Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет30/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

4.2 КӘСІПОРЫНДАРДА ТАЛДАУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР 
Кәсіпорындарда шаруашылық қызметті ұйымдастыру түрлері аппарат 
құрамы мен басқарудың техникалық деңгейімен анықталады.
Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында барлық экономикалық бөлімдердің 
жұмысын бас экономист басқарады, ол экономика мәселелері бойынша 
директордың орынбасары болып саналады. Ол кәсіпорында барлық 
экономикалық жұмысты, оның ішінде шаруашылық қызметті талдауды 
ұйымдастырады. Экономика және өндірісті ұйымдастыру зертханасы, 
жоспарлы-экономика бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімі, бухгалтерлік есеп, 
қаржы және басқа бөлімдер оған тікелей бағынады. Экономикалық талдау 
бөлімі немесе тобы жеке құрылымдық бөлімшеге бөлінуі мүмкін. Орта және 
шағын кәсіпорындарда талдамалық жұмысты жоспарлы бөлімнің менеджері 
немесе бас бухгалтер басқаруы мүмкін.
Экономикалық талдауды жүргізу тек қана экономика бөлімінің 
қызметкерлерінің міндетіне кірмей, ол жұмыспен техникалық (бас механик, 
бас энергетик, бас технолог, жаңа технология бөлімі және т.б.) бөлімдердің 
де міндетіне жатады. Онымен цех бөлімшелері, бригада мен телім
басшылары және т.б. айналысады. Экономика бөлімдерінің қызметкерлері 
қаншалықты білікті болғанымен кәсіпорынның шаруашылық қызметін 
талдауды өз күшімен терең және жан-жақты жүргізе алуы мүмкін емес.
Зерттеліп отырған мәселелер бойынша жан-жақты білімі бар экономистер
техниктер, технологтар, әртүрлі өндірістік бөлімдер басшыларының жалпы 
күшімен ғана қойылған мәселелерді кешенді зерттеп, оның шешімінің 
оңтайлы нұсқасын табуға болады.
Шаруашылық қызметті талдаудың функцияларын бөлуді келесі сызба 
түрінде келтіруге болады.
Қаржылық бухгалтерия кәсіпорын капиталын қалыптастыру мен 
орналастыру үдерісін және оның пайдалану тиімділігін, ақша ағымдарын
салықтарды, инвестицияны, пайданы қалыптастыру және оны пайдаланудың 
үдерісін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабілеттілігін және 
т.б. талдайды.
Басқару бухгалтериясы өнімді өндіру шығындарын, оның өзіндік 
құнын, қаржылық нәтижелерді жоспарлайды, есептейді және талдайды.   
Жоспарлы-экономика бөлімі талдамалық жұмыстың жоспарын жасайды 
және 
оның 
орындалуын 
бақылайды, 
талдауды 
әдістемелікпен 
қамсыздандырады, кәсіпорынның және оның бөлімдерінің шаруашылық 


52 
қызметін талдауды ұйымдастырады және оның нәтижелерін қортындылайды, 
кәсіпорынның дамуы туралы стратегиялық, келешектегі мәселелерін 
зерттейді және талдау нәтижесі бойынша келешектегі және ағымдағы 
жоспарларын жасайды.
Өндірістік бөлім көлемі, ассортименті және сапасы бойынша өнім 
шығару жоспарының орындалуын, өндірістің бірізділігін, жаңа техника мен 
технолгияны, өндірісті кешенді механикаландыру және автоматтандаруды 
ендіруін, 
құрал-жабдықтар 
жұмысын, 
материалдық 
ресурстардың 
жұмсалымын, технологиячлық кезеңдіктің ұзақтығын, шығарылған өнімнің 
жинақтамасын, өндірістің жалпы техникалық және ұйымдастыру деңгейін 
талдайды.   
Бас механик пен бас энергетик бөлімі машина мен құрал-жабдықтарды 
пайдалану жағдайларын, құрал-жабдықтар жоспарлы-кестесінің және 
жаңғыртудың орындалуын, жөндеудің сапасы мен өзіндік құнын, құрал-
жабдықтар мен өндірістік қуатты толық пайдалануын, энергия ресурстарын 
пайдаланудың ұтымдылығын зерттейді.  
Техникалық бақылау бөлімі шикізат пен дайын өнімнің сапасын, 
өнімнің ақаулығы және одан келген шығынды, сатып алушылардың шағым-
талабын (рекламациясын), ақауды төмендету іс шараларын, өнімнің сапасын 
жоғарылатуын, технологиялық тәртіпті сақтауын және т.б. талдайды.   
Жабдықтау бөлімі өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз 
етудің дер кездігін және сапасын, көлемі, номенклатурасы, мерзімі, сапасы 
бойынша жеткізу жоспарының орындалуын, қойма қорының жағдайы және 
сақталуын, 
материалды 
жіберудің 
және 
тасымалдау-дайындау 
жұмсалымының мөлшерін сақтауын және т.б. бақылайды.
Өткізу бөлімі келісім-шарттың міндеттемелерінің орындалуын мен 
көлемі, сапасы, мерзімі, номенклатурасы бойынша өнімді жеткізу 
жоспарының орындалуын, қойма қорының жағдайын және дайын өнімнің 
сақталуын бақылайды. 
Маркетинг бөлімі өнім өткізу нарығын, осы нарықта тауардың 
жағдайын, олардың бәсекеге қабілеттілігін зерттейді, кәсіпорынның бағалық 
және құрылымдық саясатын жасайды.   
Еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі еңбекті ұйымдастыру жағдайын, 
оның деңгейін көтеру үшін жасалған іс-шара жоспарының орындалуын, 
кәсіпорынды санаты мен мамандығы бойынша еңбек ресурстарымен 
қамтамасыз етілуін, еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақыты қорының 
пайдалануын, еңбекақы қорының жұмсалымын талдайды.   
Бұл сияқты шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша бірігіп 
жұмыс істеу олардың кешенділігін және, ең бастысы, шаруашылық қызметті, 
оның нәтижесін, пайдаланбаған резервтерді айқындауға, оларды жоғары 
деңгейде және терең зерттеуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық қызметті талдауды жүргізуде үлкен рөл еңбек ұжымына 
беріледі. Оларға әлеуметтік және экономикалық дамуды жоспарлауда, 
материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануды бақылауда, еңбек тәртібін 


53 
нығайтуда, ғылым мен техниканың жетістігін ендіргенде, еңбек жағдайын 
және оны қорғауда және т.б. айтырлықтай үлкен өкілеттік беріледі.
Сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдауды 
жоғары деңгейдегі басқару орындары да жүргізеді. Ол орынның мамандары 
жекеленген мәселелерді немесе кәсіпорынның шаруашылық қызметінің 
кешенді талдауын жүргізуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет