«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


Пайдаланылған әдебиеттер мен ресурстар



Pdf көрінісі
бет45/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117
 
Пайдаланылған әдебиеттер мен ресурстар: 
1. Тарихи тұлғалар танымдық – көпшілік басылым «Алматыкітап» 2006 ж. 
349-бет) 
2. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 
3. Елтұтқа «KUL TEGIN» баспасы Алматы 2001 325-326-беттер
4. «Қанмен жазылған кітап» Бауыржан Момышұлы Алматы «Қазақстан» 
1991 350-360-беттер 
5. Бауыржан Момышұлы екі томдық шығармалар жинағы 2 том Алматы 
«Жазушы» 2004 310- 326-беттер 
6. 
https://studopedia.info/4-22064.html
 
7. «Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал - мәтелдердің 
тәрбиелік мәні.» Ұлт тағлымы. // № 1 2003 жыл 
8. Адамбаев Қазақ халқының мақал-мәтелдері 1989: 15- 16 б 
9. Бердібаев Баукең туралы естеліктер 1979 120б 
10. Ж. Егембердиева Өмірінің өзі дастан 1990 : 319 
 
ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ КИЕСІНДЕЙ, БАТЫРЛЫҚ ПЕН 
БАТЫЛДЫҚТЫҢ ИЕСІНДЕЙ ТАУ ТҰЛҒА 
 
Мукашева Тана Рахымовна, 
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 «№48 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 
 
Қазіргі таңда қоғамның әлеуметтік сұранысының негізі жан-жақты 
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл жеке тұлғаның жан-жақты 
дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. «Біз 
бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер 
бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған 
қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», – деп 
мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда 
«бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз 
елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр. «Әрбір 
ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын 
болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 


100 
міндетті»,- деп М. Жұмабаев айтқандай, ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық 
құндылықтардың алатын орны ерекше. Сол себепті,ұрпақтан ұрпаққа 
жалғасып 
келе 
жатқан 
халық 
мұрасының, 
ұлы 
тұлғалардың 
шығармаларындағы ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиелеудегі алатын 
орны орасан зор. Сондай шығармалары ұлттық құндылықтарға толы, 
Қазақстан тарихында есімі ерекше орын алатын ұлы тұлғалардың бірі – 
Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы - батыр, жазушы, аса 
көрнекті, ерекше тұлға. Автордың кітаптары ұлттық құндылықтармен 
қатар патриотизмге толы. Олар ел тарихындағы әскери жанрдың алғашқы 
әдеби шығармалары болып табылады. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 
Кеңес Одағының Батыры болған жазушының шығармаларында көптеген 
ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін материал болған оқиғалар көрсетілді. 
Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын 
құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп 
мерейін асырды. Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген 
сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық. «Жалғандықтың
балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп 
Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта 
алады. Баукең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай 
жақсы көру. Ұлт ар-намысына, ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт 
мәдениетіне қамқор болу еді.
Тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б.Момышұлы өнегесі баға жетпес 
байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. 
Адамдыққа тәрбиелейді. Ол Отан қорғау мәселесіне кең тұрғыда қара-
ды. Өзін Кеңестік Армияның командирімін деп қана есептеген жоқ,
қазақ халқының перзентімін деп есептеді. Ол соғыста шен мен шекпенді 
ойлаған жоқ. Халқының ар-намысын ойлады. Алдындағы жаумен айқаса 
жүріп, артындағы елдің тағдырына тебіренді. Алдындағы жауына 
оқ жолдаса, артындағы халқына сөз жолдады. «Ұшқан ұя» туындысы 
Б.Момышұлының орыс тілінде «Наша семья» деген атпен жазылған 
алғашқы көлемді шығармасы болады. Бұл шығарма мазмұны мен 
көркемдігі жағынан жоғары бағаланып Баукеңнің ар, намыс, парыз, ұлттық 
рух, ұлттық патриотизм, интернационализм, ерлік, адамгершілік және 
басқа толып жатқан сезімдер туралы анықтамалар мен түсіндірмелері – өз 
басынан өткізген адамның сезінгендері. Сондықтан да көкейге қонымды. 
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан баршаға 
бауырмалдық шықпайды. Өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді. 
Баукең шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты 
сөздері, мақал-мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге 
дейін елдің аузында. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел 
болмайды» деген қанатты сөзі айрықша естіледі.«Ел дегенде езіліп, жұрт 
дегенде жұмылып қызмет ет», «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет 
ет», «Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек» деген сөздері бүгінгі 
күннің өзекті ұраны. [5. 16-17]. Бұл саладағы еңбегі Бауыржанды 


101 
халқымыздың дуалы ауыз би-шешендерінің қатарына апарып қосады. 
Бәрін екшеп келгенде Баукеңнің өнегесі бізді халқымыздың алдындағы 
перзенттік 
парызымызды өтеуге үйретеді. 
Аты 
аңызға 
айналған 
Баукең тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болмақ. Аңыз 
болған, ғасыр адамы Б.Момышұлы шығармалары жаңа буын ұрпақтарын 
ата дәстүрді қастерлеуге, Отанды сүю рухында тәрбиеленудің
рухани қазына көзіне айналарына сенеміз. [3. 749] Өткен ғасырдағы
қазақтың біртуар азаматы, көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып, онысын 
ақиқатпен ұштастырған, ерлігі мен өрлігі, азаматтығы елді ардақтаудың ең 
биік үлгісіне жетіп халықтың бетке ұстар ұлына, мақтан тұтар
қаһарманына айналып кеткен Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы 
артына мол әдеби мұра, көркем дүние қалдырған, ұлтжанды, терең ойлы 
жазушы. Ол жайында ел ішінде айтылатын ұшы-қиыры жоқ аңыздар мен 
ақиқат Бауыржан тұлғасын биіктете түскендей. Бауыржан атағын 
асқақтатып, бүкіл халыққа әйгілі еткен батырлығы десек ол туа дарыған 
және жүре дарыған асылы. Батырлық Бауыржанның ерлігі арқылы ғана 
емес, туа біткен мінезі мен тәлім-тәрбие арқылы жұғысты. Оның бала 
Бауыржаннан батыр Бауыржанға жету аралығында шыңдалу мектебімен 
қоса өзі жазған «Ұшқан ұяның» да әсері мол еді. Бұл мемуарлық шығарма 
болғанмен, көркем дүние. Мұнда жазушы тек өзінің өткен өмірі мен өскен 
ұясының тіршілігін нанымды суреттеп қана қоймай, он тоғызыншы 
ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ халқының 
әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, мінез-құлқын, тіршілік 
көзін, туған жерге деген ыстық махаббаты, қазақ халқына ғана тән 
дархандықты, қадір-қасиетін дара танып, елеп-екшеп көрсете алды. Бұл 
кітабында халқымыздың үлкенді сыйлау, ата-ананы ардақтау сияқты 
асыл қасиеттері қазақтардың ары мен намысы үшін жан аяспайтындығын 
халық ауыз әдебиетінің адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелейтін жақсы 
үлгілерін бүкіл дүние жүзі әдебиетінің асыл мұраларымен теңестіре 
суреттейді. «Ақиқат пен аңыз» кітабында Бауыржан 1942 жылы «Қызыл 
жұлдыз» газетіне «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз оңбаған 
адам» деп жазғанын айта келіп, Энгельстің «өз елінің бағасын білген адам 
ғана басқа елді қадірлей алады» дегенін мысалға алады. Оның 
интернационалистігі өз халқына сүйіспеншілігі арқылы келген 
Б.Момышұлы да бірінші өз ұлтын сүюші, өзге ұлтты құрметтеуші. Соғыс 
кезінде 
Қазақстанға 
хат 
жазып, 
халық ақындарының айтысын 
ұйымдастыру 
керектігін, ұлттық киімдерді 
сақтау, үлкенді құрметтеу, 
ананы ардақтау, ағаны қадірлеу сияқты жақсы дәстүрлерді жаңғырту 
мәселесін қозғайды. Бұл халықтың рухын көтереді деген кесімді пікір 
айтады. 1943 жылдың наурызында Қазақ ССР Халық Комиссарлары 
Советінің председателі Н.Оңдасыновқа жолдаған хатында «Жігітті 
жауынгерлікке тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері» деп аталатын
қолжазбасындағы тараудың жоспары жөнінде пікір алысқысы келетіндігі 
жайында айтылады. Ел арасында «Б.Момышұлы айтты» дейтін қысқа әрі 


102 
нұсқа әңгімелері 
бар. 
Сондай 
әңгімелерді 
жинаған 
жазушы 
Мамытбек Қалдыбаев Бауыржанның өз аузынан жазып алған көрінеді.
Қысқа әңгімелерінің бірі «Бізде көп нәрсе бар» деген атпен беріліпті. 
Мұнда Бауыржан өскен орта мен қазақ халқының даналығын, қол өнерін 
ерекше атап көрсетеді. «Өз үйім - Отан ошағым» деген сөзді 
«...Менің ошағым - Отанның ошағы, Отан болмаса ошағым да, үйім де, 
болмас еді, менің үйім де, ошағым да Отандікі деген патриоттық сөз» деп, 
мұндай сөзі қанша халықты көрсе де нақ жетер жеріне жеткізе 
айтқан қазақ халқындай 
халықты 
көргенім 
жоқдеп 
тебіренеді. 
Б.Момышұлы ұлттық дәстүр мен қолөнерді сақтау мен оның келешегі 
жайында алаңдаған бірегей жан болған.Аты аңызға айналған 
Б.Момышұлының тұлғасы 
батырлығы 
мен 
жазушылығымен ғана 
айқындалмайды, сол секілді ол жайындағы ел арасында аңыз - әңгіме боп 
тараған 
есімінің өзі 
ерекшелеп 
тұрғандай. 
Шындығын 
айтсақ,
қазақ халқының қайталанбас тұлғасы. [1] «Тақыр жерге шөп шықпайды». 
Батыр да, ақын да негізі бар жерден шығады. Бауыржан секілді ұлы 
тұлғаның кеңестік «темірдей тәртіп» тәрбиеледі деу қисынсыз. Оны өз 
шығармасы «Ұшқан ұяда» кеңінен қамтып, дәлелдер келтірген. Өз 
ортасынан алған тәрбиесін ол «Ұшқан ұясында» өзіне тән көркемдікпен 
тамаша 
суреттеген. 
Осы 
бір 
шағын 
мемуарлық шығармадан 
қазақ халқының бай салт -дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен тануға 
мүмкіндік 
береді. 
Шығарманың өн 
бойынан 
бүкіл 
бір 
ұлтқа 
тән қасиет қамтылған, оны оқыған адамның қазақ халқы жайындағы 
ұғымы кеңи түседі. Бауыржан ұшқан ұя әсерімен ел намысын ерте 
сезінген, сол намысты қолдан бермеуге басынан бекінген. Халқының 
асыл қасиеттерін бойына ана сүтімен сіңірген Баукең өзіне дейінгі қазақ
зиялыларының үлгісімен келесі кезеңдегі орыс оқуын соншама оқып, 
зейінін берсе 
де, 
ділін 
берген 
жоқ. 
Оның ұғымында 
нағыз 
интернационалист болу үшін бар болмысымен өз ұлтыңның өкілі болуың 
керек. Бауыржан бар болмысымен өз ұлтының өкілі бола білді. 
Кеңес үкіметінің қатал системасы Қазақстанның тәуелсіздігі, ұлттық оянуы 
туралы ұрандар аз жылда жым-жылас болып, рухын тербетер ештеңе
қалмады. Міне, осындай жылдардан кейінгі Бауыржанның ерлігі мен өткір 
сөздері ұлттық мылқаулықты жойған үн еді. [2] Оның шығармала-
рында ұлттық өнегенің негізі жатыр, онда ойдан шығарылған оқиғалар мен 
образдар жоқ. Сондай туындысының бірі және бірегейі жоғарыда айтып 
кеткен – «Ұшқан ұя». «Ұшқан ұя» жазушының шығармаларының ішіндегі 
ерекше мән бере қарайтын, ерекше жақын тартары. Мұның себебі
өзі қанат қағып ұшқан ұяға деген әсер, жас баланың санасынан өмір 
бойы өшпестей 
болып 
жатталып 
қалатын 
жақтары. 
Бұндай 
сезімдерді әрбір адам басынан кешпей тұра алмайды. «Ұшқан ұяны» 
оқыған әрбір адам адамдық, әдеппен әдет, отаншылдық сезімдердің
қалай қанаттанып, жанда-нып ұшталғанын біледі. Бұл кітап Бауыржан өмір 
сүрген және қазіргі кезеңде де бала тәрбиесіне, жанұяға, ұрпақ тәрбиесіне 


103 
арналған 
бірегей 
кітап 
болып 
табылады. 
«Тәрбиесі 
жаманға 
жақсы ұстаздан пайда жоқ» (Сараин) демекші баланың әлеуметтік 
ортасындағы ең әсерлі фактордың болғандығы рас. Ал шындығында 
тәрбиеге әсер ететін ата-ана, достары, ұстазы емес пе? Мұны 
Бауыржанның өзі: «Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс 
оқыған, ұстаздарымды есіме түсіріп ойға бататыным бар. Сондай
шырыншақтарда 
ең алдымен 
ата-аналарымның бейнесі 
елестейді. 
Солардың уағызы басымырақ бола береді...» -деп ағынан жарылатындығы,
әжесі 
мен әкесінің
уағызы 
басымырақ болғандығын 
аңғартады.
Ұлы тұлғаның 
бойындағы 
отаншылдық, 
туысқандық, әділеттік, 
шыншылдық сезімнің негізгі өзегі де ата-ананың, демек әжесі мен
әкесінің тәрбиесінде жатқан секілді. Әкеден үйренген «жеті ата», 
жыл қайыру, әже айтқан Қазығұрт, қарлығаш, жарқанат, жыл басы жайлы 
ертегілер бала Бауыржанның қиялын тербеп, ұғымын кеңейтіп, таным 
шеңберін 
аша 
түсті. 
Суреткер 
«Ұшқан ұя» 
повесі 
арқылы 
бүкіл қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік болмысын салт-сана, әдет-
ғұрпын өз аулы арқылы ұрпақ алдына шыншыл жайып салған. 
Жариялылық заманның желі еспей тұрған-ақ жоғалып, құрып бара жатқан 
салт-дәстүр ата-мұрамыздың шын жанашыры бола білді. Бауыржан 
бір әңгімесінде: «Тарихты білу керек. Дәстүр, әдет-ғұрып, аспаннан
түскен жоқ. Біз олар жөнінде үлкен 
қате істедік. Сол қатені 
осы күйге 
дейін түзей алмай келе жатыр» - деп қоғамға ащы сын айтқан. [4. 233] 
Санаға жастай сіңген өнеге, тәрбие әсері теңдессіз құбылыс із 
екендігін өз тәжірибесінен жақсы сезінген ол «Ертексіз өскен бала рухани 
мүгедек адам... Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген 
баланың 
көкірегі 
кейін 
керең болып қалмасын 
деп қорқамын... 
балаларымның мен сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына
қатты өкінем, қабырғам қайысады», - депте біренуі адам санасында тәрбие 
берілудің алғашқы сатылары өмір бойы сақталатындығын ескеруінде болса 
керек. Осы секілді үлкен әлеуметтік мәселедегі тәлім-тәрбиелік мәні 
зор өзекті ойларға жұрттың назарын аударғысы келді, аудардыда. Салт-
дәстүр халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, 
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған 
сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық қатынастарға қайшы 
келетіндері. Жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. 
Сондықтан да халық дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деп дұрыс айтқан. 
Ұлттық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің танымымыздан сызылып, жанымызға 
жақын қасиеттердің құлдырауы, жойылуы ең алдымен ұлттық сананың 
күйреуіне, ұлттың түбегейлі құрып кетуіне, ұлттың менталитетінен жат 
нәрселердің қалыптасуына әсер ететін қатерлі құбылыс. "Ұшқан ұя" 
ұлттық негіздің түп тамыры болып табылатын қазақи тәлім-тәрбиенің 
озық үлгісі 
болды. 
Сондықтанда 
шығармада 
мақал-мәтелдерге, 
ертегілерге, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің әрқайсысына жеке-жеке түсінік 
беріліп одан ғибрат жолдарын айта кетеді. Мұнда тәрбиенің аса қажетті 


104 
үлгілері көп. «Ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ 
жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларда 
таныстырғанда ең алдымен ата-ана, ағайын-туыс еді» деуі отбасындағы 
ұлттық тәлім-тәрбиенің бала санасына тез қонатындығын аңғартса керек. 
Бұдан шығатын нәтиже: қолдан келгенше балаға от басындағы ісіңмен, 
ақыл-кеңесіңмен, қарым-қатынасыңмен, сыйластық пен үлгі-өнеге көрсет. 
Бала қабылдаса шын қабылдайды. Жас бала жас шыбық сияқты. Қалай 
егілсе, солай өркен жаяды. Сол себептен қазақ бала тәрбиесіне өте сақтық-
пен қарап, оған ерекше мән беріп, баланың көзінше жаман сөз, орынсыз 
не болса соны айтпаған. 
Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі тәлім-тәрбие 
көздерін мынадай топтарға жіктеуге болады. 
1. Көркем шығармадағы мақал-мәтелдердің маңызы. 
2. Ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыпқа жазушының көзқарасы. 
3. Бала тәрбиесіндегі жоғарыдағылардың атқаратын қызметі, рөлі. Осы 
айтылғандардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталатын болсақ, «Жетіге 
келгенше бала жерден таяқ жейді» мәтелі сәби жеті жасқа толғанша өзін-
өзі берік ұстай алмай қалт-құлт етіп жүреді. Ал жетіге толғаннан соң өрен 
аяғын нық басады деген мағынада айтылса керек. Жазушы мәтелдің мәнін 
бұдан гөрі тереңдете түсіп, «Азаматтыққа аттанар жолдың алғашқы 
қадамы осы жерден басталса керек» дейді. Бала көкейіне тез сіңетін 
мақал «Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты». Бұл өзіне сенімді, 
маңғаз, тәкаппар кейіппен еш нәрсенің байыбына бара бермей 
төбеңнен қарайтын, айналасын-дағыларын шыбын құрлы көрмейтін
өркөкірек мінезді адамның кейпі. Бауыржан халықтық даналықты
өзінің шығармасында пайдаланғанда оның бала тәрбиесіне, жеткіншектің
қалыптасуына, санасының өсіп, адами құндылықтың ұялауына көп мән 
бергенін байқаймыз. «Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам» - 
мұнысы мақал-мәтелсіз, ұлттық нәрсіз өскен бала – елінің ойлауға сана-
сезімін оята алмайтындығын аз сөзбен түйіндеген. Шындығында мақал-
мәтелсіз өскен бала Бауыржан айтқандай мүгедек. Ата-ана балаға ақылды 
мылжың 
сөзбен 
емес, 
нақылға 
толы, ұтымды 
екі-үш 
сөз 
тіркестерінен құралған мақал-мәтелмен ұтымды жеткізген. "Ұшқан ұя" 
повесі 
арқылы 
суреткер 
атасы, әжесі, әкесі, 
ауыл 
ақсақалдары 
айтқан қазақи әңгімелердің, аңыз-ертегілердің, жыр-дастандар-дың, мақал-
мәтелдердің өзінің азамат болып жетілуіне қалай әсер еткенін, есейгенде 
суреттейді. 
Байлығына сенетін мырзасымақ, реңсіз, кекеш болса да айдай аруға 
ұмтылатын, ақыры уысына түсіріп, тоқалдыққа алған бір ауқаттының, яғни 
бір туысының келеңсіз қылығына Бауыржан «Аузы қисық болса да 
байдың баласы сөйлесін» деген мақалмен түйіндейді. «Құрығы ұзын қуып 
жүріп алады, құрығы кысқа құр қол қалады» деген мәтелдің түп 
төркіні қолында байлығы бар адам өзінің қалағанына қалай да болса кол 
жеткізе алады, ал қолы қысқа адам дегеніне жете алмайды деп сол 


105 
кездегі әлеуметтік теңсіздікті айтады. Жазушы осы аркылы жас ару 
Зәмираның сүйгенінен айырылып, калың малға сатылып, тағылық 
заңның құрбанына айналып бара жатқан шарасыз сәтім суреттеген. 
Сол секілді жас келіннің мінезіндегі көргенсіз кер мінезді көрген 
ауыл үлкендері «әдепті білмейтін, тәрбие көрмеген» деп күңкілдесе 
бастайды. Босағаны аттай сала тәрбиесіздік көрсеткен келінге «жусаннан 
аласа, бетегеден биік боп иіліп жүрмеуші ме еді» деп мін айтады. Мұндағы 
«бетегеден биік, жусаннан аласа» деген тәлімдік міндет атқарып тұр, яғни 
«үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпауы» тиіс екендігін аңғартса керек. Жаңа 
түскен келін инабатты, сыпайы болу керек, мінезі биязы, «үлкенге ізет, 
кішіге құрмет» көрсете алатын болуы заңды деп қарайды. Ат 
ардақтаудың биік шыңы мына мақалдан көрініс тапқандай: «Төл 
атыңды төреге берме». Жүйріктің қасиетін, сәйгүліктің бағасын біздің 
елдей ешкім білмес сірә, еш ел ұғып болмас. Халық арасында төрт түлік 
мал ішіне әсіресе, жылқы малына ерекше көңіл бөліп, адамның көмекшісі, 
ердің қанаты деп қарау, жас ұрпаққа ғибрат беру мақсатында ол туралы 
мақал-мәтелдер, батырлар жырларындағы жылқы малына берілген 
баға, өлеңдер, жырлар өте мол. Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесінде 
өзіндік орнын тапқан көркем шығарманың құндылығын арттырған
жас ұрпаққа 
берер 
тәлім 
көп 
мақал-мәтелдер, 
ертегі 
аңыз-
әңгімелер, өсиет өлеңдердің озық үлгілері ұшан-теңіз. Бұл туындыдағы
құнды нәрсе мақал-мәтелдер. Шығармада адамның қылығын танытатын 
жаман әдетін аңғартатын мақал-мәтелдер көп. «Жақсы ат бір-бірлеп 
тартар, жаманы екеуден тартар» деген мәтелдің түйіні - қомағайлық. 
«Саздау жердің ағашы, сабырсыз ердің жазасы» дегені адамның 
мінезіне қатысты 
айтылған 
мәтел. 
Шығарма 
тілі 
мақал-
мәтелдердің молдығымен шұрайлы, көркем. Десе де негізгі ерекшелік 
назар аудармасқа тағы болмайды. Шығарманың басты ерекшелігі - 
тілінің тазалығында, суреткер ойы «тобықтай нәрсенің түйінін» нақ тауып, 
оқырманның 
ойымен 
келіскендей 
түсіну 
жеңіл, 
сөйлемдер 
құрылысы қиюласпай, жаймен жымдаса байланысады. Мұның өзі 
жазушының тіл байлығының зор екендігін, оған қоса салт-дәстүрді жоғары 
дәрежеде білетіндігін, ұлттың ұлағатын қадірлеп өскен, алдағы ұрпаққа 
аманаты да сол ұлттың келешегі екенін айқын аңғартады. 
Б.Момышұлы суреттеген кезең немесе орта, ондағы тәлім-
тәрбиенің өзін сол заманның болмысы болатын. Енді оны сол күйінде 
кешіріп немесе сол қалпында бүгінгі жас ұрпақтың зейініне жеткізу 
ол үлкен еңбекпен келетін іс. 
Адым замандар қойнауынан 
бастау 
алатын 
ұлттық тәлім-
тәрбиеміздің қайнар көзі болып табылатын мақал-мәтелдер "Ұшқан ұя" 
повесінің өн бойында аз емес. Қазақи ортада өсіп, ер жеткен суреткер өз 
халқының асыл қазынасы, этнотәрбиенің ұлттық үлгісіне, батаға, ырымға, 
сәлем 
беруге, үлкенді 
сыйлауға, 
жақсылық жасауға, 
адалдыққа, 
қайырымдылыққа, ел мен ерді сүюді тәрбиелейтін аңыз-әңгімелерге, 


106 
ертегілерге, батырлар жырына, мақал-мәтелдерге ерекше мән беріп, 
олардың сәби санасында ұлттық қор қалыптастыруға үлкен әсері бар 
екендігін, сезінгенін санасында сол қалпында сақтап қалатындығын 
ескертеді. Демек, бала тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы сәби дүние 
есігін шыр етіп ашқан сәтінен бастап-ақ басталуы тиіс деп есептеген 
Бауыржан кейінгі ұрпаққа оны ұғындыра отырып, тәрбиелеудің мәнімен 
маңызына терең бойлауды қатаң талап ететінін көреміз. Ұлттық тәлім-
тәрбие адам болып қалыптасудың ұлы мектебі екенін, сондай-ақ бүкіл 
ұлтты сақтап қалуға ұлттық тәрбие алған адамы бар ел ғана жете 
алатындығына осы шығарма арқылы көз жеткізуімізге болады.
Бауыржан Момышұлының барлық шығармалары шындыққа 
негізделген, олардың тарихи құжаттылығына, шындығына және 
түпнұсқалылығына баға жетпейді. Бауыржан Момышұлының бірегей 
тұлғалығы - қазақ халқының мақтанышы. Ол – сирек кездесетін 
адамдардың бірі, ол сөз жүзінде айқын ақыл, батылдық, адалдық пен 
адамгершілікті көрсете білді. Ол өзінің батыр ата-бабаларының шынайы 
ұрпағы. Біз - ұлы тұлға ұрпақтары, Қазақ тарихының жарқын жұлдызы 
Бауыржан Момышұлының мұрасын сақтап қана қоймай, оны келесі 
ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бізге оның шығармаларын оқи отырып, 
қуаттандыратын 
энергиясын 
бойымызға 
сіңіре 
отырып, 
оның 
адамгершілікті жоғары деңгейге қоятын нақыл сөздерін ойымызға түйіп 
отыру қажет. Қазақ халқы Бауыржандай батырын мәңгі есінде сақтап, 
мақтан етеді. Өйткені, ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Б. Момышұлы 
тек батыр ғана емес, ол өзінен кейін үлкен шығармашылық мұра 
қалдырған жазушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет