Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы бұйрық.ҚР 114-Ші-iv 2008 жылғы 29 желтоқсан Дайындаған:Кусайнова Томирис Тексерген: Ихласова А.Ж Арнаулы әлеуметтік қызмет дегеніміз не? - Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
Бірінші бап - Бірінші бап
- Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- 1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
- 2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
- 3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
- 4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
- 5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
- 6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
- 7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
- 8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
Достарыңызбен бөлісу: |