«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


Секция 2. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың



Pdf көрінісі
бет27/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117
Секция 2. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың 
иесіндей тау тұлға 
 
БАТЫР АТАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ 
 
Окимбаева А.Е., тарих пәнінің мұғалімі
Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені 
 
«Мен – қазақпын» деген әр азаматтың, еліміздің ертеңі деп үміт 
күтіп отырған жас ұрпақтың санасына ерлік пен батылдықтың, мұқалмас 
ерік-жігердің мәңгілік үлгісі болып сіңірілген, ХХ ғасырдың ең жарқын 
тұлғасы деп баға берілген, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, әскери 
қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры - Бауыржан Момышұлы туралы 
толғау – үлкен мәртебе. Қарша жауған оқтың астында, ерлік пен ездік 
қатар түскен кезеңде ата-бабаларымыз – Қобыланды, Алпамыс батыр 
жырларын жаттап өскен Бауыржан Момышұлы атамызға соғыс жылдары 
батырлықтың неше түрін көрсетсе де Батыр атағы берілмей, тек 1990 
жылдың 12 желтоқсанында 80 жасқа толу құрметіне Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың қолымен тапсырылған екен. Бұл – Бауыржан 
Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» 
деген қанатты сөзінің ақиқатқа айналғанын көрсетеді. Сонымен бірге, 
айналайын Тәуелсіздік жылдары батыр атамыздың есімін ұлықтау ісі қолға 
алынып, бар өмір жолын жете тани түстік десем, артық айтпағаным. Содан 
болар: 
Айтылады тарихтың тағы сыны, 
Оның дауысы – қазақтың намыс үні. 
Тәуелсіздік – атаусыз қалған ерлер, 
Тәуелсіздік – Бауыржан Момышұлы! – деген жыр жолдарының 
еріксіз ойға түскені. 
Ерлігімен, елдік биік адамгершілік тұлғасымен елінің еркесіне 
айнала білген тау тұлғаны әдеби тілде де, ауызекі тілде де «Баукең» деп


62 
атайтынын білеміз. Баукеңнің сан қырлы қадір-қасиетін бір мақала 
ауқымына сыйдыру, әрине мүмкін емес. Баукең жайлы шығарылған төрт 
сериялы фильмде де батыр атамыздың барлық қыры толық ашылды деп 
айта алмаймыз. Сол себепті мен Баукеңнің «Отаның үшін отқа түс, 
күймейсің» деген аталы сөзін басшылыққа ала отырып, Отан соғысында 
көрсеткен ерлік жолына үңіліп, келешек ұрпаққа тағы бір үлгі етсем 
деймін. Өйткені, оның адамгершілік жолымен шыққан биігіне сөз де, көз 
де жетпейтінін жақсы білем. Оған бір мысал, сонау 1941-дің күзінде 
Мәскеуді қорғау жанталасқа ұласқан шақта әйгілі Левитанның радиодан 
қазақ жауынгерлерінің жаппай ерліктері туралы хабарлап жатқан тұста, 
сол Мәскеуден келген өкілдің Баукеңнің жеке басының ерлігіне сонша 
тәнті болып, кетер кезде Баукеңді батыр атағына ұсыну үшін құжаттарын 
қаттап беруін сұрайды ғой. Сонда қайталанбас нар тұлғамыз Мәлік 
Ғабдуллиннің құжаттарын жинап әкеліп берген екен. 
Ал жан алып, жан беріскен қанды қасап ұрыс даласында жеке 
басының қаһармандық ерлігімен, әскери шеберлігімен жаудың бетін 
қайтару, сеніп берілген жауынгерлерін бес мәрте жау қоршауынан аман-
есен алып шығу, әрине, айтуға ғана оңай. Белгілі жазушы А.Бектің 
«Арпалыс» повесін Мәскеуді қорғау үшін арпалысқан сан ұлт өкілдерінің 
арасынан біздің Бауыржан атамызға арнағаны сондықтан болса керек. Бұл 
шығарманың сонымен бірге бірнеше тілге аударылғаны да кеудеге 
мақтаныш сезімін ұялатады. Ал соғыстан кейін әлемге аты мәшһүр Куба 
көсемі Фидель Кастроның Баукеңмен кездесуді өзіне үлкен мәртебе санап, 
атамыздың ұрыс жүргізу әдістерін өз елінің қорғанысының әдістемесіне 
айналдырғаны неге тұрады [1,8]. Баукеңнің жауынгерлік іс-қимыл 
әрекеттерді ширақ та әбжіл іске асыра отырып ұрыстан шығу, шегініс 
жасай отырып тұтқиылдан шабуылдау, жауды алдарқату арқылы ішке еніп 
кету секілді соғыс әдіс-тәсілдері, сонымен бірге ол ойлап тапқан 
«ошақты», «икемді қорғаныс» сынды ұғымдардың соғыс өнерінде 
пайдалануы баға жетпес құндылықтар болып табылады. Жаудың шебіне 
ішкерілей ене отырып ұрыс жүргізу, әрине тәуекелді қажет етсе де, соғыс 
тәжірибесінде оны ұтымды пайдаланудың пайдасы орасан екенін дәлелдеп 
шыққан екен. Бұдан басқа, әскери педагогика мен әскери психология 
бағытында да қалдырған баға жетпес мұраларын зерттеу – бөлек тақырып.
Иә, барлық саналы өмірін ерлік бесігінде тербете білген Баукеңнің 
«еңку-еңку жер шалған» жорық жолдарында ең есте қалатын кезеңі ол – 
Мәскеу түбіндегі шайқас. Жалпы осы жерде 207 рет ұрысқа қатысып, 
жаужүрек жауынгерлерін 27 рет шабуылға бастап кірген, бұрын-соңды 
соғыс тарихында кездеспеген тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге 
сан қилы жаңалықтар енгізген Баукеңнің ерен еңбегі заманымыздың заңғар 
жазушысы, өзі де сол от пен оқтың астынан келген Әзілхан 
Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романында кеңінен суреттеліп 
берілген. Мұнда роман-диалог кейіпкері қаһарман гвардия полковнигі 
Бауыржан Момышұлының ешкімге ұқсамайтын азаматтық, ерлік тұлғасы 


63 
шынайы мүсінделеді. Баукеңнің балауса жастық шағынан бастап әскери 
шыңдалу кезеңі, Ұлы Отан соғысының отты жылдары мен кейінгі ұлағатты 
өмірі толық қамтылып баяндалады. Романда айтылғандай, шені небары аға 
лейтенант бола тұрып 1073 атқыштар полкінің батальон командирі 
міндетін 
атқарған 
Бауыржан 
Момышұлы 
бір 
қысылтаяңда 
жауынгерлерімен бірге дивизиядан алыстап кетіп Волокалам тасжолында 
күші анағұрлым басым жау әскерімен бетпе-бет келеді. Баукеңдей 
комбаттың дарынды басшылығының арқасында соғыстың бастапқы 
кезеңінде қарсы келгенді 3 сағаттан аса шыдатпаған немістер 3 күн бойы 
бір қадам алға баса алмаған екен. Ал дивизия штабы бұл батальонмен 
мәңгілікке қош айтысып та қойған болатын. Ақырында тасқамал қоршауды 
бұзып шығып, қарамағындағы жауынгерлерден бірде-бір адам шығын 
бермей дін аман алып келген аға лейтенантты дивизия командирі 
И.В.Панфилов қапсыра құшағына алған екен. - Жарайсың, сұңқарым! - 
деген екен көзіне жас алған армия генералы [2,56]. 
Ал Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында болған 
қан-қасап шайқасты жоғарыда аталған «Ақиқат пен аңыз» романында 
жазушы нақты фактілер келтіре отырып көз алдымызға әкеледі. 26-30 
қараша күндері Мәскеу түбінде қақаған қыс. 4 күн бойы бел шешпей 
жаумен айқас кезінде батырдың омыртқасына оқ тиеді. Жарақаты жанына 
батып, көзі бұлдырап тұрса да, ұрыс даласын тастап кетуді комбат 
басымен ар көрген Баукең дәрігерді пистолетпен қорқытып, оқты алуды 
бұйырған екен. Өткір кездікпен жон арқасын тілгілей отырып бойлап еніп 
кеткен оқты алған соң жауынгерлерін кезекті шабуылға бастаған екен 
қайран Баукең. Иә, «Шегін» деген бұйрық келсе де шегінуді намыс көріп 
бір қадам шегінбеген қазақ жауынгерлері туралы да мерзімдік 
басылымдарда көптеп жазылғаны да рас. Осындай, Отаны үшін ар-
намысын бәрінен биік қоятын аға ұрпақтың ерлігін жаттап өскен кейінгі 
жастарға туған жер тыныштығын сақтай алады деп әбден сенуге 
болатындай [3,122]. 
Расымен, Мәскеуді жау басып алғанда соғыс та аяқталып қалар ма 
еді, қайтер еді. Кеңес елі астанасының жүрегіне қадалғалы келе жатқан 
жау найзасының ұшын сындырған дивизияның бірі және бірегейі - 
құрамында Бауыржан Момышұлы басқарған полк бар, Қазақстанда 
жасақталған 316 атқыштар дивизиясы болатын. Соғыстың алғашқы 
айларында жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсеткені үшін 8-гвардиялық 
дивизия атағына ие болғанын білеміз. Мәскеу түбінде жаудың бетін 
қайтарғанымызбен, 1942 жылы кеңес-неміс әскерлерінің итжығыс түсіп 
жатқан кезіндегі майдан оқиғалары мұрағаттардан мен мұндалып шығып, 
өскелең ұрпаққа аға буынның ерлік жолын айқындап беріп отыр. - 1942 
жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен ұрыстарда, - дейді сол кезеңдегі 
баспасөз қызметі, 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы 
басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде 
батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған 


64 
солдаты мен офицерлерін саптан шығарды, жаудың көптеген техникасын 
жойып жіберді. 
Қиын-қыстау 
кезеңде 
болаттай 
берік 
төзімділік 
көрсету, 
қарамағындағы жауынгерлерге қамқор бола білу Баукеңнің қадір-қасиетін 
арттыра түседі. – Әр солдаттың жағымды мінез-құлқын, тәртібін, елі үшін 
еткен еңбегін, ерлігін де ерекше бағалап, оларға жігер, рух беріп отыратын, 
- дейді Баукеңмен бірге болғандар. Біз де, жауынгерлеріне өзін осы 
қасиетімен сыйлата білгені болар, аузынан шыққан әр бұйрықтың 
бұлжымай орындалатыны деп ойлаймыз. Баукең шайқас үстінде адуынды, 
қатал қолбасшы, ал басқа уақытта жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй 
жетекшісі, байыпты да ұстамды тәрбиешісі бола білген екен. «Тәртіпке бас 
иген құл болмайды», «Ептілік пен ерлік – ерге тән қасиет» немесе 
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің құлы» дегенді жиі айтып 
отырады екен.
1944 жылы да қатты жарақаттанса да госпитальге бармай, ұрысты 
жалғастыра берген мінезіне таңғалмасқа болмайды. Ал 1945 жылдың 21 
қаңтарынан бастап гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы екінші 
Прибалтика майданында әрекет еткен 6 гвардиялық армияның 2 гвардия 
атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарады. Баукең 
басқарған дивизия жаудан 15 елді мекенді босатып, Ұлы Жеңіс күнін 
жақынтада түседі.
Бірақ сол күнге жеткенше сұм соғыс үмітсіз жесірлік пен балалардың 
жетімдігін әкелген болатын. Етжақын аяулы адамдарынан айрылып
қайғы-қасірет шекпеген отбасы болған жоқ. Ата-ана ұлынан, бала асқар 
таудай әкесінен, қыз-келіншектер сүйгендерінен айрылды. Заманымыздың 
заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың сөзімен айтар болсақ, аспандағы 
шолпандарымызды алып кеткен соғыс болды бұл! Фашистердің істеген 
айуандық қылықтарын, қылмысын біз ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын 
себебіміз – біздің халқымыз көрген қайғы-қасіретті адам баласы, 
ұрпақтарымыз енді ешқашан көрмесе екен деген тілектен туындайтыны 
айқын. Біз аға ұрпақтың осы тарихи ерлігінің алдында, халқымыздың 
Бауыржан Момышұлындай біртуар батыр ұлдарының алдында мәңгілік 
тағзым етеміз! Олар бізге туған жерді қалай сүюді, Отанды қалай қорғауды 
үйретті. Сол үшін біз, жастар, батыр атамыз – Бауыржан Момышұлының 
рухына бас июді – Ұлы міндет санаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет