Асқар Л. А., филос.ғ. к., Уразбаева Б. К логика ілімі: қалыптасуы, маңыздылығы және мәні



Дата09.07.2016
өлшемі57.5 Kb.
#186885
Асқар Л.А., филос.ғ.к., Уразбаева Б.К

Логика ілімі: қалыптасуы, маңыздылығы және мәні

Ғылым және философияның дамуында логика маңызды орын алады. Антика кезеңінен бастап, логика білім алуда басты орын алатындығы және логикасыз ақиқат білімге жетуге болмайды деп тұжырымдайды. Бұл логиканың орны мен рөлі философиялық жүйеде, кейінірек Аристотельдің философиялық жүйесінде ғылыми білім логикаға негізделді. Логика көмегінсіз тек білім алу ғана емес, дұрыс ойлау мәдениетін ұйымдастырыла алмайды.

Қазіргі кезеңдегі адам еңбегін ұйымдастырудағы сапалық өзгерістерге байланысты бұл білімнің маңызы ұлғая түседі. Компьютерлік сауаттылықтың маңызы ұлғаюы, замануи өмірге компьютерлік технологияның кеңінен енгізілуі адамның дұрыс ойлауын қажет етеді, бұл логиканың негізгі болып табылады.

Біздің күнделікті және ғылыми, ойлау қызметінде логиканың келесідегідей операцияларын (анықтама, классификация, дәлелдеу, терістей және т.б) қолданамыз. Кейде бейсаналы түрде ойлау қызметтерін қателіктермен қолданамыз. Сөйлеу қабілеті грамматика ғылымынан бұрын пайда болғаны белгілі факт, ал дұрыс ойлау өнері логика ғылымынан бұрын болды. Біз өз өмірімізде пайымдау мен тұжырымдаудың анықтамасы мен әдістерін қолданамыз, дегенмен логика саласына нақты жүгінбейміз. Көптеген адамдар ойлау процесін табиғи процес деп оған талдау мен бақылаудың қажеті жок деп есептейді. Бірақ, ескеретін нәрсе дұрыс ойлау қабілеті табиғи құбылыс емес, ол адамның мәдени бейімделу процесінде қалыптасатын мәдени-тарихи процес. Пайымдаудың логикалық заңдары адам санасы мен еркінен тәуелсіз болып табылады. Дұрыс пайымдау ережесі адам санасындағы шынайы әлемнің ортақ қатынасы, оның таным практикасын қолдану. Бұл пайымдау ережелері білім алу және ғылыми таным принциптерін негізін зерттеу процесінде қалыптасады.

Француз дипломаты Талейран: «реалист ұзақ уақыт реалист бола алмайды, егер тіпті идеалист болмаса да, ұзақ уақыт идеалист бола алмайды, егер реалист болмаса». Қарастырылған тақырыпқа байланысты бұл ойды келесідегідей интерпретация жасауға болады: бір жағынан «логика шынайы ойлауға негізделеді, бірақ оның абстракты моделін береді. Бір жағынан қарағанда абстракцияның жоғары дәрежесіне мән бере отырып, логика тәжірбиедегі нақты ойлау процестерінен алыстамайды».

Ғылыми таным жүйесіндегі логиканың мәнін, оның ғылыми пайымдаудың қалыптасуындағы орны мен рөлін түсіну үшін логика ғылымынының қалыптасу мәселерін тарихи-мәдени зерттеу қажет. Логика тарихын екі негізгі кезеңге бөлуге болады: бірінші кезеңі екі мың жылға созылды, бұл кезеңде логиканың базалық принциптері қалыптасты. ХІХ ғ екінші жартысынан бастап, логиканың екінші кезеңі басталды. Логикада ғылыми революция басталып, оның сапалық мәртебесін өзгертті. Оның себебі математикалық әдістерді кеңінен қолдану болды. Аристотелдік немесе дәстүрлі логиканың орнына жаңа заманауи логика – математикалық немесе символикалық логика келді. Атақты ғалым П.С.Порецкийдің сипаттамасы бойынша жаңа логика дұрыс пайымдаудың заманауи теориясы. Логиканың дамуы нақты тарихи кезеңнің теоретикалық пайымдауымен, философия және ғылым дамуымен тығыз байланысты. Пайымдаудың нақты әдісі логика материалы болады, одан ғалымдар дұрыс пайымдаудың қажетті теоретикалық принципін жасайды, ол логикалық заң, ой формасы болады.

Логика өз тарихында өзінің саласы мен оның сұрақтары сапалық жағынан өзгергенімен, оның мақсаты өзгермеді. Логика бір тұжырымнан екінші тұжырымды шығаруға болатындығын зерттейді. Қорытынды тұжырымнан шыққан байланыс пен оның құрылымына ғана емес, оның нақты мазмұнына байланысты. «Неден не шығады» деп зерттей келе логика жалпы немесе дұрыс ойлаудың формалды шарттарын анықтайды.

Логикалық зерттеудің мақсаты – дұрыс пайымдаудың нақты жүйелендірілген сызбасы және анықтамасы. Бұл сызбалар логикалық заңды көрсетеді. Логикалық пайымдау – бұл логика заңдарына сай пайымдау жасау. Күрделі, дұрыс, ойланған пайымдауды қалыптастыру процесін түсіну үшін логика ғылымының қалыптасуын мәдени-философиялық реконструкциясын жасау қажет.

Логика заманауи түсінік бойынша бұл ойлау жайлы философиялық ілім. Ежелгі грек философиясында логика термині пайымдау жайлы ілім деген мағына береді. Ол ежелгі грек тілінде λóγος сөзінен шыққан, бұл сөз көпмағыналы: И.Х.Дворецкий бұл сөздің 34 мағынасын келтіреді [1]. Логос категориясының бірінші қатарда тұрған мағынасы «сөз» және «сөйлеу» болғандықтан, көпшілік осы мағынаны бастысы деп қабылдайды. Логиканы көбіне белгілі бір дамудың я болмаса механизмнің қызметі, объективті заңдылықтары мен табиғат құбылыстардың, әлеуметтік-мәдени шынайылықтың өзара қатынасы деп түсінеді. Бұл мағынада мысалы ретінде «ғылымның даму логикасы», «әскери әрекет логикасы» және т.с.с. айтуға болады. Дәл осы сынды логика жайында әйгілі француз әлеуметтанушысы Г.Тардтың «Әлеуметтік логика» кітабында баяндалады (см.: [2]). Бұл жұмысымда логиканың басты мағынасы, яғни пайымдау жайлы ілім, оның заңдылықтары, формалары және т.б.

Логика философия пайда болғаннан кейін, философияның назарына ілікті. Бірақ, бұл философия пайда болғанға дейін адамдар логика қолданыста болмады дегенді білдірмейді. Философия логиканы ойлап тапқан жоқ, оны тек адамның табиғи қалыптасқан және даму үстіндегі пайымдаудан бөліп шығарды. Оны өзінің қызметінің пәні ретінде және оны одан әрі дамытты. Соған байланысты алдымен адамның пайымдауының табиғи дамуы мен антропогенез процесіндегі логика іліміне назар аударсақ.

Антропогенез (ол – социо- және культурогенез) бұл адамзат баласының тіршілік ету процесінен қызмет ету процесіне өтудің тарихи кезеңінен бастау алады. Қоршаған ортаның қызметтік бірлігінен ол ортаны өзгертуші және оны мәдениеттің бір бөлігіне айналдырады. Заттық қызметтің даму барысында тайпадағы табиғи байланыстар қоғамдық байланыстарға айналып, бұл байланыстарды адамдар өздері жасап және өзгерте алады. Егер алғашында адамдардың қатынастары қандас туыс болуына байланысты негізделсе, кейінірек бұл байланыстар мәдениет пайда болуымен жаңартылды (қайта құрылды). Тарихи даму барысында табиғи психикада өзгеріске ұшырады. Ол баяулап көп дәрежелі және санқырлы құрылым, яғни өзінің табиғи және социомәдени бастаулары бар санаға айналды. Ол өз болмысымен қоғамдық феномен болды.

Сана – көп дәрежелі және санқырлы феномен. Санқырлы қасиетін кейінірек қарастырамыз, енді көп дәрежелігіне тоқталсақ. Адам баласы «табиғаттан шықты» дегенмен, сол мезетте ол табиғаттан өз іргесін алшақтатты. Оның табиғатпен байланысы тек үзіліп қана қоймай, бірақ ылғи заттық қызмет пен сананың дамуына байланысты байланыс кеңейіп және тереңдейді. Адам табиғатпен тек денелік қызметі арқылы ғана емес, сонымен қатар бейсаналық дәрежесімен байланысты. Бейсаналық дәрежесінен жоғары сезімдік-эмоционалды дәрежесі жоғары тұр. Гнесеологияда эмоционалдылық маңызды емес, дегенімен адам болмысында маңызды. Сезімдік дәрежелер өздігінен бөлінеді: сезіну мен қабылдау. Сезіну адам баласын жануарлар әлемімен жақындастырады. Қабылдау – бұл, тек сезінуге негізделген гана емес, сонымен бірге мәдени-тарихи жасалынған сананың дәрежесі. Адамда сезіну мен қабылдау тығыз байланысты. Қабылдаудың жоғарғы формасы ұғым, яғни синтетикалық және синкреттік бірліктегі сезімталдық және рационалдық дәрежесі. Бұл жерде рационалдылық дәрежесі басым, ал сезімталдылық алынып тасталынған. Ұғым – бұл, ойлауға жатады. Дегенмен, бұл жерде сезім әлі де бар болады. Гегель: «Біздің ұғымымызда екі нәрсе орын алады: немесе мазмұн ойлау аясына кіреді, немесе форма оған тиесілі емес, немесе, керісінше форма ойлау аясына қатысты, ал мазмұн оған тиесілі емес».

Елестету дәрежесінен жоғары тұрған дәреже ол – рациналдылық дәрежесі. Ол өзігінен екіге бөлінеді: парасаттылық және ақылдылық. Кейбір авторлар рациналдылықтан жоғары тұрған дәрежені атап өтеді. Мысалы, Г.С.Батищев оған шығармашылық және елестету, ал С.Л.Рубинштейн – пайымдауды жатқызады. Ол былай жазады: «Бұл пайымдау пассивтілік, бейтараптылық, адам әрекетсіздігі синонимі ретінде түсінілуі тиіс емес. Ол адамның әлемге, болмысқа, эстетикалық қатынасқа, танымдық қатынасқа қатысты өзге тәсіл. Адам ұлылығы, оның белсенділігі тек іс-әрекетте ғана емес, сонымен қатар пайымдауда Ғаламды, әлемге, болмысты пайымдау қабілеті».

Кейбір авторлар келесідегідей дәрежелерге бөледі: 1) бейсаналық, 2) санадан кейінгі, 3) сана және 4) санадан жоғары. П.В.Симоновтың жұмысы осы жоғарыда айтылғандардың барлығына қатысты. Ол санадан тыс туралы пайымдай отырып, былай жазады: «Санадан кейінгі эволюция барысында сананы артық қызмет пен жұмыстан қорғау барысында пайда болды. ...Санадан кейінгі сананы психологиялық ауыртпалықтардан арылтады». Адамның өткен тәжірибесі санадан кейінгіде сақталады, ол оның тәжірибесінің қажет болмағандықтан немесе қажет етпегендіктен көбіне қажетсіз, яғни санаға қиындық туғызбай арнайы талдау жасайды. Санадан кейінгі және оның мазмұны П.В.Симонов пікірінше, санаға қажет кезеңінде іске қосылады. Оның пікірінше, санадан жоғарыда мүлдем басқаша: «Санадан кейінгіге қарағанда санадан жоғары ешбір жағдайға қарамастан, танылмайды және сананың назарына тек оның нәтижесі көрініс табады. Санадан жоғары қызметі бойынша кез-келген шығармашылықтың бастапқы кезеңдері – гипотезаның туындауы, шығармашылық ойлау жатады. Егер санадан кейінгі сананы психологиялық жұмыс пен ауыртпалықтардан қорғаса, онда шығармашылық интуиция сананың алдын-ала жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, шешім қабылдаудан сақтайды». Санаға көбінесе алуан түрлі стереотиптер, штамп, клишелер тән, ол шығармашылық ойлау жолында кедергі. Бірақ, шығармашыл индивид оларды жеңе алса, оның жақындары тіпті оның әріптестері белгілі бір идея, гипотеза, немесе шынайы ашылуды бағалай алмайды.

Соңғы он жылдық кезеңінде экстрасенсорлық қабылдау жайында көп айтылып және жазылуда. Айтылған феномен жайлы факт теріске шығарылмады. Дегенмен, оның адам әлемі құрылымында орны нақты анықталмады. Ол бейсаналық және сонымен қатар санадан жоғарыға жатуы мүмкін. Бұған байланысты біздің өз пікіріміз бар. Дегенмен, ортақ көріністі айта отырып, бір аспектінің орны құрылымда: бейсаналық – санадан кейінгі – сана – сана астындағы, өзге аспектіде – құрылым: сезімдік-эмоциналды дәреже (сезіну және қабылдау) – рационалдық дәреже (еске негізделген ұғым, еске негізделген ақыл) – рационалдылықтан кейінгі дәреже (интуиция, елестету, пайымдау). Біз тек өзіміз ұсынған көріністің абсолютты ақиқаттылығын айтпаймыз, тек бұл біздің ойымыз. Адам қызметі мен әрекетінде ғана бұл дәрежелер әске асады. Дегенмен, біреуі өзгесіне қарағанда айқын болуы мүмкін.

Берілген тұжырымдар бізге тек логиканың қалыптасуындағы бастапқы кезеңдердің антропо-социо- және культурогенезіне ортақ абрис беру үшін қажет. Адам тарихына терең үңіле отырып, адам санасы қиын емес және онда сезімдік-эмоционалдылықтың орны үлкен екен. Архаикалық және заманауи білімді салыстыра отырып, Г.Франкфорт пікірінше, алғашқы білім түрі эмоционалды, бөлшектелінген және үстіртін. Керісінше, ұғымдық білім эмоционалды индифферентті және бөлшектелінген. Сананың дамуына байланысты таным эмоционалдылықтан арыла бастады, бастапқыда білімнен кейін таным нәтижесінен де.

Атақты философ А.П.Огурцов пікірінше, архаикалық мәдениеттен ерекше рухани-практикалық білімдерді ерекшелей отырып, ондағы сакралды-когнитивті комплекстер ретінде анықтайды және сакралды (қасиетті) профанды (жердегі) жоғары тұрады. Ол жазады: «Сакралды-когнитивті комплекстер белгілі бір діни ядросы жанында ұйымдастырылған және өзіне өзге элементтерді бағындыра отырып, оларды көреді. Трансценденттілікке сенім, дін сезінуден жоғары өмір ретінде, сакралды-когнитивтивті комплекстердің орталығын құрайды; оның перифериясында – рационалды және эмпирикалық білім. Білім қызметі кез келген формасында бір формада шектеледі – сакралды-діни мақсаттарға жету, мистикалық немесе космологиялық күштерді адамның қажетті жағына қарай оларды бағыттау. Сакралдылыққа сенім діни-мәдени комплекс факторы ретінде қарастылуы мүмкін».

Айтылған ойға қысқаша талдау жасайық. Архаикалық мәдениет үшін сакралды және профанды саласына сену тән болды. Аталған сұрақ бойынша белгілі маман М.Элиада пікірінше: «қасиетті және пендешілік – бұл тарихтағы адам үшін әлем болмысындағы екі бейне, екі жағдайдағы тіршілік ету. ...Қасиетті және пендешілік өмір Космостағы адам тіршілік етуіндегі ерекшеліктерді көрсетеді». А.П.Огурцов атап айтқандай, сакралды-когнитивті комплекстер сакралды ядроға бағынады және перифериялық болып келеді. Бірақ, архаика кезеңінде дін бола отырып, сакралды-когнитивті комплекстің ядросы болды, демек трансценденттіге сенім. Ежелгі кезеңде дін пайда болды, дегенмен ұзақ уақыт бойы екінші орында болды. Ал, бірінші орында мифология және дәстүрлер практикасы, сонымен қатар магияның алуан нұсқалары болды. Тек Архаика мен Постархаика аралығында дін бірітіндеп мифологияның орнын алмастыра бастады. Мифология өзінің біртұастығы бойынша жүйені көрсетеді, бұл ұғымның диалектикалық мағынасында өзінің нақтылығы білінеді. Э.Кассирер жазады: «Мифологиялық әлем «нақты» еместігі оның сезімдік-заттық элементтері бар мазмұны және онда тек «абстрактылық» сәттер болғандығына байланысты емес, себебі онда екі сәтте заттың сәті мен мағына сәті бірлікте бола отырып, «нақтылық» болады».



Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының санасы – өзінің формасы және мазмұны бойынша кейінгі дәуір адамдарының санасынан ерекшеленгендігі туралы көптеген зерттеушілер келіседі. Қазіргі кезеңде сананың мәдени-тарихи сипаттамасы туралы ортақ пікір бар. Ойлау – сананың арнайы дәрежесі ретінде. Мұнда сан қырлы спектр секілді түсініктер бар, оның бірі алғашқы қауымдық құрылыс адам санасының өзге дәуір адам санасының әсіресе заманауи адам санасының ойлау айырмашылығы. Басқа түсінік бойынша олардың толықтай идентификациялығында. Алғашқы позиция өкілі Л.Леви-Брюль алғашқы қауымдық ойлауды пра-логикалық деген атау берді. Оның пікірінше: «Біздің және алғашқы қауымдық ойлаудың бір механизм қолданғанын негіздейтін априори жоқ». Шындығында, Л.Леви-Брюль өмірінің соңында өзінің алғашқы ойлау туралы пікірінен бас тартты. Екінші позиция апологеті К.Леви-Строс болды. Ол жазады: «Үйретілмеген ойлау логикалық мағынада біздікі секілді болады...». Өзінің өзге жұмысында ол аналогиялық тұжырымдайды: «Мүмкін бір күні біз мифологиялық ойлауда логика ғылыми ойлауда бірдей болатындығын түсінеміз, адам әрқашан «жақсы» ойлаған».

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Касымжанов А. Х. Логика и теория познания аль-Фараби //Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 7 – 98.

  2. Аль-Фараби. Книга «Эйсагоге», или «Введение» //Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 120 – 152

  3. Аль-Фараби. Книга «Катагурийас», или «Категории» //Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 153 – 244.

  4. Аль-Фараби. Силлогизм //Аль-Фараби. Логические трактаты. – Алма-Ата: Наука, 1975. – С. 245 – 360.

  5. Аристотель. Первая аналитика //Аристотель. Сочинения. – В 4-х т. – Т. 2. – М.: Мысль, 1978. – С. 117 – 254.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет