Қаражал қаласының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға арналған бірінші кезекті міндеттер



Дата23.02.2016
өлшемі35.25 Kb.
#5988
Қаражал қаласының 2012 жыл ішіндегі

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және

2013 жылға арналған бірінші кезекті міндеттер
Қаражал қаласының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің артуымен, өмір сүру деңгейінің жақсаруымен және қоғамдық-саяси аухалдың тұрақтылығымен сипатталады

2012 жыл ішінде 16556,5 млн.теңге сомасындағы өнеркәсіп өнімдері өндірілді.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 8233,1 млн.теңге немесе 2011 жылмен салыстырғанда 162,6%.

Бөлшек сауданың көлемі 1309,1 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,4% артты.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 338 бірлікті құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 100,6%.

Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 1195 адам немесе өткен жылмен салыстырғанда 101,4%.

Шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі 1580 млн.теңгені құрады немесе жоспарлы көрсеткіштен 100%, 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 105,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жыл ішінде 3690,5 млн.теңге сомасында қалыптасты, құрылыс жұмыстарының облыстық көлемдегі үлесі 2,8%. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлем индексі 160,5%.

Қолданысқа 5185 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, жоспардан 157% (2011 жылмен салыстырғанда 177%).

Қала бюджетіне түскен кірістердің сомасы 579,5 млн.теңгені құрады, жоспардың орындалуы 101,2% қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджеттің шығыстары 2404,8 млн.теңгені құрады. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99,9%.

2012 жылы нақты 257 адам жұмысқа орналастырылды немесе 54,6%. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үлесі 54,6%. Жылдың басындағы ауыспалы контингенттті қоса алғанда жұмысқа орналасу туралы өтініш бергендердің 37,3% жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздықтың тіркелген деңгейі 1,5% құрады.

Тіркелетін кедейшілік деңгейі 0,4 пайыздық тармаққа төмендеп, аймақ бойынша тұтас алғанда 1,3% құрады.

«Ақбұлақ», «2012-2020 жылдарға арналған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары табысты іске асырылуда

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында спорт нысандарының саны артты, спорт жабдықтары сатып алынды, спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны көбейгені байқалады.

Білім беру нысандарының материалдық-техникалық жарақталуы облыстық көрсеткіштеріден жоғары деңгейге жетті.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында халықты сумен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету, қаланывң барлық шағын аудандарын жарықтандыру мәселелері шешілді, қала және кент ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Қалалық коммуналдық шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасы нығайтылуда, қосымша 1 техника бірлігі сатып алынды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасының асяында «Тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі ашылды.

Ішкі саясат саласында қоғамдық-саяси ахуал тұрақты қалыпты сақтап отыр.

Қаражал қаласы бойынша мемлекеттік қызметтердің 42 түрі көрсетіледі. «Электронды Үкімет» порталына 6 мемлекеттік қызмет шығарылды.

Сонымен қатар, 2012 жылдың маусым айынан бастап, екі атқарушы органда – «Қаражал қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде және «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Е-лицензиялау» жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта барлық лицензиялар осы жүйенің базасына енгізілген. 2013 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және сәулет саласында көрсетілетін рұқсат ету қызметтерін электронды пішінге көшіру жоспарланып отыр.

Аймақ бойынша тұтас алғанда 2012-2013 жылдардың жылыту маусымының басталуына нысандардың дайындық деңгейі 100% құрады.

Сонымен қатар, қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, жекелеген көрсеткіштердің орындалмауы орын алғанын атап айту керек.

Өнеркәсіп өнімлерінің нақты көлем индексі 94,7%.

Бағдарлама іске асырыла бастаған 3 жыл ішінде Индустриаландыру картасына енгізілуге жобалар ұсынылмаған.

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында осы уақытқа дейін жобалар енгізілген жоқ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 17 түрі бойынша бағалар өсіп кеткен.

Тұрғын үй салу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға бөлінген 3,3 млн.теңге игерілмей қалды.

Республикалық бюджет кірістерінің деңгейі төмендеп, оның орындалу көресткіші 54% құараған.

Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық санының өсу қарқыны төмендеп, 99,8 пайызды құрады, 2011 жылы – 100%.

Қылмыс деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 12% көтерілген, олардың ашылу көрсеткіші 64,8%.



Қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингі тисті деңгейде жүргізілмейді.

Сонымен қатар, сәбилер өлімі бірнеше есе өсіп, облыстық көрсеткіштен асып түскен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет