«Қарабұта орта мектебі» кмм «Бәрімізде мақсат бір!» тренинг (Ұбт – ға психологиялық дайындық) Мақсаты



бет3/4
Дата06.02.2023
өлшемі28.95 Kb.
#469208
1   2   3   4
ұбт

«Жаңғырық туралы аңыз» әңгіме

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

  • АААААА!-деп айқай салады.

  • АААААА!- деген жауапты естіп таң қалады.

  • Сен кімсің? – деп сұрайды ұлы.

Ал оған:

  • Сен кімсің? – деген жауап келеді.

Мұндай жауапқа ашуы келген бала:

  • Қорқақ! – дейді.

Ол оған:

  • Қорқақ! – деп жауап береді.

Бала әкесінен:

  • Не болып жатыр? – деп сұрайды.

Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді: «Мені мұқият тыңда»
Әкесі тауға:

  • Мен сені сыйлаймын! – деп айқайлайды.

Ол оған:

  • Мен сені сыйлаймын!

  • Сен кереметсің!

Ол оған:

  • Сен кереметсің!

Бала сонда да таңдануын қоя алмады, содан оғанәкесі түсіндіріп береді. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды. Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтарады»


Қорытынды: Құрметті оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ-да жоғарғы нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік!


«Өз әлеміңе саяхат» — жай әуен арқылы релаксациялық жаттығу жасау (уақыты – 10 минут)
Жүргізуші: «Ыңғайлы отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Терең демалыңыздар. Шөлейт жерде жүргеніңізді елестетіңіз. Жан-жағыңызға қараңыз. Артқа қарасаңыз үлкен тау тұр – бұл сіздің өміріңіздегі қиындықтарыңыз. Енді қиындықты қалай жеңуді білесіз. Сіз тәжірибе алдыңыз. Енді алдыға қараңыз. Ғажайып оазис көріп тұрсыз. Бұл елес пе, әлде шөлейт жердегі жұмбақ па? Жақынырақ барсаңыз, елес жоғалмайды. Ғажайып бақшаға кіріп, жан-жағыңызға қараңыз. Қандай әдемі гүлдер және ағаштар салынған. Бұл бақшада өз гүліңізді отырғыңыз келе ме? Жұмысқа кірісіңіз. (Үзіліс) Қарасаңыз, Сіздің еңбегіңізден кейін бақша одан да әдемірек болады. Бұны өз еңбегіңізбен құра аласыз! Ал енді біздің бөлімге қайтып келіңіз».
Талқылау: Болашағыңызды қалай көрдіңіз? Әдемі бақша өсіру үшін еңбектену керектігін түсіндіңіз бе? Қандай сезімде болдыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет