Уақыт факторын есепке алу. Инвестицияның тиімділігін бағалағанда
уақыт факторының аспектілері есептелінуі қажет, жобаның көрсеткіштерінің
серпінін (уақыт аралығында өзгеруі) және оның экономикалық ортасы
болатын жүйенің өмірлік цикл тұжырымдамасы, өнім өндіру немесе
ресурстың түсуі мен оның төлемі арасындағы уақыттың үйлеспеуі (кешігу),
әрбір уақыт мезгіліне келетін қаржылардың әртүрлі құндылығы ескерілуі
тиіс. Қазіргі уақыттағы бар ақша қаражаттары инвестицияға салынып, ол
болашақта табыс әкелетін болғандықтан ол қаражаттарды құндылығы
әркелкі деп атайды. Сол себептен ақша қаражаттары бүгінгі таңда
инвестицияға салынбаса, ол болашақта пайда әкелмейді және уақыт өткен
сайын құнсыздана береді.
Тәуекелділік факторы инвестициялық жобаның тиімділігі белгілі бір
ықтималдық- пен бағаланатынын білдіреді.
Инвестициялық талдау үдерісіндегі орын алатын барлық есептерді күрделі
емес математикалық функциялар арқылы есептеліненетін алты тұрпатта
көрсетуге болады. Әрбір функция келесі бастапқы мәліметтерді қолдана
отырып құрылады:
• дисконт мөлшері;
• есептелу кезеңі;
• инвестициядан алынған пайда.
Ақша ағымдарын дисконттауда дисконт мөлшері экономикалық
нормативтің негізгі болып саналады. Ақша ағымдарын дисконттау - бұл әр
түрлі уақыттағы құндылықтың мәнін ( әртүрлі есептеу жолына қатынасты)
белгілі бір уақыт кезеңіне келтіру.(келтіру кезеңі).
Капиталдың меншік иесі үшін дисконт мөлшері капитал салымынан
күтіліп отырған пайда мөлшерлемесімен сәйкестендіріледі, сол себептен
неғұрлым шығындар көп болған сайын, соғұрлым әр түрлі уақыттағы
табысты инвестициялау кезеңіне келтіретін дисконттау мөлшерлемесі
жоғары болады.
Дисконттау шетел елдердің тәжірибесінде кең көлемде қолданылады,
онда дисконт мөлшерінің деңгейін (уақыт факторы бойынша келтіру
180
нормативі) іс операциялардың тәуекелділігімен байланыстырылады (12.1.1
кесте).