Асанова с. С., Калманова н. М


Мөлшерленетін айналым капиталына



Pdf көрінісі
бет72/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

Мөлшерленетін айналым капиталына, әдетте, айналым қоры мен
ұйым қоймасындағы өткізілмеген дайын өнімнің қалдығы түріндегі айналыс 
қорының бір бөлігі жатады. Мөлшерленетін айналым капиталы ұйымның 
қаржы жоспарында көрсетіледі.  
Мөлшерленбейтін айналым капиталына айналыс қорының қалған 
басқа элементтері жатады, яғни тұтынушыға жіберілген, бірақ та ақысы 


119 
төленбеген өнім, және ақша қаражаттары мен есептесудегі басқа түрлері жа-
тады.   
8.1.1 кесте - Өтімділік дәрежесі бойынша айналым капиталының 
құрамы мен құрылымы 
Айналым капиталының 
топтары 
Теңгерім активінің бабына қосылатындар 
1. Ең жоғары өтімді ак-
тивтер 
1.1. Ақша қаражаттары; касса; есеп айырысу шоттары; 
валюталық шоттар; басқа да ақша қаражатары.
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар 
2. Тез іске асатын ак-
тивтер 
2.1. Жіберілген тауарлар 
2.2. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар 
2.3. Басқа да айналым активтері 
3. Баяу іске асатын ак-
тивтер 
3. Запастар
4. Айналым капита- лы-
ның барлық сомасы
1-т. + 2-т. + З-т. 
 
 8.1.2 кесте - Қаражаттарды салудағы тәуекелділік деңгейі бойынша 
айналым капиталының құрамы мен құрылымы 
Айналым апиталының 
топтары 
Теңгерімдегі актив бабының құрамы 
1. Ең аз салым тәуе- келдігі 
бар айналым капиталы 
1.1. Аша қаражаттары: касса, есеп айырысу шоттары, валю-
талық шоттар, басқа да ақша қаражаттары
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар 
2. Аз салым тәуекел- дігі 
бар айналым капиталы
2.1. Дебиторлық қарыздар (күмәнділерін алып тастағанда)
2.2. Өндірістік запастар (жатып қалған запасты алып тастаған-
да)
2.3. Дайын өнім мен тауарлардың қалдықтары (сұранысы 
жоқтарды алып тастағанда) 
3. Орташа салым тәуе-
келдігі бар айналым капи-
талы
3.1. Аяқталмаған өндіріс (нормативтен жоғарыларын алып та-
стағанда)
3.2. Болашақ кезең жұмсалымдары 
4. Жоғары салым тәуе-
келдігі бар айналым капи-
талы
4.1. Күмәнді дебиторлық қарыз
4.2. Жатып қалған өндірістік запастар
4.3. Нормативтен жоғары аяқталмаған өндіріс
4.4. Сұранысы жоқ дайын өнім мен тауарлар
4.5. Алдыңғы топқа кірмеген айналым капиталдың басқа эле-
менттері 
5. Айналым капиталы- ның 
барлық сомасы 
1-т. + 2-т. + З-т. + 4-т. 
Айналым капиталын меншікті және несиелік деп бөлу пайда болған 
көздерін және тұрақты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым 
капиталдың берілу түрін көрсетеді.


120 
Меншікті айналым капиталы ұйымның меншікті капиталының (жарғы 
капиталы, резерв капиталы, бөлінбеген пайда және т.б) негізінде 
қалыптасады.  
Меншікті айналым капиталға сонымен қатар ұзақ мерзімді пассивтер де 
жатады, яғни ұзақ мерзімді пассивтер негізгі капитал мен күрделі 
салымдарды қаржыландыру үшін қолданады.
Шаруашылық іс әрекетті айналым капиталымен қалыпты қамтамасыз 
ету үшін олар айналым активінің барлық сомасына қарағанда 10%-дан кем 
болмауға тиісті. Меншікті айналым капиталы тұрақты пайдалану 
тәртіптемесінде (режимінде) болады.
Ұйымның меншікті айналым капиталына деген қажеттілігі жоспарлау 
нысаны болып табылады және ол ұйымның қаржы жоспарында көрсетіледі.
Несиелік айналым капиталы банк несиесі ретінде, сонымен қатар 
кредиторлық берешек түрінде қалыптасады. Олар ұйымға уақытша 
пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлегі ақылы (несие мен қарыздар), ал бір 
бөлегі - ақысыз (кредиторлық берешек).   
Несиелік айналым капиталына деген қажеттілік жоспарлаудың нысаны 
болып табылады және ол бизнес-жоспарда (қаржы стратегиясында)
көрсетіледі. Әртүрлі елде меншікті және несиелік капиталдың әртүрлі қарым-
қатынасы қолданылады. Ресейде бұл қарым-қатынас - 50/50, АҚШ-та - 40/60, 
ал Жапонияда - 30/70 құрайды. Нақтылы жағдайларда қаржылық иінтірегін 
(рычагын) есептеу керек болады.
Айналым капиталының қалыптасу көздері айырмашылығы капиталдың 
айналым үдерісінде байқалмайды. Бірақта айналым капиталының 
қалыптастыру жүйесі айналым жылдамдығын баяулатып немесе жеделдетіп 
отырады.
Бұдан басқа, қалыптастыру көздерінің сипаты мен меншікті және 
несиелік айналым капиталын пайдалану әртүрлі тәртіптемесінің қағидасы 
айналым капиталы мен басқа капиталдарды пайдалану тиімділігіне әсер 
ететін шешуші факторлар болып саналады.
Өтімділік деңгейі бойынша және қаржылық тәуекелділік дәрежесі 
бойынша айналым капиталын саралау айналымда жүрген ұйым 
қаражаттарының сапасын сипаттайды. Мұндай саралаудың мақсаты – іске 
асыруға мүмкіндігі аз ағымдағы активтерді айқындау. Ұйымның айналым 
капиталын тиімді басқару қосымша қаржыландыру көздерін табудан басқа 
оларды ұйым активтерінде ұтымды үйлестіру болып саналады. 
Айналым капиталын тез іске асатын және баяу іске асатын (9.1-кесте)
деп бөлу нақты шындыққа жата бермейді, бұл жағдай ұйым іс-әрекетінің 
есеп беретін кезеңіндегі туындаған нақтылы жағдайға байланысты болады. 
Мүмкін қоймадағы дайын өнімнің қалдығы дебиторлық қарыздарды өтеу 
мезгіліне қарағанда тезірек сатылып кетуі мүмкін (қолма қол ақшаға).
Ағымдағы активтердің өтімділігі – бұл айналым капиталына салынған 
салымдардың тәуекелділік дәрежесін анықтайтын басты фактор. Айналым 
капиталының белгілі бір түрін іске асыру жылдамдылығы жайлы 


121 
статистикалық мәліметтерді жинау бұл активтерге салынған салымдардың 
тәуекелдігінің ықтималдығын анықтауға мүмкіндік береді (9.2-кесте).
Қаражаттар салымының тәуекелділік дәрежесі бойынша айналым 
капиталын топтастыру ағымдағы активтерге жұмсалатын қаражаттарды 
ұтымды орналастыруды бақылап отыратын қаржы менеджеріне өте маңызды 
болып келеді. Өтімділікті тиімді басқару – бұл жоғары және орташа 
деңгейдегі тәуекелділігі бар активтер үлесін болдырмауға тырысу деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет