Асыл аналар


«Ешбір мүмін ер кісі мен мүмін әйелге, егер Аллаһ және



Pdf көрінісі
бет110/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200
Asyl-analar

«Ешбір мүмін ер кісі мен мүмін әйелге, егер Аллаһ және 
Оның елшісі бір істі үкім етсе, оларға (мүміндерге) істерінде 
ерік болмайды. Кімде-кім Аллаһқа және Оның елшісіне 
бойсұнбаса, онда ашық адасуға түсіпті»
1
, – деген уахи жібереді. 
Зәйнәб бұл – Аллаһтың, сосын Оның елшісінің (с.а.с.) қалауы 
және өзі Аллаһтан қорқатын, нағыз тақуа мүмін-мұсылман әйел 
болғандықтан ғана Зәйдке тұрмысқа шығуға көнеді. Десе де, 
Зәйнәб Аллаһ пен Оның елшісінің (с.а.с.) қалауының шегі бай 
мен кедейдің, ақ пен қара нәсілдің, құл мен азат адамның 
айырмашылығы жоқ екендігін, адам иман таразысымен ғана 
өлшенетіндігін түсінеді. 
Зәйд айтарлықтай көрікті емес еді, күйеуіне Зәйнәбтің көңілі 
толмайтын. Ол Зәйдке ылғи да салқын қарайтын, одан бір 
тартымдылық та таппайтын. Егер Аллаһтың қалауы болмағанда, 
Зәйнәб Зәйдке ешқашан тұрмысқа шықпас та еді. 
Себебі отбасылық өмір іштей келісім, рухтық жақындықты 
қажет етеді. Екі мүмін, тақуа ер мен әйел қосылса болды
жарасып кетеді деу ағаттық. Жұбайлық қатынас махаббат пен 
жылуды аңсайды. Ал ол болса – жүректің ісі. Адам жүрегін бір 
нәрсеге бойсұндыра алғанымен, оның ішкі сезіміне әмірін 
жүргізе алмайды. Сөйтіп, олар отбасылық жылу, ерлі-
зайыптылардың өзара сүйіспеншілігі, бақытты өмірдің ауылы 
алыс күндерді бастарынан кешіп жатады. 
1
«Ахзаб» сүресі, 36-аят. 


139
 
 
Зәйд жарының өзінен қашқақтап жүретінін сезетін. Бір күні ол 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, бар мән-жайды түсіндіріп, 
Зәйнәбпен ажырасқысы келетіндігін жеткізеді. Аллаһ елшісі 
(с.а.с.) оған: 
– Ей, Зәйд, не болды? Саған оның тәлім-тәрбиесі ұнамайды 
ма? – деп сұрайды. 
Зәйд оған: 
Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Зәйнәбтің барлық қасиеті 
ұнайды. Бірақ оның маған деген қатынасы жан төзгісіз. Ол 
өзінің тектілігімен мақтанып, менмендігімен мені қатты 
қинайды, – дейді. 
– Ей, Зәйд! Ол Зәйнәб емес пе, сен араларыңдағы өзіңе деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет