Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет106/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Автономия коэффициенті (қаржылық тәуелсіздік) (К
13
)
 
меншікті капи-
талды ұйым активінің барлық сомасына бөлгенге тең.


171 
Автономия коэффициенті, немесе қаржылық тәуелсіздік, залалдан та-
заланған ұйымның капиталы мен резервтер құнының айналымнан тыс және 
айналым капиталына қатынасымен анықталады. Бұл коэффициент меншікті 
капиталмен орнын толтыратын ұйым активінің үлесін анықтайды. Қалған 
үлесі несиелік капиталмен толтырылады. Көрсеткіш ұйымның қызметіне 
аванстанған барлық сомадағы ұйым иесінің үлесін сипаттайды. Неғұрлым 
бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым қаржылық тұрақтылығы, 
сыртқы кредиторлардан тұрақтылығы және тәуелсіздігі жоғары болады. 
Корэффициенттің ұсынылған мәні 0,5-тен кем болмауға тиісті.
Айналым капиталымен қамтамасыз етілу коэффициенті 
14
) ұйым-
ның айналым активін орташа айлық табысына бөлу арқылы табылады және 
ұйымның орташа айлық табысымен өлшенетін айналым активін сипаттайды, 
сонымен қатар оның айналымдылығын да көрсетеді.
Бұл көрсеткіш айналым активіне жұмсалған қаражаттардың айналыс 
жылдамдығын бағалайды. Оның мәні ұйымның айналым активінің құрылы-
мын сипаттайтын, өндірісте және есептерде пайдалынатын басқа коэффици-
енттермен толтырылады.
Өндірістегі айналым капиталының коэффициенті
15
) өндірістегі 
айналым капиталының орташа айлық табысқа қатынасымен анықталады.
Өндірістегі айналым капиталының коэффициенті ұйымның тауарлы-
материалдық запаспен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Бұл коэффициенттің 
мәні өндірістің салалық ерекшелігімен анықталады, ұйымның өндірістік 
және маркетинг қызметтерінің тиімділігін сипаттайды.
Есеп айырысудағы айналым капиталының коэффициенті (K
16
) 
өндірістегі айналым капиталын алып тастағандағы айналым капиталының 
орташа айлық табысына қатынасымен есептелінеді.
Ұйымның тікелей өндірісте қатыспайтын айналым активінің айналыс 
жылдамдығын анықтайды. Бірінші кезекте көрсеткіш жіберілген, бірақ та әлі 
ақысы төленбеген өнім үшін есеп айырысудың орташа мерзімін сипаттайды, 
яғни есеп айырысуда болған айналым капиталының өндіріс үдерісінен орта-
ша шығып қалу мерзімін анықтайды.
Одан басқа, есеп айырысудағы айналым капиталының коэффициенті 
ұйым шығаратын өнімнің қаншалықты өтімді екенін, өнім тұтынушылармен 
ұйым қаншалықты тиімді қарым-қатынас орнатқанын көрсетеді. Ол несиеге 
берілген өнімнің төлемін жинау көзқарасы негізінде ұйым саясатының 
тиімділігін байқатады. Қарастырылып отырған көрсеткіш күмәнді және күдер 
үзген дебиторлық берешектердің ықтималдығы және өтемі түспегендіктен 
шығынға жазылатынын сипаттайды, яғни коммерциялық тәуекелдік дәре-
жесін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштің өсуі ұйым айналым капиталының жетіспеуі жаңа несие 
арқылы іске асылады, сондықтан ол өз кезегінде ұйым төлемқабілеттілігін 
төмендетеді. Ұсынылып отырған К
15 
и К
16 
коэффициенттерінің ара қатынасы 
60%/40% болу керек.


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет