Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет101/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200
Asyl-analar

 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – САФИЯ ХАЙЙАЙҚЫЗЫ 
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Сен – пайғамбардың қызысың, сенің атаң – пайғамбар 
және сен – пайғамбардың әйелісің. Дәреже тұрғысында 
сенімен кім таласа алады?» 
Сафия (Аллаһ оған разы болсын): «Кинана ибн Рабиғпен 
алғашқы неке түнімде, түсімде Мәдинадан шыққан Айдың аспан 
көгімен менің төбеме жылжып келіп, сәулесін шашып тұрғанын 
көрдім. Оянған соң түсімді күйеуіме айттым. Ол ашуланып: 
«Бұл сенің Мұхаммедке жақын болғың, оның әйелі болғың 
келетіндігіңнен басқа еш нәрсені білдірмейді», – деп бетімнен 
салып қалды. Жүзімде әлі күнге дейін сол соққының дағы қалған»
– деген. 
Діндар да, иманды мүміндердің анасы Сафия Хаййайқызы, 
Яғқуб пайғамбардан (аләйһис-сәләм) тараған бәну надир 
тайпасынан еді. Сонымен қатар оның ата-тегінің Мұсаның 
(аләйһис-сәләм) ағайыны Һарун ибн Имранға да (аләйһис-сәләм) 
тікелей қатысы бар еді. 
Анасының есімі – Бәрра Самаууалқызы. 
Сафия тұтқынға түскеннен кейін Аллаһ тағаланың оны тура 
жолға салуымен ол Исламды қабылдап, өзінің жас сеніміне жан-
тәнімен беріледі. Исламды қабылдамай тұрып, Аллаһтың 
елшісіне (с.а.с.) дейін Сафия екі рет тұрмысқа шыққан-ды. 
Алғашқы күйеуінің аты Сәлмә ибн Мишкам, ал екінші күйеуінің 
есімі Хайбар қамалының иесі Кинана ибн Рабиғ еді. Екі рет 
тұрмыс құруы да Сафияның тайпасы үшін бейбіт өмірді 
сақтаудың жолы болады, өйткені сол уақытта яһудилер мен 
олардың тайпаларының арасында ежелден келе жатқан 
дұшпандық кеңінен орын алған-ды. 
Яһудилер Пайғамбарымызбен (с.а.с.) келісімшарт бекітіп
артынша өздері оны бұзатын, қулық-сұмдыққа барып алдайтын, 


128
 
 
бір сөзбен айтқанда, Аллаһтың нұрының жарығын сөндіру үшін 
бәрін істейтін. Ақырында Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл зұлымдыққа 
нүкте қоюға және мұсылмандарды олардың айла-шарғысынан 
құтқару үшін қалың қол әскермен яһудилерді шабуылдауға 
шешім қабылдайды. 
Мухаррам айында, һижра жыл санауымен 7-жылы 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әскері араб түбегіндегі яһудилер 
қамалына бет алады. Бұл қорған оңаша орын тепкен берік қамал 
болатын. Онда яһудилер қулық-сұмдықтарын ұйымдастырып, 
өтіріктің жалынын маздататын. 
Таңертең Аллаһ елшісі (с.а.с.) ерте оянып, Аллаһқа мақтау 
айтып, жәрдем тілейді. Сол күні жарық пен қараңғылықтың, 
ақиқат пен жалғанның, иман мен күпірдің арасында үлкен шайқас 
жүрді. Сөйтіп, жарық қараңғылықты жойып, ақиқат жалғаннан 
үстем келіп, иман күпірді жеңеді. Бұл шайқас Ислам тарихында 
«Хайбар жорығы» деген атпен қалған болатын. 
Жорықта бәну надир тайпасының көп адамдары тұтқынға 
алынады, олардың арасында Сафия мен оның күйеуі Кинана ибн 
Рабиғ та бар еді. Сол кезде Сафияның жасы бар-жоғы он жетіде 
болатын. 
Сахабалар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) тұтқынға Хайбар қамалының 
иесі алынғандығын мәлімдейді. Ол (с.а.с.) оны алдына әкелуді 
бұйырады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) кедейлер мен мұқтаждарға 
үлестіріп беру мақсатында одан қамалындағы қазына-байлықтың 
қайда екенін сұрайды. Бірақ Кинана қазынаның орнын айтудан 
бас тартып: «Қамалда мүлдем қазына жоқ», – деп жалтарады. 
Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): 
Егер біз оны тауып алсақ, сені өлім күтіп тұр, осыған 
келісесің бе? – дейді. 
Кинана: 
– Иә, – деп жауап береді. 
Мұсылмандар Кинананың тығып тастаған қазына-байлығын 
тауып алады, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Кинананың өтірік айтқандығын 


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет