Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет121/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

12.5.1 кесте - 10% мөлшерлемесінде аннуитет факторы және 
пайызбен көрсетілген факторлардың айырмашылығы 
Жыл 
1 
2 
3 
4 
5 
6 
Фактоp F
4
0,909 
1,736 
2,487 
3,170 
3,791 
4,355 
Кезеңдер арасындағы пайыздық 
айырмашы- лығы, % 
+91,0 
+42,7 
+26,9 
+19,1 
+14,9 
Екі және үшжылдық мерзімнің арасында табыс табуды таңдау нәтиженің 
айырмашылығын 42,7%-ға дейін қателесуге алып келеді, бес және алты 
жылдық аралық қате 14,9%-дық қателікке әкеледі. Болжау мерзімін 
ұзартқан сайын меншікті қайта сатқаннан жобалаған болашақтағы түсімді 
анықтау қателілігі төмендей түседі. 
Екінші және үшінші сұрақтар өндірістің және инвестицияланатын 
тауардың өмірлік циклін жобалағанда шешіледі. Тауардың өмірлік циклін 
бейнелеу саланың дамуына макроэкономикалық циклдың әсерін ескере 
отырып, нарық жағдаятына терең маркетингтік зерттеулер жүргізудің 
нәтижесі болып табылады.
Өмірлік цикл мерзімі – бұл бағаланған инвестициялар пайда әкелетін ең 
ықтимал болатын кезең. Кейбір жағдайларда инвестициялық мерзімнің 


193 
ұзақтығы амортизация есептеу мерзімімен (жобаның өмірлік циклынан ресми 
нышаны бойынша ерекшеленетін), күрделі жөндеу немесе жаңадан 
жарақтану алдындағы мерзіммен анықталады. 
Пайдалану мерзімі біткеннен кейін нысан сатылуы мүмкін, сату бағасы 
активтің есепке алынған құнынан өзгеше болуы мүмкін. Егер қалдық құнына 
қарағанда актив құнының өсуі болжамдалса, онда сатудан түскен таза пайда 
инвестициядан түскен пайда деп қаралады. Егер актив құнын жоғалтса, яғни 
оны сатудан түскен қаражаттар қалдық құнын қайтармаса, онда 
инвестициядан түскен ағымдағы табыс көлемі сәйкесінше осы шамаға азаюы 
керек. Сатудан түскен таза табыс және залал болған жағдайда факторлық 
көбейткішті F
3
қолдану арқылы ағымдағы құн қайта есептелінеді. Сатудан 
түскен түсім келесіні ескеріп жобаланады: 
• жағдаяттың циклдік өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүліктің құны 
өсу мүмкіндігі; 
• инфляция индексі; 
• нысанның табиғи тозу деңгейі; 
жасалынған мәміленің шығындары, оның ішінде қосылған құн салығы. 
Инвестицияның табыстылығын бағалағанда «тәуекелділік» деп аталатын 
санатпен бағаланатын табысты алудың белгісіздік факторы ескеріледі.
Дисконтталатын пайыздық мөлшерлемені таңдағанда тәуекелділік деңгейі 
ескеріледі.
Инвестицияны талдағанда пайыздық мөлшерлемені таңдау ең маңызды 
кезең болып саналады. Әдетте мөлшерлеменің үш нұсқасы қолданылады:
- капиталдың орташа құны;
- несие пайызының орташаланған деңгейі немесе ұзақ уақытқа берілген 
несие мөлшерлемесі;
- ұйымның мүддесімен анықталатын субъективтік бағалау, мысалы, жай 
акция бойынша дивидендтердің деңгейі.
Талдау 
есептерінің 
әдістемесі 
әдетте 
бағалаудың 
қаралған 
көрсеткіштерінің үйлесуін ескере отырып жасалынады. Әрбір нақты 
жағдайда қазіргі уақытта жоғары деңгейде меншік иесінің немесе 
инвесторлардың мүддесін толығымен қамтыйтын көрсеткіштердің біріне 
басымдық беріледі. 
Егерде бірінші орынға жобаның пайдалылығы шықса, онда есептеу 
негізіне инвестициялардың табыстылық индексі немесе өтелімділіктің ішкі 
мөлшері жатады. Неғұрлым өтелімділіктің ішкі мөлшері жоғары болған 
сайын, соғұрлым күрделі салымдарының тиімділігі жоғары болады. 
Шетелдерде өтелімнің ішкі мөлшерін жобаларды талдау үшін сұрыптауда 
оны көрсеткіш ретінде қолданады(бірнеше баламалы жобалар болғанда).
Табыстылықтың ішкі мөлшері IRR 15-20%-дан төмен болмағанда ғана
жобалар талқылауға қабылданады  
Аса жоғары деңгейдегі технологиялық өзгерісі бар салаларда жобаның 
өтелу мерзімі жобаның пайдалылығына қарағанда жоғары басымдықта 
болады.


194 
Бірнеше баламалы нұсқалардың ішінен инвестициялық жобаны 
таңдағанда міндетті түрде келесі қағидалар сақталуы керек:
1) осы жоба бойынша таза ағымдағы құн және инвестицияның 
табыстылық индексі баламалы жобаға қарағанда жоғары болуы;
2) инвестицияның тиімділік коэффициенті капиталдың орташа құнынан 
жоғары болуы;
3) басқа жобалармен салыстырғанда өтелімділіктің ішкі мөлшері 
жоғарырақ болуы;
4) өтелімділіктің ішкі мөлшері инфляция деңгейінен жоғары болуы;
5) өтелімділік мерзімі технологияның жаңарту кезеңіне немесе өнімнің 
өмірлік цикліне сәйкестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет