Асанұлы, Қ. Ұлылық пен ізгілік / Қойлыбай Асанұлы // Орталық Қазақстан. 2006. 9 желтоқсан (№235-236).



Дата09.06.2016
өлшемі63.59 Kb.
#123886
Асанұлы, Қ.

Ұлылық пен ізгілік / Қойлыбай Асанұлы // Орталық Қазақстан. - 2006. - 9 желтоқсан (№235-236). - ( 13 желтоқсан -академик Е. Бөкетовтің өмірден өткен күні)



«Ұлық болсаң, кішік бол»,— дейді дана халқымыз. Евней Арыстанұлының өмірі мен шығармашылығына жете үңілген сайын халкымыздың осынау сөзі жадыма жиі оралады. Кезінде ғылым докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығынын лауреаты, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, бірнеше жыл Қарағанды Мемлеікеттік Университетінің ректоры болған Евней Арыстанұлы Бөкетов есімі өз кезеңінде одаққа, қала берді кептеген шет елдерге мемлекет қайраткері ретінде жақсы танымал болды. Оның үстіне Бөкетовтің қаламгерлік қасиеті оның азаматтық болмысын бұкара халыққа одан сайын айшықтай түсті.

Бір басына жетерлік осыншама абырой мен мансапқа ие бола тұра, Евней Арыстанұлы өмірде өте қарапайым, жүрегі мейірімділік пен ізгілікке толы дархан жан еді. Евекең мұрасын зерттеу барысында белгілі əдебиетші-ғалым академик Ғабдолла Əбдіқожаұлы Құлкыбаев ағамызбен сөйлесудің сəті түскен.

Сол жолы Ғабекең өзінің қадірлі ұстазы туралы үлкен тебіреніспен: - Сендер Евекеңді үлкен ғұлама, академик деп қана танисындар. Мен Евекеңнің даналығын да, тіпті балалығын да көргенмін. Кейде баладай сенгіш аңқаулығының да куəсі болғанымыз бар,- деп біршама жылы сөздер айтқан болатын. Кейін Бөкетов шығармашылығын тереңірек зерделеген сайын ғалымның адамгершілік болмысының барлық қырына еріксіз тəнті болдым. Ең бастысы, Бөкетов шығармашылық мұрасының этикалық тазалы-ғы дер едім. Шығарма қаламгер ой-қуатының ақ қағаздағы көрінісі болса, Бөкетов жазған кез келген дүние соның айқын дəлелі.

Қазіргі кезде саяси қуғын-сүргін былай тұрсын, шығармасы сыналған ақын-жазушылар «ит көрген ешкі көзденіп» «өш алу» опрерациясын қолма-қол бастап жіберетінін көзіміз көріп отыр. Ал уақытысында академиктен аға лаборанттыққа түсіп қалған Бөкетов өз шығармасында «əй, аналардікі жөн емес-ау», деп бір ауыз пікір білдірмей, асқан сабырлылықта болуы қаламгердің темірдей төзімін, қажымас қайратын танытып тұрған ізгі қасиеттері емес пе! Сондай кезеңдердегі өзінің жан күйзелісін, оған деген қайрат жігерінің қаншалықты екендігін Е. Бөкетов өзінің жазушы М. Сəрсекеевке жазған хатында былай жеткізеді: «Менің ойым алыста, бірақ шамамның келетін-келмейтінін білмеймін. Баспaлap менен аулақтап жүр, бірақ уақытша болар деген сенім мол. Дегенмен, еңбек жеңер деген ойдамын. Бұл уақытша жұмыстарға көңіл бөлмей, жұмыс істей беруді «Қасымның қасқа жолы» деп тауып отырмын. Сондықтан маған Қанекеңнің (Қ. Сəтбаев) тұлғасы бүкіл өмірді көрсететін сияқты. Мен бұл іске қазір осындай кең тұрғыда қараудамын».

Бұл деректер Бөкетов өмірінің сонғы жылдарындағы қаламгер тағдырының қандайлық халде болғандығын айғақтайды. Туа біткен табандылық пен қайсарлық Е. Бөкетовті шығармашылық жұмысынан қол үздірген жоқ. Ол жаны жаралы шақтарында тағы Абай ғибратына, Абай ақылына жүгініп, өзін сабырлылыққа, төзімділікке шақырды. Абай жырларын қолына алып, тек содан ғана жұбаныш тапты. Бұл туралы академиктің аяулы шəкірті Ғ. Құлкыбаев «Əдебиетші» атты естелігінде: «Соған қарамастан тапжылмай еңбек етіп, «Сəтбаев» романының тарауларын жазудан бір сəтте қол үзбеп еді. Тіпті еңбек рахаты оның көңілін басқаға алаң қыла бермейтін.

«... Жаны жақсы адамды

қаптырам деп,

Əркім бір ит ұстап жүр

ырылдатып,»

немесе


«Ойлы жанға қызық жоқ бұл

жалғанда,

Көбінің іші түтін, сырты бүтін».

немесе


«Арсыз болмай атақ жоқ,

Алдампаз болмай бақ қайда»

Міне, осылай өзінің жан тірегі, көңіл қуаты Абай өлендері арқылы іштей дертті, жалын мен түтінді, көңілдегі кірбінді, ойды сыздауықтай шығарар еді», деп жазады. Ал қазір ше?!.. Атағы Алатаудай ақын-жазушы академиктеріміздің өздері бас болып баспасөздің бетінде ар-ұятты жиып қойып, бет жыртысып жатқаны. Солардың көбі Бөкетов бастан кешкен руха-ни күйзелістің ширегін де көрген жоқ кой.

Е. Бөкетов бойындағы ізгілік пен ұлылықтың нышанын қаламгердің жастар тақырыбына жазған мақалаларынан айрықша байқауға болады. Академиктің жастар туралы жазған проблемалық мақалалары жалаң ой, құрғақ ақыл ай-тудан ада. Бұл жерде ол белгілі уақыт шеңберінен шығып, халық тарихына терендеп, сол тарихтың тамаша тұстарынан ғабратты қағидаларды өз шығармасына өзек етеді. Жастардың ғылымға деген көзқарасын сөз еткенде əңгіме желісін Шоқан, Ыбырай, Абай дəуірлерінен тарқата отырып, ұлы тұлғалар ұлағатын бүгінгі ұрпаққа тартымды тілмен шебер əңгімелейді. «Қазіргі көрнекті жазушыларымыздың бірі - Ілияс Есенберлин кен инженері екенін білесіздер ғой? Жазушының дарыны бұрып əкетпегенде, ол кісі көрнекті шахта инженері болмақ екен. Сондай-ақ белгілі ақынымыз Олжас Сүлейменов Қазақ Университетінің геология факультетін жап-жақсы бітіріпті, демек ол кісіні поэзия билеп кетпесе, жақсы геолог болуында күмəн жоқ» дей келіп, жастардың назарын өзінің өмірлік мұратына айналған «өнер, білім, ғылым» атты үлкен мақсат биігіне шақырады. «Шын дарынның өзі тек бір қырлы болмайды, өнер мен ғылымның бір саласын мықтап игерген адам, керек болса, екінші саласын да кем игермейді. Осыған байланысты сіздердің ескеретін бір жағдайларыңыз бар: «Өз мамандықтарыңызды, өнер мен білімнің басқа салаларынан бейхабар бола тұра игергем десеңіздер, қателе-сесіздер».

Жалпы Е. Бөкетовтің жастар тақырыбына жазылған публицистикалық мақала, очерктерінің тағылымдық мəнін төмендегіше сипаттауға болады:


  • Отбасы, өскен орта тəрбиесі.

  • Оқу, білімді игеруі.

  • Ғылымға деген құлшынысын ояту.

  • Адамгершілікке, ар-ождан, ізетті болуы.

  • Отан, қоғам алдындағы

жауапкершілігін сезінуі.

Қарап отырсақ, публицистикалық шығармаларына проблемалық сипат беретін осынау қағидалар адам баласының дүниеге келгеннен бастап, өсіп-өркендеуін, жақсы азамат болып, туған Отанына адал қызмет ету, сол арқылы мынау ұлы дүниеге «кетігін тауып, кірпіш боп қалануына» бастайтын өмір формуласының тұтас бір ережесін жазып қалдырғандай əсер береді. Əрине, Бөкетов қаламынан туған оқу, білім, ғылым саласы мен əдебиет, өнер тағылым хақында ойлары, өнеркəсіп, өндіріс, экология жайындағы шығарма-ларының барлығы да Адамгершілік, Адамдық, Ізгілік атты ұлы ұғымдар төңірегінде үйлесім тауып, қоғам дамуының негізгі тетігі ретінде бейбіт өмірдін баяндылығының алғышарттарын жасайды.

Ең бастысы, Е. Бөкетов өз заманының қоғамдық сипатын публицистика тілімен айқындап, бейнелеп кеткен қаламгер. Кеңес заманында өмірге келіп, барлық саналы ғұмырын сол қоғамның даму, өсу, өркендеу кезендеріне бағыштаған, сол дəуірдің шындығы мен ақиқатын боямасыз көрсеткен ғалым-публицистің шығармашылық мұратының қандайлық дəрежеде екендігін өмір көрсетті. Қазіргі кезде кеңестік замандағы əдебиет пен тарихтың денін мансұқ етуге даяр топтын барын да уақыт дəлелдеп отыр. Е. Бөкетов шығармаларындағы уақыт шындығы сондай ойдағы адамдарға нақты жауап болып табылмақ. Өркениетті елдерде қай қоғамның болмасын əдебиеті мен мəдениеті, дəстүрі мен өнеріне үлкен құрметпен қарайды. Соған қарап кез келген қоғам бағыт алып, бесігін түзейді.

♦♦♦


2005 жылы академик Е. Бөкетовтің 80 жылдық мерейтойы мемлекеттік деңгейде кеңінен аталып өтті. Осынау торқалы тойға ғалым атын иеленген Қарағанды мемлекеттік университет ұжымыда үлкен əзірлікпен келді. Гоголь көшесі бойындағы университеттің бұрынғы бас ғимаратында орналасқан Е. Бөкетов мұражайы толық жөндеуден өткізіліп, келушілерге есігін айқара ашты. Академик-ғалым құрметіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдердегі көптеген қонақтар шақырылды. Ғалым шығармаларының библиографикалық керсеткіші жазылып, жаратылыстану жəне əдеби еңбектерін қамтитын 6 томдық еңбегі баспаға ұсынылып, жарық көрді. Университет бас ғимаратының алдында академиктің мүсіні орнатылатын тұғыр тас белгі

орнатылды.

Енді, міне, 13 желтоқсан Бөкетовтің өмірден қайтқан күні қарсаңында сол тас тұғырға академиктің адамгершілік пен ізгшік нышанына толы айбынды мүсіні орнатылады. Сөз жоқ, бұл үлкен жеңіс. Уақытында ұстаз Бөкетовтің өзі жастармен замандасындай сыйласып, сырласса, енді оның риясыз рухы жас өркенді құшақ жая қарсы алып, білім мен ғылымның төріне дəйім шақырып тұрары сөзсіз. Бір кездердегі академик Бөкетовтің шəкірті, бұл күндегі университет ректоры, профессор Еркін Қинаятұлы Көбеев Евней ұстазының рухы алдында үлкен парызын өтеді. «Шəкірті бар ұстаз — бақытты».— демекші, Еркін Қинаятұлы жетекшілігімен атқарылған осынау ізгілікті істердің болашақ ұрпаққа берер тағылымдық мəні аса зор. Алғашқы Бөкетовтанушылардың бірі ретінде мен де осынау толғанысымды жүрек жарды жыр жолдарыммен аяқтағанды жөн көрдім:

Алдаспандай, асыл туған

айбарлым, Қамшы ғұмыр қасиетіңе

қайранмын. Қара қорым зиратыңның

басында, Суретіңе сырымды айтып

ойландым.

Сансыз сұрақ... мейлі мұңға

батырсын, Сен Ғұлама, һəм жазушы,

ақынсың. Алты Арысқа сыймай кеткен

Айбозым.


Қарыс жерге қалай сыйып жатырсың.

Шоқан, Қаныш көшіне ерген еренім, Өзінді іздеп келді, міне, өренің. Ғұламасың, Жыр-Анасын

тəрк еткен,

Бұл заманға керек боп тұр көмегің.

Өзің көрген, өзің жүрген

сарай бұл, Өзің жайлы сыр шертеді...

талай дүр. Уақыт — емші... еткен күнде

белгі бар. Алтын күннің кірпігінде

арай нұр. Сол бір нұрдың сөнбес енді

шапағы, Басылмайды жүрегімнің

от-əні Арыстанның Айбоз ұлы

мəңгілік,



Өлтірмейді оны шыңдық -

Отаны!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет