26
1.3.Мектепішілік есепке алу жұмысының мақсаты -алдын алу жұмысы
сапасын жақсартуға қажетті барлық тиімді объективті жағдайларды жасау,
білім беру ұйымдарында білім алушыларды
әлеуметтік және құқықтық
қорғау.
1.4. Осы ереже білім алушыларды мектепішілік есепке қою және есептен
шығару ережесін реттейді.
ІІ. Негізгі мақсаттары мен міндеттері
2.1 Мектепішілік есеп
мектепішілік бейімделмеуді, оқушылардағы
бейәлеуметтік жүріс-тұрысты
ерте кезеңде диагностикалау, білім
алушыларды бақылау және оларға уақытында
әлеуметтік-педагогикалық
кӛмек кӛрсету үшін жүргізіледі.
2.2 Негізгі міндеттері:
- кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы іс-әрекеттерінің,
құқық
бұзушылық, бақылаусыздық, қаңғыбастылықтың алдын алу, ескерту;
- кәмелетке толмағандардың заңды құқықтары мен қызығушылықтарын
қорғауды қамтамасыз ету;
-әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған немесе
әлеуметтік жетімдік бойынша
тәуекел топтағы балаларды дер кезінде анықтау;
-сабақ
оқуға ынтасы жоқ, тәртібінде ауытқулары бар жасӛспірімдерге
әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық кӛмек кӛрсету, қолдау;
-балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасыларға мекенжайлық жеке кӛмек
кӛрсету.
Достарыңызбен бөлісу: