99
шығын деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?
7. Шартты-айнымалы және шартты–тұрақты
шығындарды талдаудың
ерекше айырмашылығы қандай?
100
7
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
7.1 ӨНДІРІСТІК НЕГІЗГІ КАПИТАЛМЕН
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ТАЛДАУ
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндіріс көлемін
жоғарылатудың маңызды
факторының бірі оларды қажетті мөлшерде және ассортименте негізгі капи-
талмен қамтамасыз ету және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Талдау мақсаты:
• кәсіпорынды және оның құрылымдық бөлімдерін негізгі капиталмен
қамтамасыз етілгенін, қортынды және жеке
көрсеткіштермен пайдалану
деңгейін анықтау;
• олардың деңгейінің өзгеру себептерін айқындау;
• өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге негізгі капиталды пайдала-
нудың әсерін санау;
• кәсіпорын мен құрал-жабдық қуатын пайдаланудың дәрежесін
зерттеу;
• негізгі капиталды пайдаланудың
тиімділігін жоғарылататын
резервтерді
анықтау;
Ақпараттың көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары,
техникалық даму
жоспары, «Кәсіпорын теңгерімі», «Негізгі капиталдың барлығы және
қозғалысы жайлы есеп», «Өндірістік қуат теңгерімі», негізгі капиталды қайта
бағалау мәліметттері және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: