Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет74/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200
Asyl-analar

 
 
тілдеп қалады. «Бәдірге қатысқан сахабаны неге тілдейсің?» – 
деген Айшаға Умму Мустих бар жайтты ашып салады. Мұны 
естіген Айша түзге шығуға шамасы келместен кері қайтады да, 
сол сәттен бастап күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. 
Көзі жастан құрғамайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен адал да пәк 
әйелі арасындағы жағдай мүмін-мұсылмандардың жүректерін 
жаралайды. Бұл аус пен хазраж сияқты екі рудың ара-
қатынасының ушығуына алып келеді. Өйткені мұнафық 
Абдуллаһ ибн Убәй хазраж руынан еді. Аустықтар оны 
өлтірмекке ұмтылғанда, Исламды қабылдағанмен, имандары 
орнықпаған жақтаушылар оны қорғайды. Екі рудың арасында 
қырғиқабақтық орнайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) араларына 
түспегенде, бір-бірімен қырқысатын-ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
мінберге шығып: 
Уа, адамдар! Маған отбасыма қатысты азар беріп 
жатқан адамдарға не деуге болады? Аллаһтың атымен ант 
етемін! Одан
1
жақсылықтан басқа ештеңе көрген емес­пін... 
– деген сөздер айтады. 
Сонда аус көсемдерінің бірі Усәйд ибн Худайр (Аллаһ оған 
разы болсын) орнынан тұрып: 
– Кім ол, уа, Аллаһтың елшісі? Айт бізге, егер аустан болса, 
өзіміз жауап береміз, ал егер хазраждан болса, онда бізге 
қалағаныңды бұйыр, – дейді. 
Сол кезде Сағд ибн Убада (Аллаһ оған разы болсын) орнынан 
көтеріліп: 
– Өтірік айтасың, – дейді. Усәйд оған: 
Сен мұнафықсың, мұнафықтарды қорғап тұрсың, – деп 
айқайлайды. 
Осы жерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) араға түсіп, оларға басу 
айтып тоқтатады. 
1
Айшаны меңзеп тұр. 


94
 
 
Сахабалардың (Аллаһ оларға разы болсын)
бұл жалаға қатысты білдірген ойлары 
Әбу Айюб әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын) әйелі бұл 
өсек-аяңға қатысты ойын сұрағанда, ол: 
– Сен сондай істер ме едің? – деп сұрақ қояды. 
– Аллаһ сақтасын, ешқашан, – деп жауап берген әйеліне: 
Айша тақуалықта сенен әлдеқайда артық, – дейді Әбу 
Айюб. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) пікірін сұрағанда Зәйнәб Жахшқызы 
(Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһтың атымен ант етемін! Мен 
естімегенімді естідім деуден құлағымды, көрмегенімді көрдім 
деуден көзімді сақтаймын. Мен Айша туралы жақсылықтан 
басқа ештеңе білмеймін», – деген-ді. 
Усама ибн Зәйд (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ 
елшісіне (с.а.с.) келіп, онымен ақылдаса отырып: «Уа, Аллаһтың 
елшісі! Сенің жақын-туғандарың Айшадан ешқандай жамандық 
көрген емес және ол жайлы айтылып жүргендердің бәрі 
жалған», – дейді. 
Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын): «Уа, Аллаһтың 
елшісі! Шын мәнінде, әйелдер көп, ал сен оларды айыра білесің. 
Қаласаң, қызметкер әйелден сұрап көр, ол мұны
1
растайды», – 
деген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызметкер әйел Бәрирадан сұрағанда, 
ол Айша жайлы тек жақсы нәрсе айтады. Бәрираның Айшаға 
қатысты бар келтірген кемшілігі «Бірде қамыр илеп қойып, оны 
ұмытып кетті де, қамырын ешкі жеп кетті» деген сөзі болды. 
Бұл ұлы тұлғалы әйелдің осы уақытқа дейінгі жалғыз 
кемшілігі еді. 
Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің үйіне барғанда, Айшаны 
кездестіреді. Ол көз жасын көлдетіп жылаумен отырса, ата-анасы 
1
Айшаның адалдығын. 


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет