Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы



Дата08.07.2016
өлшемі95.97 Kb.
#185531
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы

«Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы

аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2008 жылға арналған қалалық бюджеттік

бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» № 60/05

қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджеттік Кодексін, Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі «Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік тапсырысты құрастыру және ұсыну Ережелерін бекіту туралы» № 75 (Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 145; 2004 жылғы 20 сәуірдегі № 61; 2005 жылғы 10 мамырдағы № 65 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен қоса) Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджетті орындау ережесін бекіту туралы» қаулысын, IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешімін, Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 ақпандағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Қарағанды облыстық мәслихатының «2008 жылға арналған облыс бюджеті туралы» III сессиясы шешімін жүзеге асыру туралы» № 28/01 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 04/07 қаулысы, IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы кезекті YII сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 83 шешімін орындау үшін, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Әкімгері «Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ болып табылатын, келесі қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарына келесі өзгертулер енгізілсін:

1) № 1 қосымшадағы кестенің 6 тармағының 5 бағанындағы «3 604 000 теңге активтер алу» сөзі «5 074 000 теңге негізгі қорға жататын тауарларды алу» сөзіне ауыстырылсын, «1 870 000» теңге сомасы «400 000» теңге сомасына ауыстырылсын.



2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықұлы Егемдердіге және Қазыбек би атындағы аудан әкімі Абайділдә Күшенұлы Санаубаровқа жүктелсін.
Қарағанды қаласының әкімі И.Тоғайбаев

Орындаушы: Санаубаров А.К.

Қарағанды қ. әкімдігінің

2008 жылғы « » ____________ №

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «2008 жылға арналған “Қарағанды қ Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ қалалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы” № 60/05 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” қаулысына № 5 қосымша


ММ “Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты»


Бюджеттік бағдарламаның әкімгері

П А С П О Р Т

Елді мекендерді көркейту және көгалдандыру

(123-011-000 бағдарламасы)

бюджеттік бағдарламаның атауы)

2008 жылға арналған

1. Құны теңге: 932 612 000 (тоғыз жүз отыз екі миллион алты жүз он екі мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі 53 бап;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 10,21 баптары;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы,21тармақшасы, 39-бап; ( 2005 жылғы 15 сәуірдегі өзгерістерімен және толықтыруларымен); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 «Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережелерін бекіту туралы» қаулысы ( 2005 жылғы 27 мамырдағы №521, 2005 жылғы 28 маусымдағы № 639 ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістермен қоса); Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау және экономика Министрлігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі №75 «Бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік тапсырыстарын ұсыну және құру ережелерін бекіту туралы» бұйрығы ( ҚР бюджеттік жоспарлау және экономика Министрінің 2003 жылғы 02 қыркүйектегі №145, 2004 жылғы. 20 сәуірдегі №61; 05 жылғы 10 мамырдағы №65 бұйрықтарына енгізілген өзгерістермен қоса);

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті YI сессиясының № 47 «2008 жылға арналған Қарағанда қаласының бюджеті туралы» шешімі;

- Қарағанды облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 ақпандағы «Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Қарағанды облыстық мәслихатының «2008 жылға арналған облыс бюджеті туралы» III сессиясы шешімін жүзеге асыру туралы» № 28/01 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 04/07 қаулысы.

- IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы кезекті YII сессиясының «IY шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті IY сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 47 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 83 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: жергілікті бюджет, Қарағанды облысы бюджетінен трансферттер.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:

- қаланың ауасын тазартып, сыртқы келбетін жақсарту;

- қаланы безендіру және сыртқы жарнаманы орналастыруды реттеудің бірыңғай тұжырымдамасын жасау;

- аула аумақтарын ұстауды жақсарту, тұрғын үй реформасын одан ары жүзеге асыруға белсене араласқан тұрғындарды көтермелейтін шараларды ұйымдастыру және орындау;

- тұрғын үйлердің қасбеттерін құрылыс нормаларына келтіру, тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін эстетикалық – тартымды қалыпқа келтіру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау;

- климаттық жағдай кезінде тұрғын үйлерге су, дымқыл тимеуін қамтамасыз ету, ғимараттың сыртқы тартымды бейнесін келтіру.



5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- қаланы көгалдандырудың көлемін ұлғайту;

- сыртқы жарнама өнімдерінің эстетикасы және қаланы мен сәулет ансамбльі нысандарын жарықтандыру; Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы бойынша әлеуметтік жарнама жасау, «2030 Стратегиясы», билборд, брандмауерлерде салауатты өмір салтын насихаттау, қаланы мерекелік безендіру, ескерткіштер мен ғимараттарды жарықтандыру, көшелер мен даңғылдарды жарықтандыру.

- қасбеттерді жөндеу,

- Шатыр жабындыларын жөндеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:




Бағдарлама коды

Шағын бағдарлама коды

Бағдарлама

атауы(шағын бағдарлама)



Бағдарламаны жүзе-ге асыру жөніндегі шаралар (шағын бағдарламалар)

Жүзеге асыру

мерзімі


Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

011

000

Елді мекен-дерді көркей-ту және кө-галдандыру

1. Қаланың көгалдандыруын, санитарлық жағдайын, көркейтілуін қамтамасыз ететін қажетті деңгей – 160733000 теңге соның ішінде көк өскіндерді ұстау және баптау 20 577 000 теңге. Бейбітшілік бульвары скверін жаңғырту 140 156 000 теңге.

Мерекелік безендіру

613210000 теңге.

«Менің ауламды» қалпына келтіру – 341046000 теңге.

«Менің ауламды» ұстау – 24211000 теңге,

Қасбеттер мен шатыр жабындысын жөндеу – 345301000 теңге, соның ішінде қасбет жөндеу – 237385000 теңге, шатыр жабындысын жөндеу – 107916000 теңге.



2008жыл бойына

Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ

7. Бюджеттік бағдарламаның орындалу барысынан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:


  • тұрғындарының эстетикалық қажеттілігін және мәдени-сауықтыру қанағаты үшін ауданды көгалдандыру;

  • Тұрғындарға оң идеологиялық әсер беретін, көру жарнамаларын орналастыруды тәртіпке келтіру бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік береді. Ауданның әрбір тұрғынына өз қаласы мен Қазақстан Республикасына, келешекке деген сенімділік, елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Қазіргі заман талаптары деңгейінде Қарағанды қаласының жаңа келбетін жасау;

  • Қаланың тұрғын үй қорларының аула аумақтарын кешенді көркейту, оларды қажетті жағдайда ұстау және сақтау.

  • Ауданның тұрғын үйлерінің шатыр жабындысын және қасбеттерді жөндеу.

- тұрғын үйлердің сыртқы бейнесін тартымды қалыпқа келтіру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау;

Қорытынды нәтиже:

  • ауданның көшелері мен скверлерінің эстетикалық келбетін жақсарту; аталған бағдарлама тұрғындарға оң идеологиялық әсер беретін, көру жарнамаларын орналастыруды тәртіпке келтіру бағдарламаны іске асыруға мүмкіндік береді; Қазіргі заман талаптары деңгейінде Қарағанды қаласының жаңа келбетін жасау;

- Егде жастағы тұрғындардың демалысы үшін, тұрғылықты жері бойынша балалардың және жас өспірімдердің бос уақытының белсенділігіне қолайлы жағдай туғызу.

  • Ленин көшесіндегі үйлердің сыртқы бейнесін жақсарту;

Қаржы – экономикалық нәтиже:

7.1. Көк өскіндерді ұстау және баптау: қалалық бюджет есебінен – 160 733,0 мың теңге, соның ішінде:

- көшелер мен скверлерді жинау (жазғы және қысқы) – 20 577,0 мың теңге.

- Бейбітшілік бульварының скверін қайта жаңарту (Бұхар жырау даңғылынан Станиславский театрына дейінгі учаскені көркейту) – 140 156,0 мың теңге,

7.2. Ауданды мерекелік безендіруді қамтамасыз ету: қалалық бюджет қорынан – 61321,0 мың теңге.

- Республика даңғылы бойынша кіре беріс светодионды аркалар - 2 дана;

- шырша – 150 дана;

- жарық құралдарын орнату – 1 дана;

- жаңа жылдық фигуралар – 10 дана;

- 1 мұз айдынына су құю – 100 т.м.

- ғимарат жиектерін безендіру – 9 дана;

- көшелерде жарық диодты доғалар – 20 дана;

- жарық динамикалық отшашуларды орнату – 23 дана;

- стробоскоптарды әзірлеу және орнату – 1369 дана;

- ғимараттарды жарық диодты және динамикалық элементтермен безендіру – 1 дана;

- көлемі 3*6 м баннерлер әзірлеу, құрастыру және жинау – 90 дана;

- көлемі 6*16м брандмауэр әзірлеу, құрастыру және жинау – 4 дана;

- көлемі 1*10 м жібек тартылымдарды әзірлеу, құрастыру және жинау – 120 дана;

- 512 дана аншлагтар әзірлеу және орнату;

- 100 дана пилондар мен лайтбокстарға бейне әзірлеу, құрастыру және жинау;

- 40 дана жарық қораптарына бейне әзірлеу, құрастыру және жинау;

- көлемі 5*15 м - 11 дана баннер әзірлеу, құрастыру және жинау;



Жасанды нысандарды қалпына келтіру мен ауданды мерекелік безендіруге кететін шығындар:

- 70 W шырақтар – 46 дана;

- АВВГ кабелі – 440 п/м;

- 70 W ballast дроссель – 28 дана;

- Metal Holide лампасы – 46 дана;

- IZU лампасы – 20 дана;

-1 Р автоматтары – 28 дана;

- болттар – 192 дана;

- автомұнара қызметі – 36 м/ч

- монтажник жалақысы – (2 адам) – 36;

- стробоскоп – 870 дана;

- дюралайт – 90 п/м;

- стробалар – 72 дана;

- сым – 79 п/м

-1 Р автоматтары – 35 дана;

- жарық қондырғылары – 32 дана;

тартылымдар – 800 дана;

- жер актілерін ресімдеу – 8;

- жер актілерін тіркеу – 8.

Жасанды нысандарды ұстау мен ауданды мерекелік безендіруге кететін шығындар:


  • стробоскоптар – 28 дана;

  • 3х6 билбордтар – 4 дана;

  • 5х15х билболдтар – 1 дана;

  • ғимаратты архитектуралық жарықтандыру – 8 дана;

  • тіреулердегі жарық қондырғылары – 91 дана;

  • кіре беріс жарық аркалары – 2 дана;

  • жарықдиодты арка – 28 дана




    1. Аула аумақтарын көркейту, қарастырылғаны:

- Облыстық бюджет қоры есебінен 200 000,0 мың теңге сомасына 53 ауланы көркейту,

- Жергілікті бюджет қоры есебінен 41 046,0 мың теңге сомасына 10 ауланы көркейту,

- Жергілікті бюджет қоры есебінен 24 211,0 мың теңге сомасына ауланы көркейту.

7.4. Жабындылар мен қасбеттерді жөндеу, облыстық бюджет қорынан 237 385,0 мың теңгеге қасбетті және 107 916,0 мың теңгеге шатыр жабындысын қалпына келтіру қарастырылған:

Сапасы: ҚР СНИП-пен сәйкес.



Мемлекеттік мекеме бағдарламасы

әкімгерінің басшысы А.Санаубаров


Бас бухгалтер (ФЭБ бастығы) Н. Сухова

Орындаушы:


Әлеуметтік сала бөлімінің бастығы А.Олжабаев


ТКШ бөлімі бастығының м.а. В.Волчков


ТКШ бөлімінің бас маманы Д.Тишмағанбетов

Көркейту бөлімінің бас маманы Б. Қасымов

Келісілді:

«Қарағанды облыстық энергетика және коммуналды



шаруашылық департаменті» ММ ________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет