Мырзаева Азат Султановна «Киіз басу» үйірмесінің жетекшісі
Ашық сабақтың тақырыбы: Жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қазақ халқының қолөнері жайлы
білімдерін бекіте отырып, жүннен киіз өнімдерінің жаңа үлгілерін жасау технологиясын білу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету, практикалық іс — әрекеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары (топтастыру, талқылау, шығармашылық жұмыс, галереяны шарлау, ББҮ), Нұсқау карта арқылы жұмыс.
Көрнекіліктері: дайын бұйым үлгілері, суреттер, слайд
Қажетті құрал-жабдықтар:
Оқушылар үшін – Құрал - саймандар: жүн, арнайы инелер № 36,38, бүршікті пленка, сабын, су, губка, сулық, сетка, жіп, қайшы
Мұғалім үшін - интерактивті тақта, нұсқау карталары, ББҮ парақтары, дайын мәтіндер, қауіпсіздік ережесі
Достарыңызбен бөлісу: |