Қарағанды қаласының білім бөлімі



Дата22.02.2016
өлшемі153.15 Kb.
#1987
Қарағанды қаласы әкімдігінің

2008 жылғы «__3_» __маусымдағы_

№ __60/08________ қаулысына

1 қосымша


Қарағанды қаласының білім бөлімі


(Бюджеттік бағдарламаның әкімгері)


ПАСПОРТ

Жалпы білім беру


(бюджеттік бағдарламаның аты)

2008 жылға арналған
1.Құны: 4503599,0 мың теңге (төрт миллиард бес жүз үш миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік - құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі 548-II Бюджеттік кодексі;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңы;

«Мүмкіндіктері шектелген балаларға әлеуметтік және дәрігерлі-педагогтық түзету көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-11 Заңы;

«Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 08 қаңтардағы №16 Заңы;

«2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы;

«Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы заңды күшіне енген №2732 Жарлығы;

«Білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы №1050 қаулысына енгізілген келесі өзгертулер және толықтырулармен);

«Мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің Типтік штаттарын және педагогика қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысы;

«12-жылдық жалпы білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралардың Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 681 қаулысы;

Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің 1998 жылғы 22 маусымда № 348 бұйрығымен бекітілген қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттер (Орталықтар) туралы типтік ереже; Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің 1998 жылғы 22 маусымдағы № 348 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының орта және кәсіби білім беру жүйесіндегі педагог кадрлармен әдістемелік жұмыс туралы ереже.

«2008 жылға арналған Қарағанды қаласының бюджеті туралы» Қарағанды қалалық мәслихатының ІV шақырылған кезекті ІV сессиясының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №47 шешімі.

3.Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: қалалық бюджет.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған білімді алуына қажетті жағдайларды жасау, ғылым мен техниканың жетістіктеріне жету, тұратын орындар беріліп өмірі, еңбегі денсаулығы жағдайына байланысты қоғамдық тәрбиені талап ететін жалғызбасты аналарға (әкелерге) ата-аналар немесе ата-анасының орнындағы тұлғаларға және жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалғандарға, көп балалы және жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылар балаларының және балалардың білім алу құқығына мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету, тұратын орындар беріліп, оқушының қабілеті мен бейімділігіне сәйкес тереңдетіп, саралап оқытуды қарастыратын негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге асыру, қалалық білім ұйымдарының есеп берулері мен бухгалтерлік есепке алуларын қамтамасыз ету, қаладағы оқыту жүйесін дамыту жөніндегі, педагогика қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру бойынша, инновациялық және тәжірибелік-сараптау жұмыстары жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, 12-жылдық білім беруге көшу үшін жалпы орта, жалпы негізгі, жалпы бастауыш мекемелерінің материалдық техникалық базаларын нығайту, білім берудің жаңа деңгейіне кезеңдеп көшуге арналған жағдайлар жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: балалар мен мектеп жасындағы жасөспірімдерді оқыту үшін жағдай жасау, олардың шығармашылық, рухани, табиғи мүмкіндіктерін дамыту , салауатты өмір салты мен өнегеліліктің баянды негіздерін қалыптастыру, өз Отаны Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігі, патриотизм мен азаматтылығын тәрбиелеу, жеке қасиеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрісін молайту, оқу іс-әрекетінде дарынды, қабілетті оқушыларды дамыта оқыту технологиясы мен инновациялық әдістерді пайдалану арқылы олардың шығармашылық қабілеті мен өздік танымдық іс-әрекетіндегі дағдыларды дамыту, білім жүйесінің бірегей ақпараттық оқыту ортасын жасау, білім жүйесін ақпараттандыруды қалыптастыру және әлемдік ақпараттық оқыту кеңістігіне кірігу мақсатында Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын арттыру; мектептерді Интернетке қосу арқылы негізгі және орта білім беру ұйымдарының ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуіне мүмкіндік беру, республикалық шараларға (конференция, олимпиада, жарыстар, ғылыми-жобалар) қатысу, балалардың сауықтыру лагерінде балалардың болуы, облыстық және республикалық сайысқа қатысуы, мемлекеттік көмек пен қолдауды керек ететін ақыл-ойы мен табиғи дамуында кемшіліктері бар балаларға тұратын орын беру арқылы жалпы орта білімдік бағдарламасын меңгеруге жағдай жасау, Қазақстан Республикасының заңнамаларын қадағалауды бақылау, қаржыландыру жоспарының орындалуын, жеке тұлғалармен, мекемелермен есептесуін, материалдық құндылықтарды сақтау жағдайын, бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ашық лимиттерге сәйкес қаржыларды дұрыс және тиімді пайдалану, қалалық білім мекемелерінде оқу процесі жағдайының диагностикасы және мониторингісі, қалалық білім беру ортасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға және жасауға ат салысу, қалалық аттестациялау кезеңін өткізуге ат салысу, білім мекемелерін лицензиялау, алдыңғы педагогтық тәжірибені тарату және жинақтау, оқу, білім мекемелеріне көмек көрсету, қалалық білім мекемелерінің әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары:





Бағдарлама коды

Бағдарлама бөлімдерінің коды

Бағдарлама бөлімдерінің аты

Бағдарламаны іске асыру шаралары (бағдарламаның бөлімдері)

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2




4

5

6

7

1



003


105

Жалпы білім беру.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектеп-бала бақшалар.




Мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау, білім алушылардың өздік және қосымша білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі, жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартын сақтай отырып, оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқыту және тәрбиелеу. 5 жастағы балаларды мектепалды дайындығымен қамту.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды күндізгі және сырттай сыныптарда оқыту.


Оқу жылы бойы

Оқу жылы бойы



Қарағанды қаласының білім бөлімі


Күндізгі және сырттай оқытатын сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер.















Кәсіби және профильді жалпы білім беретін бағдарламаларды игеруге және оны саналы түрде таңдауға дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениеті жоғары деңгейдегі, ой-өрісті тұлғаны қалыптастыру. Нәтижеге бағытталған, оқыту технологиясы мен инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен өздік танымдық іс-әрекеттік дағдыларын дамыту. Жалпы білім беру үрдісінде отандық және шетелдік педагогикалық озық тәжірибені пайдалану. Оқушыларды жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға бейімдеу.

Оқушыларды өздерінің қабілеттері мен бейімдеріне сай тереңдетіп, саралап, профильді оқытуды қарастыратын негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша оқыту.

Өнер жетістігі мен эстетикалық білім үгітшілерін, көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді қатысушыларын тәрбиелеу. Мектеп оқушыларын қалалық, облыстық, республикалық байқау, сайыстарына қатыстыру. Мектепте концерттер мен сайыстар өткізу.

Мектепке дейінгі тәрбие мен мектепте оқыту мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу. Оқушыларды салауатты өмір салтына, дене шынықтыруға ынталандыру, денсаулығын нығайту бойынша қажетті шаралармен қамтамасыз ету.



Оқу жылы бойы

Оқу жылы бойы

Оқу жылы бойы


Гимназиялар, мектеп-гимназиялар, лицейлер, мектеп-лицейлер.

Барлық типтегі мектептер

Жалпы білім беретін «мектеп-балабақша»

кешені















Оқушыларды кәсіпке бейімдеуге арналған жұмыстарды ұйымдастыру, екі бағыт бойынша еңбекке баулу мен профильді оқыту, оқушыларға өздерінің қызығушылығына сай кәсіби бағдар беруде экономикалық білімдерін қалыптастыру, еңбекке деген саналы көзқарасты тәрбиелеу, нарық жағдайында еңбек пен өмірге дайындау.

Мектеп жасына дейінгі балалардың толығымен дамуын ұйымдастыру және жалпы білім беретін мектептер базасындағы шағын орталықтарда олардың мектепке барар алдында алғашқы бірегей дайындықтан өту мүмкіндігін алуы.

Жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген және көп балалы отбасыларының балаларын тамақтандыруды ұйымдастыру, оларға киімдер, аяқ киімдер, мектепке қажетті құралдарды сатып алу, Жалпы оқу қорының есебінен жазғы сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру. Барлық типтегі жалпы білім беретін мектептер қызметін қамтамасыз ету және ұстау. Балалардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз ету. Балаларға білім беру үшін жағдайлар жасау: ғимараттарды, бөлмелерді, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу; ғимараттарды, бөлмелерді, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды жабдықтау, ұқыпты ұстау; басқа да тауарларды сатып алу; қажетті азық-түліктерді сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу; лингафон және мультимедиялық кабинеттерді сатып алу; физика, биология, химия кабинеттерін жабдықтауға арналған құралдарды сатып алу; жиһаздар, ұйым техникаларын сатып алу;

алмастырушы бөлшектерді, жинақ және құрылыс материалдарын сатып алу,

аулаларды көгалдандыру мен көркейту, ғимараттарды күзгі-қысқы мезгілдердегі жұмыстарға дайындау; 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші және екінші сынып оқушыларын ыстық тағамдармен қамтамасыз ету, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үшінші және төртінші сынып оқушыларын ыстық тағамдармен қамтамасыз ету, басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулер; жыл бойы әр түрлі санаттардағы балалар үшін сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру, электрондық құжаттардың қызметін қамтамасыз ету, ағымдағы басқа да шығындар. Балалардың өмірі мен денсаулықтарын сақтауды қамтамасыз ету. Өрт қауіпсіздігін сақтауға жағдайлар жасау. Санитарлық гигиеналық режимнің сақталуы, дәрі-дәрмектер, жуу құралдарын сатып алу. Педагогика қызметкерлерінің қажетті медициналық тексерісін қамтамасыз ету. Балалардың медициналық тексерісін қамтамасыз ету.

Қалалық білім ұйымдарын қаржыландыруға бюджеттік өкімдерді ресімдеу және оларды қаржыландыру есебі. Бюджеттік есептер, ақылы қызметтер есебі және қайырымдылық, демеушілік көмектер мен жиынтық есеп беру бойынша қаржыландыру жоспарын нақтылы және кассалық орындау жөнінде қалалық білім ұйымдарынан жылдық, айлық, тоқсандық есептерін қабылдау.

Қарағанды қаласының білім беретін мекемелерінен ақылы қызмет көрсету мен несиелік, дебиторлық қарыздар туралы жасаған есептерін қабылдау және қалыптастыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы қалалық ұйымдардың есебін қабылдау және жинақтау. Орталықтандырылған бухгалтерия қызметін қамтамасыз ету және ұстау.

Орталықтандырылған бухгалтерияға қарасты 19 мектеп, білім бөлімінің әдістемелік кабинеті, аппараты бойынша есеп берулер мен бухгалтерлік есепке алуды жүзеге асыру.

Қаладағы білімді қаржыландыру бюджеттік өтінімін, қаладағы білімді дамыту стратегиялық және индикативті жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеу.

Статистикалық және оперативті есепті жинау, талдау.

Қатаң есептегі бланктерді есепке алу. Материалды қаржы ресурстарын үнемді пайдалануға бақылау жасау. Мектепке дейінгі балалар мекемелерін, барлық типтегі мектеп-интернаттар мен мектептерді жинақтау жөнінде статистикалық есеп берулерді жинау.

Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын зерделеу. Жас мамандар мен мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастыру. Мектеп бітірушілерді, мұғалімдерді кешенді тестілеуден, әлеуметтік – психолого - педагогтық зерттеулер, конкурстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу. Білім бөліміндегі әдістемелік кабинеттің қызметін қамтамасыз ету және ұстау. Базалық пәндер бойынша сабақ беруді, материалдық базаны талдау, лицейлі-гимназиялық қосылымдарды, инновациялық мектептерді; педагогтық кадрлардың мамандық деңгейіне талдау жасау. Оқыту мекемелерінің аттестацияға әзірленуі.

Мектеп мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін жинақтау және зерделеу.



Оқу жылы бойы

Оқу жылы бойы


Оқу жылы бойы


Жыл бойы
Жыл бойы

Жыл бойы


Жыл бойы

Жыл бойы



Еңбекке баулитын жалпы білім беретін мектептер

№8,36,64,11, 60, 83 ОМ,

№37 НМ

Жалпы білім беретін барлық типтегі мектептер



Қарағанды қаласының білім бөлімі.

Қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған

бухгалтерия-сы

Қарағанды қаласының білім бөлімі, білім бөлімінің

әдістемелік кабинеті

Қарағанды қаласының білім бөлімі,

барлық типтегі мектептер


2

003

101

Жалпы білім беру.


Мектеп-интернат

тар


Тұратын орындар беріліп, ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қамқорынсыз қалған балалар мен жетімдер, көпбалалы және жеткіліксіз қамтылған отбасылар балаларының білім алуы үшін мемлекеттік құқық кепілдігімен қамтамасыз ету.

Жалпыға бірдей міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі оқыту мемлекеттік стандарттардың негізінде жасалған оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқыту мен тәрбие беру. Мектеп-интернаттар қызметін қамтамасыз ету және ұстау.
Балаларға білім беру үшін жағдайлар жасау: қажетті азық түлікті, жиһаздарды сатып алу, ғимараттар мен бөлмелерді, жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы жөндеулерден өткізу; ғимараттарды, бөлмелерді, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды жабдықтау, ұстау; басқа да тауарларды сатып алу; жинақ және құрылыс материалдарын, алмастырушы бөлшектерді сатып алу; негізгі құралдарды, ұйым техникасын, тұрмыс техникасын, сатып алу; аулаларды көгалдандыру және көркейту, ғимараттарды қысқы-күзгі жағдайлардағы жұмыстарға дайындау; электрондық құжаттардың қызметін қамтамасыз ету; басқа да ағымдағы шығындар.

Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін жағдайлар жасау. Балалардың тағамдануын ұйымдастыру, санитарлы-гигиеналық тәртіпті қадағалау, дәрі-дәрмек, жуу құралдарын, балаларға жеке бас гигиенасының құралдарын сатып алу. Педагогика қызметкерлерін қажетті медициналық тексерістен өткізуді қамтамасыз ету, балаларды медициналық тексерістен өткізу.



Оқу жылы бойы


Жыл бойы



Қарағанды қаласының білім бөлімі. Жалпы білім беретін №4 мектеп-интернат

Жалпы білім беретін “№68 бала бақша мектеп-интернат” кешені

Жалпы білім беретін №22 мектеп- интернат


7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтиже:

Тікелей нәтиже: білім алуға азаматтардың конституциялық құқығын қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау, оқушылар мен мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің білім алуына жағдайлар жасау. Білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы.

Соңғы нәтиже: оқушылар білімінің сапасын, мұғалімдердің педагогтық және әдістемелік біліктілігін арттыру. Негізгі және орта мектепті бітіргендігі туралы құжат алатын жоспарланған оқушылар саны – 8488 адамнан кем емес. Физика, биология және химия кабинеттерінің қазіргі замандағы құрал-жабдықтары жоқ мектептер санын азайту. Білім беру үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқу үрдісін бірегей желіде басқару.

Қаржылы-экономикалық нәтиже: Бір физика кабинетінің жоспарланған орташа құны -3510,4 мың теңге, биология кабинеті -1519,0 мың теңге, химия кабинеті-1947,0 мың теңге. Бір мультимедиялық және лингафон кабинетінің жоспарланған орташа құны -5541,2 мың теңге. Бір компьютердің жоспарланған орташа құны -107,0 мың теңгеге жуық.

Уақыттылығы: бекітілген қаржыландыру жоспарына және жасалған келісім-шарттарға сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын уақытылы және сапалы орындау.

Сапасы: терең және орнықты білімді, денесі шыныққан және Қазақстан Республикасының мүддесін қорғауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру және дайындау. Оқушылардың жеке бейімділігін, тұлғалық шығармашылық қабілеттерін дамыту және азаматты тәрбиелеу. Оқушыларды олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, жоғары оқу орындарына түсуге дайындау. 12-жылдық білім беруге кезеңдеп көшудегі оқушылардың профильдік дайындығы. Оқу пәндерінің оқытылу жағдайын жетілдіру. Оқуды “жақсы” және “үздік” бітірген оқушылар үлесі 44 пайыздан кем емес. Оқушыларға білім және тәрбие беру үрдісіне жаңа сапалы әдістер мен инновациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету. Негізгі және жалпы орта білім беретін ұйымдардың ғаламдық ақпараттық ресурстарға жоғары жылдамдықпен қол жеткізулерін қамтамасыз ету.

Білім ұйымдарын оқу құрал-жабдықтарымен материалды-техникалық қамтамасыз етуді жаңғырту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде оқушылар білімінің сапасын арттыру.


Білім бөлімінің бастығы Ж.Жылбаев
ЖЭБ жетекшісі Л.Галиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет