Ашық экономикада ЖҰӨ есептеу


Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты



бет2/2
Дата05.08.2022
өлшемі229.12 Kb.
#459887
1   2
Әбдірахман Марлен ГМУ-207 Макро шот
ЭТИКА 6 СРС, Әбдірахман Марлен ГМУ-207 Икт. Брандмауэр., Әбдірахман Марлен ГМУ-207. ИКТ -тапсырма1, Әбдірахман Марлен ГМУ-207. Ауылым-алтын бесігім
Төлем балансының құрамы: капитал қозғалыс шоты мен ағымдағы операциялар шоты
Ашық экономикада жабық экономикадағыдай қаржы нарықтары игіліктер нарығымен тығыз байланыста болады. Бұл байланысты көру үшін ЖҰӨ есептеу формуласын жинақтар мен инвестиция арқылы түрлендіреміз, яғни:

Y = C + I + G + NX,


Y - C - G = I + NX,
Sұ = I + NX.

Көрсеткіштерді сол жаққа көшіреміз, сонда ұлттық шоттың негізгі теңдігі:


(I-S) + NX = 0 (3)

Төлем балансында әдетте бір жыл аралығындағы сыртқы әлем мен ел арасындағы барлық экономикалық мәмілелер тіркеледі. Ондағы әрбір операция екі рет жазылады: бір рет мәміле бойынша қаражат түскенде, екінші рет – қаражат көздері көрсетілгенде. Оның үстіне ақшаның түсуі мен шетелдіктер алдындағы міндеттемелерді өсіру жөніндегі операциялар «плюс» белгісімен жазылады, ал ақшаны төлеу мен шетелдіктер алдындағы міндеттемелерді азайтумен байланысты операциялар «минус» белгісімен жазылады. Төлем балансының құрамы:


1. Ағымдағы операциялар шоты (NX).
2. Капитал қозғалысының шоты (I-S).
3. Ресми резервтердің өзгеруі.
Ағымдағы операциялар мен капитал қозғалысы шотының сальдоларының қосындысы ресми резервтердің өзгеруіне тең. Капитал қозғалысының шоты ел ішіндегі инвестициялардың жинақтардан артықшылығын білдіреді. Осыдан, капитал қозғалыс шоты ел ішіндегі шетелден қаржыландырылған капитал мөлшеріне тең. Төлем балансының ағымдағы операциялар шоты – бұл елдің сыртқа шығарылған таза экспортынан түсетін сомасы. Егер (I-S) оң болса, ал NX теріс болған жағдайда,яғни капитал қозғалыс шотының сальдосы оң болып, ағымдағы операциялар шотының сальдосы теріс болса, онда мемлекетте тапшылық пайда болады. Осы тапшылықты жабу үшін жетіспеген қаражатты халықаралық қаржы нарықтарынан несие алып, тауарларды импорттау арқылы толтырамыз. Егер (I-S) теріс болып, NX оң болса, онда капитал қозғалыс шотының тапшылығы пайда болады. Осы жағдайда халықаралық қаржы нарықтарында несие беруші ретінде және тауарларымызды экспорттауға мүмкіндік туады.

Кесте 1


1 кестеден көрініп тұрғандай 2015-2016 жж. аралығында ағымдағы операциялар шотының тапшылығы орын алғанымен де, 2016 ж. соңында тапшылық екі есе азайып тұр. 2016 жылдың соңғы тоқсанында сауда балансы 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе азайған, ол 2,4 млрд. АҚШ долл. тең оң сальдомен қалыптасты. 2016 жыл аралығында тауарлар экспорты өсіп, 10,4 млрд. АҚШ долл. болды. Тауарлар импорты өткен жылы 8,0 млрд. АҚШ долл. бағаланады. Жалпы айтқанда, негізгі номенклатураның тауар топтары бойынша импорттың ұлғаюы байқалады. 2016 жылда 2015 жылмен салыстырғанда, қызмет көрсету балансының дефициті 1,3 млрд. АҚШ долл. көрсетті, бұл көрсеткіш алғашқы жартыжылдықта азайғанымен, 3-ші тоқсанда күрт өсті. Еңбек ақы балансы мен Инвестициялық табыс баланстары бойынша – екі көрсеткіште де тапшылық байқалып тұр. 2015-2016 жж. аралығында капиталмен жəне қаржымен операциялар шоты бойынша нетто-ағын көп азайған – 131,7 млн АҚШ долл. 50,2 млн АҚШ долл. дейін.




Есептер
1. Төменде теңгеге сұраныс кестесі көрсетілген:


Теңгенің бағасы (доллар)

152,00

152,10

152,20

152,30

152,40

152,50


Теңгеге сұраныс көлемі

200

190

180

170

160

150

а) Үкімет валюталық бағамды 1 тг =152,40 долл. деңгейінде бекітті делік. Ал бұл деңгейдегі ұсыныс көлемі 180 млн. тг. Осы кезде үкімет теңгені сатуы не сатып алу керек пе? Егер сату не сатып алу керек болса, онда қандай көлемде?

2. Төменде ҚР теңгесі үшін ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс кестесі берілген.

Теңге бағасы (долларға шаққанда)

Теңгеге сұраныс көлемі (млн.тг)

Ұсыныс көлемі (млн.тг)

0,6

300

400

0,5

320

370

0,4

340

340

0,3

360

310

0,2

380

280

а) Доллардың валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?


ә) Валюталық нарықта ҚР теңгенің қандай көлемі сатып алынады?
3. Қолма-қол ақшаға сұраныс депозит сомасының 10%-ын құрайды. Резервтеу нормасы 0,15-ке тең. Егер орталық банк ақша ұсынысын 330 млрд. тг. Ұлғайтуды шешсе, онда ақша базасы қаншаға ұлғаяды?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет