Эссе
"Қарым қатынас процесінде қоршаған
ортаны қабылдау"
Орындаған:Майзабек Дана
Тексеруші: Джакупова Чинара Абдусаматовна
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас
мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну,
оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес.
Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам
ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз- тіл арқылы пікір
алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара
жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-
қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б.
Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс
мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің
болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір
адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің
анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның
мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің
азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен
қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек,
баспана, ұйкы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен
араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Адамзат
өміріне қажетті моральдық қолдауды қоршаған ортадан алады.
Адамның дамуы оның айналасындағы адамдармен қарым-
қатынасына байланысты. Күнделікті өмірде әр адам басқа
адамдармен араласады, яғни өзара ақпарат, тәжірибе, білімдер,
білікітер, дағдылар алмасады. Бұл адамдар арасында бірлескен іс-әрекет
қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс қарым-
қатынас деп аталады. Демек, қарым-қатынастың қалыптасуы адамның
мінезіне байланысты. Қарым-қатынастың түрлері көп. Мысалы,
туысқандардың қарым-қатынасы немесе шәкірт пен ұстаздың қарым-
қатынасы, ғашық адамдар арысындағы қарым-қатынас және т.б.
Мәселен, ата-аналар және балалар қарым-қатынасы ең жақын
туысқандардың қарым-қатынасын айтуға болады. Кейде достарымыз
бен ұстаздарымыз туғанымыздай болып кетеді. Сонымен қатар,
адамдардың ғашықтық қарым-қатынасын да жоғары бағалаймыз.
Адамадар ғашық болып үйленеді, яғни отбасын құрады. Өзара
сүйіспеншіліктен құралған отбасы берік болады.
Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекет адам өзге адамдармен
қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни
ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек.
Қарым-қатынас тек ақпарат алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі
таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас арқылы
түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, қарым-қатынас арқылы
өмірлік тәжірибе жинақтауға болады, жаңа әртүрлі нәрселерді білуге
болады. «Кісі болар кісінінің кісіменен ісі бар, кісі болмас кісінің
кісіменен несі бар» деген екен Ақсуат би.

Достарыңызбен бөлісу: |