Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет80/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200
Asyl-analar

 
 
ақ оның жүзіндегі көңілділік пен қуаныштың орнын қайғы мен 
мұң басып, өмірге деген құлшынысын жоғалтқаны, әрбір мезет 
ол үшін қалай ауыр әрі баяу өтіп жатқаны қатты батады. 
Хафсаның, ең болмағанда, аналық мейірімін төгіп, алданыш 
ететін, қарайлайтын баласы да жоқ еді. Омар көп ойланып
қызына күйеуді өзі іздеуге байлам жасайды. Бір кездердегі 
Хафсаның жүзіндегі қуаныш пен көңілділіктің орнын басқан 
қайғы мен мұңды жою үшін, сөніп бара жатқан өмірінің жарығын 
маздату үшін әкесі, әрине, қол қусырып қарап отыра алмайды. 
Оның таңдауы Әбу Бәкір Сыддыққа (Аллаһ оған разы болсын) 
келіп тоқтады. Не дегенмен Әбу Бәкір әрдайым Аллаһ елшісіне 
(с.а.с.) жақын болып жанынан табылған жан емес пе? Мәдинаға 
қоныс аударғанда, құрайыштардың қуғынынан Пайғамбармен () 
бірге қашып, үңгірге тығылып отырғанда, үшіншісі Аллаһ болған 
екеудің бірі емес пе? Досы Әбу Бәкір салмақты, байсалды, 
кеңпейілділігімен 
аты 
шыққан, 
сабырлылық, 
қарапайымдылығымен, жұмсақ мінезімен адамдар арасында бір 
саты жоғары еді. Омар өзіне қаталдығымен, қызғаншақтығымен 
ұқсаған қызы Хафсаға осындай қасиеттерге ие кешірімшіл күйеу 
іздеп, таңдауы Әбу Бәкірге тоқтады. 
Омар Әбу Бәкірді үйінде жолықтырады. Ол келіп, қызының 
басына Аллаһ тағала қайғы салғанын, жесір қалып, көңілі жарым 
болып жүргенін айтып мұңын шағады. Әбу Бәкір мұқият тыңдап, 
жанашырлық білдіріп, жұбатады. Омар әңгімесін жалғап, оған 
қызына үйленуді ұсынады. Омар досының қолдау көрсетпей 
қоймайтындығына, Аллаһ онымен Исламды күшейткен адамның 
діншіл, тақуа қызынан бас тартпайтындығына сенімі толық еді. 
Десе де, Әбу Бәкір жауап қатпайды. Бұл Омарға қатты әсер етеді 
де, ыңғайсыз жағдайда қалғанына ашуланып, шамданып кетіп 
қалады. Қызын ұсынғаннан кейін досының келісім білдіріп, 
жауап қатпағандығына қалай түсінік берерін білмейді. 
Енді ол Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) үйіне 
келеді. Османның жұбайы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қызы 


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет