195
Оларға Пайғамбарымыздың (с.а.с.) келіп кеткенін естіген Әбу
Жәһл ызаланып, әйел кісі азапқа ұзақ шыдай алмас деп ойласа
керек, Сумәйяға келіп:
«Мұхаммедке күпірлік қылмайды екенсің, азаптай беремін»,
– деп жан төзгісіз жәбір көрсетеді. Халі мүшкіл, әлсіз, дәрменсіз
болса да, Сумәйя мойымай, Әбу Жәһлге шымбайына батар ауыр
сөздер айтып, жүзіқараның бетіне түкіріп жібереді. Оның
қайсарлығымен алысуға шыдамы жетпеген Әбу Жәһл қолына
найза алып, сүңгісін Сумәйяның кіндік тұсынан ұрып, арқасынан
бір-ақ шығарады. Осылайша Ислам тарихында алғашқы рет сенім
үшін, дін үшін жан қиылды және бұл алғашқы шәһид нәзік
жанды
әйел кісі еді, Аллаһ оған разы болсын! Ол ақиқат үшін
күресіп, сабыр қылған, мойымаған, шегінбеген, сенімінен
таймаған, берілмеген жан еді. Ол жеңілмеді, жеңді! Жеңілген –
Әбу Жәһл. Ол
заты әйел, қайсар Сумәйяның өжеттілігіне,
қайраттылығына
төтеп
бере
алмай,
әлсіздік
танытты.
Қолындағысын батырса да, ойындағысын асыра алмады.
Міне, бұл – қаһарман өжет әйелдің тұлғасы.
Келесі кезекте Әбу Жәһл Ясирді азаптай бастайды. Ясир де
алған бетінен қайтпай, сенімінде нық тұрып,
ақыры ауыр
соққылардың нәтижесінде жан тапсырып, Ислам тарихындағы
екінші шәһид мәртебесін иеленеді. Мүшріктер келесі кезекте
Аммарға соқтығып, жас жігітті адам
жаны төзгісіз ауыр азапқа
салады. Аммар жантүршігерлік бұл азаптардан аздап мұрсат алу
үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы күпірлік сөзін айтуға
мәжбүр болады және соңынан жылап-еңіреп Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аммардан:
Достарыңызбен бөлісу: