Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданық соты



Дата14.07.2016
өлшемі24 Kb.
#198176
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданық соты

Бұқар жырау ауданының соты 1956 жылы 4 тамызда құрылған және «Қарағанды облысы сотының Ворошилов аудандық халық соты» деп аталған. Орналасқан жері: Ворошилов ауданының Колхозное селосы.

1961 жылғы 15 қарашада ауданның атауы өзгеруіне байланысты соттың атауы да «Қарағанды облысы сотының Ульянов аудандық халық соты» деп өзгерген.

1963 жылы 28 қаңтарда ауданның соты Тельман ауданының қарамағына беріліп, «Қарағанды облысы сотының Тельман ауданы аймақтық соты» деп аталды. Орналасқан жері: Тельман ауданының Ульяновское селосы.

1964 жылы 31 желтоқсанда аудандардың аумақтық бірліктерге бөлінуіне байланысты ауданның соты «Қарағанды облысы сотының Ульянов аудандық халық соты» деп атала бастады.

1970 жылы 25 қыркүйекте соттардың әділет ведомствосына берілуіне сәйкес, аудан сотының атауы «Қарағанды облаткомы әділет бөлімінің Ульянов аудандық халық соты» деп өзгерді. Орналасқан жері: Ульянов ауданы Ульянов селосы.

1988 жылы 07 шілдеде аудандық соттың атауы «Қарағанды облаткомы әділет басқармасының Ульянов аудандық халық соты» деп өзгерді.

1997 жылы 23 мамырда ауданның атауы өзгеруіне байланысты аудандық сот «Қарағанды облаткомы әділет басқармасының Бұқар жырау аудандық соты» деп аталды.

2001 жылғы 4 шілдеден бері мемлекеттік құрылымдардың қайта құрылуына сәйкес ауданның сотының да аты өзгеріп, бүгінгі күнге дейін «Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық соты» деп аталып келеді.

Соттың адресі: Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 32.



Аталған кезеңдерде соттың басшылығын төмендегідей төрағалары жүргізді:

  • 1985-1986 жылдары Мақашев Зейнолла Мұхамедияұлы

  • 1986-1992 жылдары Түсіпбекова Роза Жәлелқызы

  • 1992-1996 жылдары Шелленберг Виктор Эрвинович

  • 1996-жылы Жүнісова Жұмакүл Толеутайқызы

  • 1996-2002 жылдары Омаров Орал Нұрғалиұлы

  • 2002-2007 жылдары Қыстафин Болат Жетпісбайұлы

  • 2007-2011 жылдары Шағатаев Қайрат Күмісбекұлы

  • 2011 жылғы ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Әбдікеров Болат Қалияқпарұлы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет