Хисн қара киімді лақтырарда оның туған-туыстары ере келеді.
Көкірегін ыза кернеп, ашынған Кубәйшә Пайғамбарға (с.а.с.)
келіп:
«Менде мирас қалмады және өз бетімше тұрмыс құру еркі де
қалмады», – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:
«Аллаһтың әмірін күт!» – деп тапсырады. Сонда Аллаһ
тағаладан:
«Ей, иман келтіргендер! Сендерге әйелдерді еркінен тыс
әмеңгерлікке алу рұқсат етілмейді»
1
, – деген уахи түседі
2
.
Осылайша Аллаһтан аят келіп, әйелдер өздерінің орнын
тауып, дәрежелерін таныды.
Ал келесі мысалымызда мұсылман ерлердің әйелдерге қорған,
қамқор болуға қаншалықты көңіл бөлгені, бұдан ешқашан аянып
қалмағандығы жайлы айтылады.
Бір жатжерлік (басқа дінді ұстанушы) кісі Аммурия деген
жерде бір әйелге зұлымдық жасайды. Қиянат көрген әйел сол
кездегі мұсылмандардың халифасы Муғтасимнің атын атап:
«Уа, Муғтасим!» – деп айқайлайды. Мұны естіген жатжерлік
қиянатшы: «Муғтасимнің қолынан не келер дейсің!? Бәлкім, ала
атпен келіп саған жәрдем көрсетер», – дейді кекесін үнмен.
Ол кезде мұсылмандар ислами тәлім алған, әйелге қандай ізет
көрсетуді білетін. Бұдан хабардар болған халифа он екі мың
әскермен, барлығына ала ат мінгізіп, Аммурияны бетке алады.
Халифа әйелдің құқығын қорғап, кегін алып, әлгі залымды оған
құлақкесті құл етіп береді.
Сондай-ақ Ислам діні әйелге қоғамдық өмірге араласуды,
маңызды істерге атсалысуды үйреткен. Бұған дәлел – имам әл-
Бұхаридің «Сахих» кітабында намазға, ғылымға, екі айт
мерекесіне, байғат беру, яғни Исламда адал болуға ант беру, дін
үшін күрес, қонақ күту, тұрмысқа шығу мәселесінде, тәфсир,
1
«Ниса» сүресі, 19-аят.
2
Тәфсир Ибн Кәсир, «Ниса» сүресі, 19-аяттың тәпсірін қараңыз.
|