125
Харис
ақылды
қызынан
мұндай
жауап
еститінін
күтпегендіктен шамданып, өзін
сансыз сұрақтың астына алып,
«мұны айтып тұрған, расында да, менің қызым ба?!. Ол мен
білмейтін бір нәрсені білгені ме?.. Қызым Аллаһ
пен Оның
елшісін таңдады, демек, мұнда бір игілік бар», – деп сарсаңға
түседі.
Харис Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оның шақырған діні жайлы
көп ойланып, оның ақиқат, шындыққа үндейтінін, ал еш пайдасы
жоқ пұттарға құлдық ұру – Аллаһ дініне қарсы әрекет екеніне
көзі жетіп, Ислам дініне кіреді.
Ол
пұтқа табынушылықты тастап, Пайғамбарымызға (с.а.с.)
келіп, Исламды қабылдағанын жариялайды. Онымен бірге екі
ұлы да ере келеді.
Міне, Жуәйрия осындай игіліктерге себепші болған еді.
Өйткені олар Жуәйрия арқылы хақиқи сенімнің көзін табады.
Жуәйрия Аллаһ елшісінің (с.а.с.) үйінде сыйластықпен тұрып
жатады. Ол өте ғибадатшыл еді. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) таң
намазынан кейін оның бөлмесіне кіреді. Қараса, Жуәйрия тәсбих
айтып отыр екен. Мазалағысы келмей тысқа шығып кетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір айналып бесін намазының алдында
кіргенде, оның әлі сол қалпында тәсбих айтумен шұғылданып
отырғанын көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған:
–
Әлі сол мен таңертең кірген кездегі қалпыңда отырсың
ба? – деп сұрайды. Жуәйрия:
–
Иә, уа, Аллаһтың елшісі, – деп жауап береді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Саған бұларды айтсаң, осы ғибадатыңнан жақсырақ
Достарыңызбен бөлісу: