Қасиетті архипастырьлар, аса қадірлі әкелер, Құдайға құлшылық етуші иноктар мен инокинялар



Дата13.06.2016
өлшемі48.13 Kb.
#133976


Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кириллдың

архипастырьларға, пастырьларға, монахтарға және

Орыс Православие Шіркеуінің барлық берілген ұл-қыздарына Рождестволық жолдауы
Қасиетті архипастырьлар, аса қадірлі әкелер,

Құдайға құлшылық етуші иноктар мен инокинялар,

қымбатты аға-інілер мен

әпке-қарындастар!
Осы бір жарқын және қуанышқа толы Жаратқан Иеміз және Құдайымыз және Құтқарушымыз Иисус Христостың тәнімен дүниеге келген Рождество мерекесінде, мен сіздерге шын жүректен Сәлем жолдаймын, қымбаттыларым менің. Осы нұрлы түнде біз барлығымыз біріге отырып, «барлық адамға келген ұлы қуанышты: Давидтің қаласында Құтқарушының дүниеге келгенін»(Лк. 2, 10-11) жария ететін қасиетті періште сөзін құлшылық ете қайталаймыз.

Күнәлі болып Құдайдан бас тартқан адамзат қайтадан өзінің Жаратқанымен және Ойшылымен бірігу мүмкіндігін алып отыр. Құдай Ұлының дүниеге енуі Оның азапты және масқара «өлімге, крестік өлімге» дайын екендігін көрсетіп, өзін ерікті түрде кемсітуі болса керек (Фил. 2, 8). Өз сүйіспеншілігін адамдарға көрсетіп, Оның үндеуін естуді қалайтын әрбір адамның болмысты толық иеленуіне көмектесу үшін Құдай тәнге еніп дүниеге келді.

Дәл сондықтан да осы мереке біздің өміріміздегі ең күрделі деген жағдайлардың өзінде жоғарыдан келетін көмекке бұлжымас үміт сыйлайды. Өзінің жаратқанын қалдырмаған және оған мәңгілікке жол ашқан Құдай бізге сәби Христос, көңіл мен қамқорлықты қажет ететін қорғансыз бала болып келді.

Біздің барлығымыз да осы библиялық образды жүрегімізде сақтауымыз керек. Бесікте жатқан Құдай баланы еске ала отырып, біз әрбір адамды игілікке бастайтын Құдай ойына деген мығым сенімге және бұзылмас үмітке ие боламыз. Тіпті біздің өмірімізде тірек қалмаса да, барлық нәрсе босаң және сенімсіз көрінсе де, Құдай Өзінің нұр жауған күшімен біздің өміріміздің қиындығын, азабын және кедейлігін шадымандыққа, қуанышқа және рухани сыйлардың молшылығына айналдыра алатынын айқын сезінуіміз керек.

Құтқарушы келген мерекеде құлшылық етушілердің ойша көзқарасы христиандықтың бесігіне, Жаратқанның дүниеге келген, өмір сүрген және жер бетінде қызмет еткен орны болған Қасиетті Жерге бағытталады. Қасиетті тарихтың оқиғалары өткен елдердегі Христостың ізін қуушылар қазір ауыр сынақтарды бастан кешіруде, көп ғасырлық рухани дәстүрдің өмір сүруіне төнген жаңа қауіпке ұшырауда. Рождествоның жарқын күндерінде сенімі бір бауырларымыз, баға жетпес қасиетті заттарды сақтаушылар, алғашқы христиандық аңыздардың мұрагерлері үшін іждағатпен мінәжат етейік.

Егер бір мүше қиналатын болса, онымен бірге барлық мүше қиналады (қара. 1 Кор. 12, 26). Апостолдың бұл сөздері тек бір приходтың, бір шіркеу қауымының мүшелеріне ғана арналған жоқ. Олар, әрине, бүкіл әлемдегі Ортақ Киелі, Соборлық және Апостолдық Шіркеудің, Православиелік Шіркеудің барлық ұл-қыздарын қамтиды. Оның тұтастығы – ортақ қасиетті әкелік сенімде және Құпиялыққа қатыстыруда ғана емес, сонымен бірге қиындықтарды бірге бастан кешуде, бір-біріне жан-тәнімен қызмет етуде, бірлесе мінажат етуде.

Өткен жыл көптеген елдер мен халықтардың, соның ішінде тарихи Русь кеңістігінде өмір сүретіндердің өмірінде күрделі жыл болды: көптеген қайғылы оқиғалар мен катаклизмдер біздің сеніміміз бен шыдамдылығымыздың сынағы болды.

Дегенмен бүгін басты сын материалдық салада емес, рухани салада жүргізіліп отыр. Физикалық жазықтықта жатқан қауіптер тән саулығы мен жайлылығына залалын тигізуде. Өмірдің материалдық жағын қиындатқанмен, олар рухани өмірге айтарлықтай зиян келтіруге қабілетсіз. Дәл осы рухани өлшем біздің заманымыздың ең маңызды және өте салмақты дүниетанымдық үндеуін айқындай алады. Бұл үндеу біздің жан дүниемізге Құдай сыйлаған адамгершілік сезімдерін жоюға бағытталған. Қазіргі күні адам бойына ол ақиқат өлшеуіші, әркімнің өз шындығы бар және әркім ненің - жамандық, ненің - жақсылық екенін өзі анықтайды деген сенім ұялатуға тырысуда. Құдай ақиқатын, демек жақсылық пен жамандықтың осы Ақиқатқа негізделген айырмашылығын адамдардың жан дүниесін талқандап, оларды мәңгілік өмірден айыратын адамгершілік парықсыздық пен бассыздыққа алмастыруға тырысуда. Егер табиғи апаттар мен әскери қимылдар өмірдің сыртқы құрылымын күйрететін болса, ал адамгершілік релятивизм адамның ар-ұжданын ыдыратады, оны рухани мүгедекке айналдырады, болмыстың Құдай заңдарын бұрмалайды және пенденің Жаратқанмен байланыстын бұзады.

Біз, бірінші кезекте, көмекке Таза Бикеш пен Құдайшыл әулиелер тобын шақыра отырып, біз бұл қауіпке қарсы тұруымыз керек. Себебі олар қазір жаңа туған Нәресте образында құрметтелетін Қасиетті және Шынайы Әмірші (Откр. 6, 10) Тағының алдында бізді қолдай отырып, біз үшін күнәмен күресуге, «қазіргі ғасырдағы түнек билеушілеріне қарсы, дүниедегі жамандық рухына қарсы» (Еф. 6, 12) күресуге күш сұрап алады. Жер бетіндегі игіліктің өтіріктері мен сағымдарын өзіміздің зиянды құмарлықтарымыздан, пайдақор әрекеттерімізден, жарнамалық азғырулардан, ойын-сауық және саяси мәтіндерден тани білуді үйренуіміз керек. Әрқашан да күнәдан сақтандыра білетін ар-ұждан даусын ести білген, өз әрекеттеріңді Евангелие өсиеттерімен сәйкестендіре білген маңызды.

Қазір, әр кездегі секілді, әрбір христианин өзінің күнделікті әрекеттерімен әділ өмір салтын растауға, адамгершілік релятивизмі мен тез баюды ғибадат етушілікке қарсы саналы түрде қарсы тұруға бейімделуі керек. Біздің маңайымызда дәрменсіз, ауру, жалғызбасты адамдар өте көп. Сонымен бірге экономикалық қиындықтардың салдарынан табыс табу үшін туған жерінен аулаққа кетіп, кей кездері теріс ойлы ортаға түсіп қалатын, сөйтіп қамқорлықты қажет ететін адамдар да жеткілікті. Әлеуметтік, миссионерлік, шіркеулік-қоғамдық жұмыстарды жүргізуге әрбір пастырь және қарапайым өмір адамы қатысу керек. Әулие Иннокентий Херсонскийдің сөзіне жүгінсек: «Тек Христос бойынан ғана Құдайды, өзіңді және өмірдің шынайы келбетін көруге болады; тек Тәңірден келген Ашықтық көрсетуімен ғана мәңгілік өмірге апаратын жолды табуға болады».

Христостың жұбатқанын күтетіндермен біз жылулығымызды және осы мерекенің қуанышын бөлісуіміз керек. Біздің әрқайсымыз жақындарымызға және алыстағыларға – әріптестерімізге, достарымызға, туыстарымызға, көршілерімізге Вифлеем жұлдызының жарығын әкеле аламыз.

Өткен жылы мемлекеттік биліктермен, қоғамдық ұйымдармен, іскери орта өкілдерімен ынтымақтастықта адамдарды біріктіре алатын, қоғамдық өмірдің берік рухани және адамгершілік негізін туындата алатын көптеген бастамалар қолға алынды.

Біздің Шіркеуіміздің баға жетпес ортақтығының куәлігі ретіндегі мұндай ынтымақтастықтың дамуына менің Ресей, Украина, Молдова елдеріне сапарым ықпал етті. Бұл сапар менің ғибадат және діндар халықпен тілдесу тәжірибемді байытты және рухани дәнекерлікті нығайта түсуге көмектесті деген үміттемін. Көп адамдардың қатысуымен өткен құдайға құлшылық етулерде сенім мен мінәжат күші ерекші түрде көрінді, бұл Православиенің сұлулығын, «әлем одағындағы рух ортақтығының» (Еф. 4, 3) сұлулығы мен күшін құрайды.

Барлығымызды Христос Рождествосымен және Жаңа жылмен құттықтай отырып, үнемі «біз сеніммен мәңгілік өмір мұрагерлеріне айналуымыз» үшін (Тит. 3, 7) дүниеге келген Құдайға қуанышты болуды мінәжат ете тілеймін. «Құдай үмітті, сенім қуанышы мен бейбіт өмірді сіздер Қасиетті Рух күшімен үмітке баю үшін жүзеге асырады» (Рим. 15, 13). Әумин.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы
Христос Рождествосы

2011/2011 жж.



Мәскеу қаласы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет