Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы



Дата03.07.2016
өлшемі30.44 Kb.
#174643
Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

Бiрлескен Қарағанды облысы әкiмдiгiнiң 2010 жылғы 07 маусымдағы N 16/02 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХV сессиясының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 309 шешiмi. Қарағанды облысының Әдiлет департаментiнде 2010 жылғы 16 шiлдеде N 1881 тiркелдi


"Орталық Қазақстан", 2010 жыл 22 шiлде, N 116 (20 899)


      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8,  11 баптарына сәйкес, Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкiмдiктерi мен мәслихаттарының бiрлескен қаулылары мен шешiмдерiнiң негiзiнде Қарағанды облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Қарағанды облысының Жезқазған қаласының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Талап селосының құрамына қоса отырып Ескi Талап бөлiмшесi таратылсын;
      2) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және олардың аумағын Малшыбай селосының құрамына қоса отырып Балабай, Өткелбай, Қарабұлақ бөлiмшелерi таратылсын;
      3) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және олардың аумағын Түйемойнақ станциясының құрамына қоса отырып Кеңгiр селолық округiнiң N 310, N 323, N 335 разъездерi таратылсын;
      4) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Кеңгiр селолық округiнiң Теректi станциясының құрамына қоса отырып N 359, N 370 разъездерi таратылсын;
      5) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Кеңгiр селолық округiнiң Қорғанбай бөлiмшесiнiң құрамына қоса отырып Кеңгiр селолық округiнiң Рыбопитомник бөлiмшесi таратылсын.
      2. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ботақара селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Ботақара селолық округi таратылсын;
      2) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Суықсу селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Суықсу селолық округi таратылсын;
      3) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ақөре селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Ақөре селолық округi таратылсын;
      4) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Қарақұдық селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Қарақұдық селолық округi таратылсын;
      5) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Молодецкое селосының әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Молодецкий селолық округi таратылсын.
      3. Қарағанды облысының Нұра ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Сарыөзен селолық округiнiң Тiкенектi селосының құрамына қоса отырып Жүкей селосы таратылсын.
      4. Қарағанды облысының Шет ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) елдi мекен мәртебесiн жоғалтуына байланысты соңынан деректердi есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ақадыр кентiнiң әкiмшiлiк бағынысына қоса отырып Подхоз қосалқы шаруашылығы таратылсын;
      2) Ақжал кентiнiң әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң құрамында орналасқан елдi мекенге "Аяқши" атауы берiлсiн, есепке алу және тiркеу деректерiне қоса отырып ауыл санатына жатқызылсын.
      5. Бiрлескен қаулының және шешiмнiң орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасарларын облыс өңiрлерiне бекiту туралы" облыс әкiмiнiң 2010 жылғы 26 ақпандағы N 21ө өкiмiне сәйкес, облыс әкiмiнiң орынбасарларына және облыстық мәслихаттың әлеуметтiк-мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
      6. Осы "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" Қарағанды облысы әкiмдiгi және Қарағанды облыстық мәслихатының бiрлескен қаулысы мен шешiмi алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өтiсiмен қолданысқа енедi.

      Қарағанды облысының әкiмi                  С. Ахметов



      Сессия төрағасы                            А. Найзабеков

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Б. Жұмабеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет