166
- инвестициялық қызмет пен жеке инвестициялық жобалардың
рентабелділігі,
- қарапайым қызметтің рентабелділігі;
2) сатудың пайдалылығын сипаттайтын көрсеткіштер, оның деңгейі
өнімді сатудан түскен пайдаға қатынасы арқылы анықталады:
- өнімнің жекелеген түрлерін өткізу рентабелділігі,
- сатудан түскен жалпы рентабелділік;
3) ресурстық ыңғайға негізделген және
оның деңгейі пайданың жалпы
сомаға немесе авансталған капиталдың жекелеген бөліктеріне қатынасымен
анықталатын көрсеткіштер:
- активтердің жалпы рентабелділігі немесе жалпы рентабелділігі,
- операциялық капитал рентабелділігі,
- негізгі капитал рентабелділігі,
- айналым капитал рентабелділігі,
- меншікті капитал рентабелділігі және т.б.
Пайданың қалыптасуын, бөлінуін және пайдалануын талдау келесі
кезеңдерден тұрады:
1) серпінде көрсетілген кұрамы бойынша бухгалтерлік пайда (залал)
талданылады;
2) өнімді сатудан түскен пайдаға (залалға) факторлық талдау
жүргізіледі;
3) төленетін және алынатын пайыздары, басқа да операциялық табыстар
мен жұмсалымдар, кезең табыстары мен
шығындары сияқты пайданы
құраушылардың ауытқу себептеріне талдау жасалады;
4) таза пайданың (залалдың) қалыптасуына және салықтық жеңілдік-
тердің және корпоративтік салықтардың әсері, бюджетпен есептесудегі
айыппұлды ықпалшаралардың сомасына талдау жүргізіледі;
5) өндірісті қайта қаржыландыру мен тұтынуға пайданың бөлінуіне
талдау жасалады;
7) қаржылық жоспарды құруға
ұсыныстар жасалынады;
Кәсіпкерлер үшін сатудан түскен пайданы (залалдарды) факторлық тал-
даудың белгілі мәні бар. Факторлық талдау үдерісінде қол жеткізілген
қаржылық нәтижелерге нақтылы басқару шешімдерінің әсерін сандық
бағалау мүмкіндігі пайда болады.
Өнімді сатудан түскен пайдаға ішкі (субъективті), және сыртқы (шы-
найы) факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларды екі топқа бөлуге болады:
нарық жағдаятының өзгеруімен және кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік рет-
теуімен байланысты. Бірінші топқа жататындар: бәсекелестік ортаның өзге-
руін өлшейтін инфляция деңгейі, нарықтың шоғырлану деңгейі,
төлемқабілеттілік сұранысының факторы, тауар, жұмыс және қызмет көрсету
нарығындағы ұсыныс. Екінші топқа – салық мөлшерлемесінің деңгейіне әсер
ететін
салық саясаты, кеден саясаты, әкімшілік шектеулер.
Оңтайлы ассортимент пен икемді бағаның қалыптасуы өнімді сату
көлемінің өсуіне әсер етеді, пайдалынатын өндірістік ресурстардың көлемі
мен құрамын оңтайлы ету жұмсалымдардың үлес салмағының төмендеуіне
167
алып келеді (өнімді сатудан түскен табыстың1 теңгесіне келетін жұмсалым-
дар).
Ұқсас шығындарды шегергеннен кейінгі табыстың басқа да түрлерін
талдау инвестициялық және қаржылық операциялардың экономикалық
тиімділігін
анықтауға, өнімді сатумен (қызмет көрсетумен) байланысты
емес операцияларды, шаруашылық қызметке төтенше жағдайлардың ықпа-
лын, сондай-ақ ұйымның қаржылық активтерін басқарудың тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді.
Ұйымның қалыптасқан әрбір пайдасын талдау құрылтайшылыр мен ак-
ционерлерге ұйымның іс әрекетінің белсенділігінің
мәнді бағыттарын
таңдауға мүмкіндік береді. Нарықтық қатынастың басқа да қатысушыларына
пайда құрамын талдау ұйымға салым салу кезіндегі қаржылық нарықтың
тұрақсыздануынан болатын шығасыны азайтуға бағытталған қажетті страте-
гия тәсілін жасауға мүмкіндік береді.
Қаржыландыру стратегиясын жасау үшін пайдаға салынатын салықты
және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі ұйымның үлесінде
қалатын пайданы пайдалану және бөлуге арналған талдау қажет. Сонымен
қатар пайданы тұтыну мен өткен жылдардағы қорланымға бөлудің экономи-
калық тиімділігін бағалау ғана маңызды емес, сонымен қатар пайданы қайта
инвестициялау немесе дивидентке сәйкес тұтынуға жұмсаудың тиімділігін
негіздеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: