тазалауға жеткізілген барлық су сору жағынан механикалық қоспалардан тазартылады. Ол үшін сорғы станциясында сүзгілер орнатылады. Торлы сүзгілер ұяшықтарының өлшемдері форсункалардың шығу тесігінен кішірек.

196. Домна газының газ тазартқыш қондырғылары ауданында оған қатысы жоқ басқа ғимарат немесе қондырғылар орнатуға жол берілмейді.

197. Бөлек газ тазалау аппараттары (скрубберлер, электрсүзгілер және басқа да) араларындағы саңылаудағы арақашықтық-2 м кем болмайды.

Газ тазартқыштар үшін аппараттардан саңылаудағы арақашықтық мына шамадан кем болмайды, м:

Газдан тазалауға жатқызылатын ғимараттарға дейін 5

Газдан тазалауға жатқызылмайтын ғимараттарға дейін 25

Теміржол жолдарының ең жақын рельсіне дейін 10

Домна цехының автожолдар өтетін бөлігінің шетіне дейін 5

Жалпы зауыттық автомобиль жолына дейін 10

Конвейер галереясына дейін 10

Галереяны тұрақты істеп тұратын өтпелі-тарту

желдеткішімен жабдықтаған кезде тарылған жағдайда 5

Газдан тазалауға жатқызылмайтын құбырлы

өткізгіштердің жер үсті трассасына дейін 5

Түйіршіктеу бассейндеріне дейін 20

198. Газ тазалағыштарда аппараттар және газ өткізгіштер алаңдарының қызмет көрсету төсеніштері және осы алаңдарға әкелетін сатылар қабырғаларға қойылған болаттан жасалған жолақтардан тор түрінде орындалады.

199. Скрубберлер және электр сүзгілер алаңдары әрбір яруста өзара жалғанған және екі кіретін жол болады.

200. Скрубберлер және электр сүзгілер алаңында жүктерді көтеру үшін стационар жүк көтеру механизмдері қолданылады.

201. Скрубберлер және электр сүзгілердің қызмет көрсету алаңдарында электр кабельдің, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оттегі мен газдың құбырлы өткізгіштерінің стационар ажыратқыштар, сонымен қатар кернеуі 12 В электр желілері қарастырылады.

202. Газ тазартқыш қондырғысын орнату аумағы асфальтталған немесе бетондалады.

203. Домна пешін шаңнан тазарту қондырғылары осы Талаптарға сәйкес келеді.

2-параграф. Газ тазарту қондырғыларының газ өткізгіштері
204. Ластанған домна газының газ өткізгіші шаң аулағыштан скрубберге дейін ең қысқа ұзындықта болады, бұрылыстар саны аз және фланецтік қосылыстар жоқ. Газ өткізгіш ішінен тозуға төзімді материалмен астарланады. Скруббер қаптамасына ластанған газ газ өткізгішінің жанасқан жерінде жергілікті езілуге жол бермеу шаралары қарастырылады.

Ластанған газдың газ өткізгіші оған шаңның шөгуі және астарлау материалының қарқынды тозуына жол бермейтіндей газ жылдамдығына есептеледі.

Ластанған газдың газ өткізгіші шаң аулағыштар және газ тазартқыштар жағынан газ тазалауға бу енуімен жабдықталады.

205. Механикаландырылған табақшалы ысырмалар немесе тығындар орнатылған газ тазалау газ өткізгіштері жер деңгейінен газ өткізгіштердің төменгі түзілушісіне дейін 8 м кем емес биіктікте орнатылады.

206. Жартылай таза газ өткізгіштерінде шламның шөгуі мүмкін орындарда (бұрылыстар мен кеңейген орындарда) шашыратқыштар мен люктар қарастырылады.

207. Теңестіргіш газ өткізгіш жартылай таза газ өткізгішіне тозаңдатқыш-құбырға дейін жалғанады, айыру ысырмасы бар диаметрі 150 мм кем емес дренажды тізбекке қосылады, төменгі нүктеге 1,01 кем емес қиғашталады. Скрубберге конденсат жіберу келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет