«Қарағанды облысы «Эребуни» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі
Артур Ильичович Навасардян - «Қарағанды облысы «Эребуни» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі.
«Қарағанды облысы «Эребуни» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 1994 жылы тіркелген. Армян мәдени орталығының қызметі армян тілін, тарихын, әдебиетін, ұлттық қолөнерін оқып, үйренуге; армян мәдениетін сақтап, дамытуға; салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ырымдарын насихаттауға жағдай жасау.
Армян бірлесітігінің мүшелері жастарды мәдени және рухани құндылықтарға баулуда, қазақстандық патриотизмге, отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеуде көптеген жұмыстар атқаруда.
Этномәдени бірлестік шығармашылық ұжымы қазақстандық патриотизмді, этносаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыруға арналған облыс көлемінде өтетін барлық фестивальдер мен акцияларға атсалысады.
Аталмыш бірлестіктің қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан бірлестік төрағасы. Қазақстан мемлекеттік саясатын белсенді насихаттаушы, этнос және конфессияаралық келісім идеяларының дәнекері. Облыстың көлік инфраструктурасын жақсартуға, Қарағанды, Астана жолдарын салуға үлкен үлес қосқан азамат, балалар үйі мен аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жұмыстарымен айналысады. Бұхар-Жырау ауданының Көкпекті ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге демеушілік көрсетті.
ҚР Президенті жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары материалдарын ақпараттық түсіндіру тобында армян орталығының белсенділері қарқынды жұмыс атқарып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |