Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет68/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200
Asyl-analar

 
 
Басқа уақытта: «Мұхаммедтің Раббысымен ант 
етемін», – десең, маған ашуланған кезіңде: «Ибраһимнің 
Раббысымен ант етемін», – дейсің, – деп жымиған. Айша: 
– Рас айтасың, уа, Аллаһтың елшісі! Аллаһтың атымен ант 
етемін! Мен саған ашуланғанымда осылай есіміңнен басқа еш 
нәрсені кері қақпаймын, – деп жауап берген
1

Аллаһ елшісі (с.а.с.) отбасына өте жұмсақ болатын.
Айша: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жиһадта болмаса, жайшылықта 
ешқашан ешкімге қол жұмсаған емес»
2
, – деген. 
Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қыздай алған жалғыз 
әйелі еді. Бірде ол Пайғамбарымыздан (с.а.с.): 
Уа, Аллаһтың елшісі! Бір жазыққа түсіп, ол жерде бірі 
желінген, ал бірі желінбеген екі ағаш көрсең, түйеңді қай ағашқа 
жаяр едің? – деп сұрайды. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
– Желінбеген ағашқа, – деп тіл қатқан
3

Айша анамыз сонда масаттанған сезім білдірген. Яғни өзін 
«желінбеген ағашқа» теңеген.
Айша өзіне берілген қасиеттерді мақтан тұтып: 
«Маған Имранқызы Мәриямнан кейін ешбір әйелге нәсіп 
етілмеген (қасиеттер) берілді: Жәбірейіл қолына менің бейнемді 
ұстап түсіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған үйленуге бұйырылған, 
(Пайғамбар (с.а.с.)) мені қыздай алды және менен басқа қызға 
үйленген жоқ, ол менің құшағымда жатып көз жұмды, оның 
қабірі менің үйімде, менің үйімді періштелер қоршаған, мен 
онымен бір көрпенің ішінде жатқанда, оған уахи түскен, мен – 
оның халифасы мен шыншыл досының қызымын, мені ақтап 
көктен (Құран) аяты түсті, мен Жақсының алдында жақсы боп 
1
Әл-Бұхари, Никах: 108; Муслим, Фадаил әс-сахаба: 80. 
2
Муслим, Фадаил: 79. 
3
Әл-Бұхари, Никах: 9. 


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет