Асанова с. С., Калманова н. М


Ағымдағы берешек бойынша төлемқабілеттілік дәрежесі



Pdf көрінісі
бет105/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Ағымдағы берешек бойынша төлемқабілеттілік дәрежесі
9
)бұл 
қаржылық жағдайды бағалауда негізгі көрсеткіш, яғни оның мәні бойынша 
ұйымның дәулетсіздігін анықтайды.
Ағымдағы берешектерін айналым капиталымеи орнын толтыру ко-
эффициенті (K
10
)
  
запас, дебиторлық берешек, қысқа мерзімді қаржылық са-
лым, ақшалай қаражат және басқа да айналым активі түріндегі барлық ай-
налым капитал құнының ұйымның ағымдағы міндеттемелеріне қатынасы 
ретінде саналады.
Бұл коэффициент қаншалықты ағымдағы міндеттемелерді айналым ка-
питалымен орнын толтыратынын, яғни ағымдағы өтімділігін көрсетеді. Осы-
дан басқа бұл барлық дебиторлық берешектерді («қайтармайтын» берешекті 
қосқанда) төлеген уақытта және барлық қолда бар запасты (оның ішінде 
өтімді емес запастарды қосқанда) сатқанда ұйымның төлем қабілеттілігін си-
паттайды. Талданып отырған кезеңде бұл көрсеткіштің төмендеуі ак-
тивтердің өтімділігінің төмендегенін немесе ұйым залалының өскенін көрсе-
теді.
Айналымдағы меншікті капитал
11
)
 
ұйымның меншікті капиталы 
мен айналым- нан тыс активтің айырмасымен анықталады.
Меншікті капиталдың айналымда болуы ұйымның қаржылық тұрақты-
лығының маңызды көрсеткіші болып саналады. Меншікті капиталдың ай-
налымда болмауы ұйымның барлық айналым капиталы және айналымнан 
тыс капиталдың көбісі несиелік қаражаттың көмегімен (көрсеткіштің теріс 
мәні болған жағдайда) құрастырылғанын көрсетеді.
Айналым капиталындағы меншікті капиталдың үлесі (айналым ка-
питалымен қамтамасыз ету коэффициенті) (К
12
) айналымдағы меншікті капи-
талдың айналым капиталының барлық сомасына қатынасымен анықталады.
Бұл көрсеткіш меншікті және несиелік айналым капиталының ара қаты-
насын сипаттайды және қаржылық тұрақтылық үшін қажетті меншікті капи-
талмен ұйым қызметін қамтамасыз ету дәрежесін анықтайды. Ұсынылып 
отырған коэффициент мәні 0,1-ден кем болмауға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет