159
Нормативтен тыс дайын өнім қалдығының болу себептерін, ұзақтығын
және құрамын талдау талдамалық және қойма есебінің мәліметтері, түгендеу
арқылы және өткізу бөлімінің оралымды мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Жаңа өнім өткізу нарығын ұлғайту үшін өнімнің өзіндік құнын төмендету
жолдарын табу, оның сапасын және бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату,
ұйым экономикасын құрылымды қайта құру нұсқаларын іздеу, жарнама
науқанын ұйымдастыру керек.
Статистикалық мәліметтер келесілерді дәлелдейді:
1)
зияткерлік меншік нысанын, іскерлік беделін байқататын
материалдық емес активтер әзірге активтер
құрылымында лайықты орнын
тапқан жоқ. Біз әзірге бизнесті лайықты бағалай алмай келеміз, ол өз
тарапынан қазақстандық ұйымдардың акцияларының тұрақтылығына әсер
етіп келеді. Дамыған елдерде метериалды емес активтердің құны негізгі
капиталға қарағанда бірнеше рет артық болып келеді.
2) актив құрылымында жер телімдерінің үлесі оншалықты емес. Жер
телімдерін бағалау және оларға меншік құқығын беру –
бұл ұйым активін
көбейтудің және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты резерві
болып саналады.
3) айналым капиталының үштен біріне дейін дебиторлық берешек
құрайды, бұл ұйымның төлем қабілеттілігінің төмен екенін, экономиканың
қарызды сипатта екенін білдіреді.
Есепті деңгейлі және сатылы талдау жүргізудің
нәтижесінде әрбір
талдама жүргізуші есеп мәліметтерін саланың мәліметтерімен салыстыра
отырып, ұйымның жағдайын бағалап қана қоймай, оның даму жолдарын да
белгілеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: