Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет63/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Asyl-analar

 
 
Хаулә дархан пейіл Пайғамбарымызға (с.а.с.) үйлену жайлы 
ұсынысты жеткізудің ебін табады. Ерік-жігері мен ойын 
жинақтап, Пайғамбарымызға (с.а.с.) батыл келеді де, жанына 
жайғасып, ақырын Хадишаны еске ала отырып, әңгіме бастайды. 
Бірте-бірте әңгіме барысында Пайғамбарымызға (с.а.с.) қазіргі 
күйбең тіршілік талабы үйге қарап, қыздарға бас-көз болатын бір 
әйел кісінің керек екенін астарлап отырып жеткізеді. 
Саған неге үйленбеске? – деп сұрайды Пайғамбарымыздан 
(с.а.с.) Хаулә. 
Хадишадан кейін кімге үйленейін? – деді мұңайып 
Пайғамбар (с.а.с.). 
Хаулә: 
– Қаласаң – қызға, қаласаң – әйелге, – дейді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): 
– Қызың кім? – дейді. 
– Өзіңнің жүрегіңе жақын адам – Әбу Бәкірдің қызы Айша, – 
деп жауап береді Хаулә. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) біраз үнсіз отырып: 
– Ал әйел кім? – деп сұрайды. 
Хаулә: 
Аллаһқа сеніп, иман келтірген, өзіңнің соңыңнан ерген әйел 
Сәудә Зумғақызы, – дейді
1

Бұл есімді естігенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бейтарап күйде 
қала алмайды. Ол – Ислам үшін кәпірлердің зұлымдығына төзіп, 
Ислам үшін бөтен елге қоныс аударған және ол жақтан оралған 
соң күйеуі дүниеден өтсе де, жасымай, балғындарына үнемі 
қамқорлық көрсеткен, иманы берік, муһажирдің жесірі мұсылман 
әйел Сәудә еді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оған деген аяушылық сезімі 
оянады. Содан соң Хауләға Сәудәға үйленуге келісетіндігін 
жеткізеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сәудәға оның басындағы қайғы-
1
Ахмад, Муснад: 6/210, 211. 


80
 
 
қасірет ауыртпалығын жеңілдетіп, балаларының тәрбиесіне 
қарасу үшін, Сәудәның да өз қыздарына, үй-ішіне бас-көз 
болатындығына үміт артып үйленеді. Бұл пайғамбарлықтың 10-
жылы, рамазан айы еді. Хаулә Сәудәға алғаш бұл хабарды 
жеткізіп, оның жауабын сұрағанда, мұсылмандардың анасы 
атанатындығы оның ойына кірмеген болатын. Ол келісімін беріп, 
шексіз қуаныштан төбесі көкке жеткендей күй кешеді. Жұрт 
мұны естігенде, өз құлақтарына өздері сенбей:
«Сұлулығы да, сымбаты да жоқ, егде жастағы жесір 
құрайыштар ханымы (Хадишаның) орнын баспақшы!» – деп 
күңкілдеседі. 
Сәудә Пайғамбардың (с.а.с.) өзіне бүлдіршіндеріне қарайласу, 
тұрмыс-тіршілігінің 
қиындығын 
жеңілдету, 
оған 
деген 
мейірімділігі мен құрметі әрі басына түскен бар ауыртпалықты 
иық тіресе бірге көтеру үшін үйленгендігін жақсы түсінеді. 
Өйткені ол салмақты да салиқалы әйел басқалар сияқты әйелдік 
сезім-қалауы жайлы ойланған емес-ті және Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) оны «мұсылмандардың анасы» деңгейіне көтергенінің өзі 
оған жететін-ді. 
Сәудәнің өзі болса баяу қозғалатын, салмағы ауыр кісі еді. 
Оның баяу жүрісіне Аллаһ елшісі (с.а.с.) қалжыңдап жиі күлетін. 
Бірде Сәудә Пайғамбарымызға (с.а.с.):
«Сенің артыңда намаз оқығанымда, рукуғта шыдай алмастан 
мұрнымнан қан ағып кетпесін деп қолыммен мұрнымды қысып 
тұрдым», – дейді. Оның мұны айтудағы мақсаты Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) рукуғта ұзақ тұратындығын меңзеу еді. Сәудәнің 
айтқанына Пайғамбарымыз (с.а.с.) жымиып езу тартқан
1
.
Ол Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен оның қыздарына қолынан 
келген бар қамқорлығын аямады, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйін 
бақыт пен қуанышқа толтырады. Ал Айша (Аллаһ оған разы 
болсын) ұзатылып келгенде, ол үшін Сәудә ең жақсы бөлмені 
1
Ибн Сағд, Табақат: 8/54. 


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет