Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет87/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200
Asyl-analar

 
 
Мұсылмандардың жеңісі жайлы хабар Меккеге жеткенде, Әбу 
Ләһәб ызадан булығып, аласұрып кетеді. Бұған шыдамаған Һинд 
Ауфқызы оның басынан таяқпен бір салады. Тиген соққының 
қаттылығы соншалық, төбе құйқасынан саулап қан ағады. Әбу 
Ләһәб бұл соққыдан ұзақ уақыт зардап шегіп, ақыры осының 
салдарынан өледі. Өлер шағында одан әйел, бала-шағасының 
барлығы теріс айналған-ды, Аллаһтың оған лағынеті болсын!
Зәйнәб Аллаһ елшісі (с.а.с.) үйінің босағасын Хафса 
Омарқызынан кейін аттаған мүміндердің бесінші анасы еді. Ол 
өмірімен қош айтысқанда отызға да толмаған-ды. 
Қысқа ғұмырын кедей-кепшік пен мұқтаждарға қарайласумен 
өткізген Зәйнәб, өзін материалдық қажеттіліктер мен дүниелік 
қызықтардан қашық ұстайтын. «Мұқтаждар мен міскіндердің 
анасы» деген атына заты сай Зәйнәбтің құштар нәрсесі кедей-
кепшікті азғантай болса да бірдеңемен қуанту болатын.
Зәйнәб көз жұмғанда, жаназасын Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
шығарып, денесі Бақиғқа жерленеді. Ол – осы қорымда 
жерленген мүміндердің алғашқы анасы. Аллаһ оған разы болсын! 
Сондай-ақ ол – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде дүние 
салған екінші әйелі. Мүміндердің анасы – Зәйнәб Хузәймақызын 
Аллаһ жарылқасын! 


111
 
 
МҮМІНДЕРДІҢ АНАСЫ – ҺИНД ӘБУ УМӘЙЯҚЫЗЫ
(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН) 
«Туыстарың болмаса, балаң Сәләма ұзатсын. «Жасым 
болса келіп қалды» дейсің, мен сенен үлкенмін. Ал жетім 
балаларыңа келсек, олар Аллаһ пен Оның елшісінің 
қамқорлығында, ал егер қызғаншақ болсаң, Аллаһқа сені мұнан 
арылту үшін дұға қыламын». 
Ол Бәну махзум руынан шыққан Зәду Ракибтің ақылды да 
парасатты, тапқыр, түсінігі мол, сұлу қызы еді. Оның өз есімі 
Һинд Әбу Умәйяқызы болса да, Сәләма деген ұлы болғандықтан, 
Умму Сәләма (Сәләманың анасы) деп аталған-ды. 
Әкесі – Әбу Умәйя ибн Муғира ибн Абдуллаһ әл-Қураши әл-
Махзуми. Жұрт оны Зәду Ракиб деп атап кеткен. Бұлай 
аталуының себебі ол сапарға ешуақытта жалғыз аттанбаған. 
Оның жүгін жолдастары алып жүрген, бірақ жолсеріктері 
жүгінен әлдеқайда көп болған. 
Анасы – Атика, Амр ибн Рабиғақызы, кинана тайпасынан. 
Умму 
Сәләма 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) 
таңдаулы 
сахабаларының бірі Әбу Сәләма Абдуллаһ ибн Абдуласад ибн 
Һиләл әл-Махзумиге (Аллаһ оған разы болсын) тұрмысқа 
шыққан. 
Әбу Сәләма Эфиопияға, кейін Мәдинаға қоныс аударғаны 
үшін екі һижраның иесі атанған. Әбу Сәләма Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) немере әпкесі Бәрра Абдулмутталибқызының ұлы әрі 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйікті інілерінің бірі еді. Әбу Сәләма 
мен әйелі Һинд Исламда үлкен, маңызды орынға ие әрі 
қауымдарынан Эфиопияға қоныс аударғандардың алғашқылары 
еді. Тіпті олар Хабаша жеріне қоныс аударған алғашқы ондықтың 
ішінде болды деген де риуаят бар. 
Һинд әрдайым шаңырақ жылуы мен отбасы берекесін 
сақтаған, күйеуін құрметтеген үлгілі жар бола білген. Олар 


112


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет