Асыл металдар металлургиясы



Дата14.06.2016
өлшемі155 Kb.
#135785


Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Металлургия кафедрасы


АСЫЛ МЕТАЛДАР МЕТАЛЛУРГИЯСЫ
пәні бойынша зертханалық сабақтарына арналған

әдістемелік нұсқаулықтар

050709 «Металлургия» мамандығының тәлімгерлері үшін

Павлодар


УДК 669.21/.23(07)

ББК 34.33я7

А 89

С. Торайгыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасының отырысында ұсынылған
Пікірсарапшылар:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор М.М. Сүйіндіков


Құрастырушылар: Г.Б. Байділдаева, З.Б. Каршигина,

А.Ж. Таскарина

А 89 Асыл металдар металлургиясы: зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар / құраст.

Г.Б. Байділдаева, З.Б. Каршигина, А.Ж. Таскарина. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2008. – 16 б.


Әдістемелік нұсқаулықта «Асыл металдар металлургиясы» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға керекті теориялық материал және жұмыс нәтижелерін өндеуге арналған есептеулер келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулық 050709 «Металлургия» мамандығының мемлекеттік стандартына сәйкес МЖМБС РК 3.08.335 – 2006, жасалған.


УДК 669.21/.23(07)

ББК 34.33я7


© Байділдаева Г.Б., Каршигина З.Б., Таскарина А.Ж., 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе
Әлемнің көптеген елдерінің тұрақты экономикалық дамуының басты факторы болып халықаралық алтын саудасы мен алтын өндірісі, мемлекеттің саяси және экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі ғылыми – техникалық саясаты экономикалық даму бағытының артықшылығы бойынша ресурстар концентрациясына бағытталып, бірінші кезекте мемлекеттік ғылыми – техникалық бағдарламамен анықталған. Осындай бағдарламалардың қатарына «Қазақстан алтыны» бағдарламасы кіреді. Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданған өнеркәсіп саясаты концепциясына сәйкес алтын өндіру өнеркәсібі мемлекеттің экономикалық потенциалын анықтайтын басым бағыттың бірі болып мойындалды.

Осыған байланысты алтын алу өнеркәсібі, ғылыми зерттеу және жобалық мекемелер үшін жоғары білікті мамандар дайындау өз кезегінде өткір мәселелер болып отыр.

«Асыл металдар металлургиясы» пәні инженер металлургтерді дайындау үшін, әсіресе Қазақстан Республикасында құрамында алтыны бар шикізатты гидрометаллургиялық әдіспен қайта өңдеудің жылдам өсуіне байланысты қажет болды.

«Асыл металдар металлургиясы» пәнін үйренудің мақсаты тәлімгерлердің асыл металдар өндірісіндегі дәстүрлі, қазіргі және жетістікті технологиялық үрдістер мен жабдықтармен танысу болып табылады. Пәнді оқу барысында тәлімгер асыл металдар металлургиясы үрдісінің теориялық негізімен танысады, зертханалық сабақтарда теориялық білімдерін жетілдіреді, тәжірибелік сабақтарда қажетті технологиялық есептеулер жүргізеді және берілген құрамдағы кендерді қайта өңдеудің рациональдық сұлбасын таңдайды және танысады.
Техника қауіпсіздігі туралы нұсқау

Зертханалық жұмыстар кезінде келесі тәртіптерді сақтау қажет:

1) жұмыс алдында оны орындау әдістемесімен танысу керек;

2) пәнді жүргізуші оқытушының рұқсатынсыз жұмысты бастамау керек;

3) ешқандай заттың дәмін татуға болмайды;

4) ешқандай құрғақ затты қолмен араластыруға және ешқандай ерітіндімен қолды сулауға, әсіресе қолдың жарақаты болса, болмайды;

5) жұмысты бастамас бұрын газ жүру жүйесін тексеру керек;

6) арнайы киімсіз және жеке (дербес) қорғану құралдарынсыз жұмыс жасауға тыйым салынады;

7) нұсқауда көрсетілмеген жұмысты жетекшінің рұқсатынсыз жасауға қатаң тыйым салынады;

8) жұмыс уақытында және жұмыс орнында тамақтануға қатаң тыйым салынады;

9) химиялық ыдыстардан ішуге болмайды;

10) зиянды газ және буларды бөлетін жұмыстардың барлығын тек қана сорғыш шкафтарда жасауға рұқсат етіледі және желдетіс қосулы болу керек. Сонымен қатар шкафтың ішіне басты сұғуға тыйым салынады. Бақылауды тек қана шынылы терезе арқылы жүргізу керек;

11) ыстық немесе улы сұйықты ыдыспен тасу кезінде міндетті түрде оны өзіңнен алшақ ұстау керек, бір қолға резеңке қолғап киіп ыдысты мойнынан, ал екінші қолға сүлгіні алып ыдыстың түбінен ұстау керек;

12) қыздырылған отбақырды өзіңнен алшақ темір табақпен ұстап тасыған жөн;

13) ерітілген тұзы бар отбақырды сумен суытуға болмайды, оны алдын-ала ауада қатайыңқырағанша ұстау керек;

14) затты иісінен анықтаған кезде ыдысты бетке өте жақындатуға болмайды. Ыдысты қолсозым қашықтықта ұстап, ауа ағынын өзіңе қарай бағыттау керек;

15) сілтіні (сілтілі металдарды, олардың тотықтарын және тотық гидраттарын) жалаңаш қолмен ұстауға болмайды, тек қана резеңке қолғаппен, кішкентай қысқышты, қырғышты немесе фарфорлы қасықты және т. б. қолдану қажет;

16) сүзгіні қыздыру және буландыру кезінде оларды алдын-ала жақсылап араластыру керек, әйтпесе әртүрлі тығыздықтағы төменгі және жоғарғы қабаттарын жуатын сұйықтардың тығыздықтарының әртүрлілігінен сұйық қайнап кетуі мүмкін;

17) қыздыру немесе буландыру кезінде мыналарға қатаң тыйым салынады:


  • суытылмаған тұз салынған шыны сауытқа ыстық немесе суық суды құюға;

  • бейтараптандыру кезінде ерітіндіні тез құюға;

  • резеңке бастырмасыз ерітіндіні моншадан алуға;

18) шыны сауытты жанынан ұстау керек;


19) жұмыс жасалып болғаннан кейін ыдысты босатып, сумен жуу керек. Ерітінді қалдығын арнайы ыдысқа құйып алу керек;

20) қышқыл (күкірт, азот, тұз және т.б.) төгілген жағдайда құм немесе ағаш үгіндісін сеуіп және қалақпен қышқылды құм немесе ағаш үгіндісімен бірге жинап, шелекке салып алу керек. Еденді сода қосылған сумен жақсылап жуу керек;

21) сынаманы пешке және плиткаға қойғанда, сынаманы түсіру және алу кезінде, электраспаптар өшіріліп тұруы керек; кернеуге қосылып тұрған электраспаптың шаңын сүртуге тыйым салынады. Тек аспап өшірілген жағдайда ғана құрғақ сүрткішпен сүрту керек;

22) қышқыл немесе сілті теріге тамған жағдайда зақымданған жерді көп мөлшерде ағынды сумен 3-5 минут жуу керек;

23) шынымен кесіп жарақаттанған жағдайда жарақатта шыны қалдығы қалмауын бақылап, сосын жарақаттанған жерді жуып, йод жағып, залалсызданған бинтпен орау керек;

24) зертханада шылым шегуге «ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!»;

25) балқыманы араластыру немесе қожды алып тастау үшін оқшаулағыш материалдар (эбонит, текстолит, органикалық шыны, винипласт, ағаш және т.б.) жасалған тұтқасы бар бұлғауыш және қырғышты қолдану керек;

26) кез келген қондырғыға жөндеу жүргізген кезде негізгі ажыратқыштан өшіру керек және ажыратқыш орналасқан қалқаға «ІСКЕ ҚОСУҒА БОЛМАЙДЫ! ЖЕЛІДЕ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР!» деген жазуы бар кесте ілінуі керек.


1 – зертханалық жұмыс. Циандық ерітіндіні дайындау және талдау


Жұмыс мақсаты

Тәлімгерлерге циандық ерітіндіні дайындау әдістемесін және ерітіндідегі цианид концентрациясын анықтауды үйрету.


1.1 Жұмыстың орындалуы

Кеннен алтынды циандау тәжірибесін орындау алдында, концентрациясы 0,1-0,15 % KCN болатын, циандық ерітіндіні дайындау қажет. Құрамы 5-7 % KCN тұратын ерітіндіден бізге қажетті ерітінді дайындалады.

Күшті ерітіндінің керекті мөлшері мына теңдеумен анықталады
; (1.1)
, (1.2)
мұндағы С – дайындалатын ерітіндінің концентрациясы;

B – дайындалатын ерітіндінің көлемі, мл;

С1 – бастапқы күшті ерітіндінің концентрациясы;
В1 – бастапқы күшті ерітіндінің көлемі, мл.

Ерітінді дайындалғаннан кейін титрлеумен келесі әдістеме бойынша тексеріледі. 100 мл-ін сыйымдылықтағы шыны сауытқа тамшуырмен дайындалған ерітіндінің 10 мл құяды және тазартылған сумен 40 мл-ге дейін сұйылтады. Содан кейін 3-5 тамшы 5 % йодталған калий қосады және 6,523 г/л AgNO3 құрамды азотқышқылды күміс ерітіндісімен (баяу рең пайда болғанша) титрлейді. 2 мл AgNO3 ерітіндісі 10 мл сыналатып ерітіндіні титрлеу кезінде цианидтің 0,1 %-ды концентрациясына сәйкес келеді.


, (1.3)
мұндағы а – AgNO3 шығыны, мл;

С – сыналатын ерітіндінің концентрациясы.

Титрлеуден кейін ерітіндідегі цианид концентрациясын дәлдеп түзету керек.

Керекті материалдар мен құрал-жабдықтар:

– 5-7 % KCN концентрациялы циандалған ерітінді;

– азотқышқылды күміс ерітіндісі (6,523 г/л AgNO3);

– йодталған калий ерітіндісі (5 % KJ);

– өлшеуіш цилиндр (1 л);

– көлемі 1 л шыны сауыт;

– тамшуыр (10 мл);

– шынылы шұңғыма – 2 дана;



  • шынылы стақан (көлемі 0,15-0,2 л).


Бақылау сұрақтары
1. Цианды тұздардың ерітінділері қайда қолданылады? Мысалдар.

2. Ерітіндідегі циан концентрациясын қалай анықтайды? Әдістемелер, реакциялар.

3. Циан ерітінділерімен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік шаралары.
2 – зертханалық жұмыс. Ерітінділерден металдарды цементация әдісімен тұндыру
Жұмыс мақсаты

Ерітіндіден металды бөлудің бір әдісі – цементациямен тәлімгерлерді таныстыру.


2.1 Теориялық кіріспе

Түсті металдар гидрометаллургиясында металдарды ерітіндіден айырудың бірнеше әдістері бар: металл катиондарын катодта тұндырумен ерітінділерді электролиздеу, электртерістілігі көбірек болатын металдың еруімен жүретін тұндыру, активтелінген көмір немесе ионалмасу шайырымен катиондарды адсорбциялау. Электртерістілігі көбірек басқа металмен ерітілген металды цементациялау ең қарапайым әдіс болып табылады.

Алтынды циан ерітінділерінен мырышпен немесе алюминиймен тұндыруға болады. Осы мақсат үшін мырыш көбірек қолданылады.

Тұндыру реакциясы


(2.1)
Алтынды мырышпен тұндыру кезінде ерітіндіде бос цианид болуы қажет. Кері жағдайда, алтынды ластайтын, тұнба түседі
(2.2)
Мыстың бір бөлігі мына реакция бойынша ериді
(2.3)
Бөлінген сутегі мырыштың бетінің белсенділігін азайтады, бұл алтынның тұнбалану жылдамдығын азайтады. Бұл жағдайдың әсерін төмендету үшін үрдіске сіркеқышқылды қорғасын Pb(CH3COO)2 қосып, мырышты қорғасындайды
(2.4)
Алтынды мырышта тұнбалауды электрхимиялық үрдіс деп те қарастыруға болады.
2.2 Жұмысты орындау

Құрамында алтыны бар ерітіндіде, алтынды мырыш шаңымен тұнбалау әдісімен, ерітілген алтынның мөлшерін анықтайды.

Дәл өлшенген ерітіндіні мөлшері әдетте 200-300 мл, 1 литрлік шыны сауытқа орналастырады, 5 мл KCN күшті ерітіндісін қосады, 3 г мырыш шаңын және бірнеше тамшы 10 %-ды сіркеқышқылды қорғасынды қосады. Егер ерітіндідегі циан концентрациясы 0,03 % төмен болса, онда бұл жағдайда цианид қосады.

Шыны сауытты құмды моншада 80 0С температураға дейін қыздырады, ерітіндіні жиі араластырады. Содан кейін 40 см3 10 %-ды сіркеқышқылды қорғасынды қосады және қыздыру кезінде жақсылап араластырады. Сынаманы қайнағанша қыздырады, содан кейін шамалы салқындатады және 25 мл концентрациялы тұзды қышқылын қосады (абайлап желдеткіш астында), сосын металды мырыш ерігенше және ерітінді тұп-тұнық болғанша қыздырады.

Қорғасын борпылдақ губка түрінде бөлінеді:

Ерітіндіні қағаз сүзгі арқылы сүзгілейді, содан кейін ыстық және суық (тазартылған) сумен шаяды. Сүзгіні тұнбамен алады және кептіреді.



Керекті жабдықтар мен материалдар:

– құрамында алтыны бар ерітінділер;

– күшті ерітінді KCN;

– мырыш шаңы;

– 10 %-ды сіркеқышқылды қорғасын ерітіндісі;

– 25 %-ды тұзды қышқыл ерітіндісі;

– құмды монша;

– 1 л сыйымдылықтағы шыны сауыт;

– шынылы шұңғыма;

– тазартылған су.



Бақылау сұрақтары

1. Металдарды ерітіндіден бөлу әдістері, реакциялар.

2. Жасалынған жұмыстың мазмұны, реакциялары.

3. Алтынды мырышпен тұндырғанда ерітіндідегі бос цианидтің керегі не?

4. Жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

№ 3 – зертханалық жұмыс. Ерітіндіден металды сорбциямен тұндыру
Жұмыс мақсаты

Тәлімгерлерді сорбция үрдісімен металды кеннен алуын таныстыру.


3.1 Теориялық жағдайы

Еріген металдарды ерітіндіден иондық алмасумен және сорбциямен алуға болады. Адсорбция құбылысымен ере жүретін иондық алмасу сорбция деп аталады.

Алтын металлургиясында сорбциялық әдісімен еріген алтынды алу үшін ионалмасу шайырларын және активтелген көмірді қолданады.

Ионалмасу шайырдың матрицасы суда ерімейтін жоғары молекулалық бөлігін құрайды және түйінде бекітілген иондар анықталған белгімен орналасады. Олардың заряды қозғалмалы қарама-қарсы зарядпен теңеседі.

Асыл металдардың комплексті аниондарын сорбциялау үшін аниониттер қолданады. Олардың қарсы ионы – хлор немесе гидрототық ионы.
(3.1)

(3.2)

Асыл металдардың комплексті иондарымен қатар шайыр қоспа металдардың Cu(CN)2-, Zn(CN)42-, Fe(CN)64-, және CN-, OH-, CNS- иондарын сорбциялайды. Бұл шайырдың сыйымдылығын азайтады.

Ионалмасу шайырдың жоғары бағасына қарамастан, аз технологиялық шығынға ұшырауының әсерінен, регенерацияны қолдану кезінде сорбциялық үрдіс басқа асыл металды ерітіндіден алу әдістерімен бәсекелесе алады. Шламды және саз балшықты кенді өңдеген кезде сорбциялық үрдіс технологиядан қоюлату және сүзгілеу операцияларын шығарады және кей жағдайларда мүмкіндігі бар жалғыз әдіс болуы мүмкін.

Шайырдан, оны ерітінділерден (қойыртпақтан) бөліп алғаннан кейін, асыл металдар тиомочевинаның тұзқышқылды ерітіндісімен HCl+CS(NH2)2 немесе роданисті аммонийдің сілтілі ерітіндісімен NaOH+NH4CHS десорбцияланады.

Шетелде осы мақсатта ионалмасу шайырдың орнына кокос жаңғағының қабықшасынан жасалған активтелген көмір қолданады.

Алтын активтелген көмірде молекулалық және ионды түрде сорбциялана алады. Көмір мен судың қосылысы кезінде жоғарғы қабатында гидроксидтің түзілуімен тотығу жүреді, содан кейін ионалмасу реакциясы іске асады


(3.3)
Көмірдің жоғарғы қабатында карбонил түзілуі де мүмкін. Онда алтын мына реакциямен сорбцияланады

(3.4)
Активтелген көмірді елеуіште, өзінің 1,2-2,4 мм ірілігі кезінде, кенді қойыртпақтан жеңіл бөліп алуға болады. Көмірді қойыртпақтан бөліп алу үшін флотацияны да қолдануға болады.

Алтынның көмірден десорбциясы, активтелген көмір қоспаларды сорбцияламайды, құрамында 0,1-0,2 % NaCN және 1-2 % NaOH бар ерітіндімен жасалады. Бұл жағдайда активтелген көмір регенерацияланады.

Алтын десорбция ерітіндісінен шайырдың ионалмасуы немесе активтелген көмірдің жоғарғы қабатынан электролизбен бөлінеді.


    1. Жұмыстың орындалуы

Салмағы 0,5-2 г шайырдың өлшендісін 2-3 сағатқа жібітеді, содан кейін оны кенмен және реагенттермен сыйымдылығы 1 л ыдысқа салады және оқытушымен берілген уақыт аралығында араластырады.

Араластыру соңында ыдыстың ішіндегісі елеуішке тасталынады, елеуіштің тесік диаметрі 0,3-0,5 мм. Қойыртпақты тұндыру арқылы немесе қалқымалау арқылы қоюландырады және сифонмен мөлдірлендірілген ерітіндіні, ерітіндідегі цианид пен алтынның мөлшерін анықтау үшін, алады.

Шайырды және шыны ыдысты сумен шайып, шайынды суды қойыртпақтың қоюландырылған бөлігіне қосады. Алынған қойыртпаққа калий перманганатын, цианидті ыдырату үшін, қызғылт түске боялғанша қосады және 3-4 рет сумен қалқымалау және сүзгілеу әдісімен жуады (түссізденгенге дейін).

Шайынды ерітінді лақтырылады (шұңғылшаға ағызылады). Пробиркалы талдаумен алтын құрамын анықтау үшін сүзінді кептіріледі. Шайыр жуылғаннан кейін кептіріледі және жоғалған құрамын анықтау үшін өлшенеді. Шайырдағы алтынның мөлшерін қорғасынсыздау арқылы анықтайды. Алтын мөлшерін анықтау үшін 50-100 мл көлемде ерітіндіні бөліп, кейін 50 г кварц қосады және буландырады, содан кейін кварцтағы алтын мөлшерін пробиркалы талдау арқылы анықтайды.

Металдың тепе-теңдігі алынған нәтижелерден құрастырылады.

Қажетті құрал-жабдықтар:

– құрамында алтыны бар кен;

– шыны ыдыс (1 л);

– концентрациясы 0,1-0,15 % цианид ерітіндісі;

– ионалмасу шайыры;

барий тотығы;

– әктас;

– елеуіш (0,3-0,5 мм тесіктерімен);

– калий перманганаты;

– қағаздан жасалған сүзгі;

– концентрациясы 5 % KJ ерітіндісі;

– концентрациясы 5,523 г/л азотты-қышқыл күміс ерітіндісі.


Бақылау сұрақтар
1. Алтынды циан ерітіндісінен ионалмасу шайыр мен активтелген көмірмен сорбциялау принципін түсіндіру.

2. Мырыш ұнтағын қолдану тәсіліне қарағанда қай кезде шайырды қолдану тиімді ?


4 – зертханалық жұмыс. Асыл металдар аффинажы
Жұмыстың мақсаты

Тәлімгерлерді алтын аффинажының бір әдісімен таныстыру – алтынды күмістен бөлу үшін күмісті азот қышқылымен еріту.


4.1 Теориялық жағдай

Аффинаж – асыл металдардың бөлінуімен таза түрінде алу және асыл металдарды қоспалардан тазарту. Аффинажды арнайы заводтарда, жоғалымдарды азайту үшін, өткізеді. Аффинаж заводында шикізат ретінде болады: сомтума алтын, мыс эликтролиз шламынан және қорғасынды тазартудан «доре» – металл, амальгамды булаудан кейінгі қара алтын және т.б.


1 кесте – Аффинаж заводына түсетін материалдардың құрамы

Материалдар

Сынаманың мөлшері

алтын

күміс

плати-ноидтар

лигату-ралар

Мыс электолитті заводтарының қорытпалары

20-100


850-950


0-5,5


30-60



Қорғасын-мырыш заводтарының қорытпалары

1-35


950-955


0-0,11


10-20



Сынық және тиын

0,1-1

500-850

-

150-600

Екіншілік алтын

950- 990

10-30

-

10-20

Аффинаждың қышқылдық әдістері асыл металдар қорытпаларын кез келген қышқылмен өңдеуден тұрады. Осы кезде қоспалар мен асыл металдың біреуі ерітіндіге өтеді, ал екіншісі ерімейтін тұнбада қалады.

Күмісті сараптау арқылы ерітуге негізделген азот қышқылы көмегімен тазарту әдісі жүргізіледі. Алтын мен күмісті толық бөліп алу үшін, алтынға қарағанда қорытпада күмістің құрамы 2 есе көп болуы қажет. Сол кезде Cu, Pb, Pt, Cd ерітіндіге өтеді. Ерітіндіге өткен күмісті хлорид түрінде тұндырады, металдық темірмен немесе мырышпен тотықсыздандырады және құймаметалға қайта балқытады. Алтын қалдығын жуады, кептіреді және құймаметалға балқытады. Алтын пробасы 998-ші.

Пайда болған CuSO4 және PbSO4 қорытпаның бетіне жиналғандықтан, қорытпаның құрамында мыс 7,5 %-дан азырақ және қорғасын 0,25 %-дан азырақ болса, онда қорытпаны еріту үшін концентрацияланған күкірт қышқылын қолдануға болады.

Қыздыру кезінде күміс пен асыл металдар ерітіндіге ауысады, ал алтын ерімеген қалдық күйінде қалады. Алтын пробасы 996-990. Күмісті ерітіндіден металды мыспен тұндырады. Күкіртқышқылды ерітіндіні суыту күкіртқышқылды күміске Ag2SO4 кристалдандырады. Тұқымдық ерітіндіні жаңа күкірт қышқылымен араластырып, жаңа қорытпаны дайындау үшін қолданады. Ag2SO4 кристалдарын ыстық суда ерітеді және темірмен тотықсыздандырады, тұнбаны ыстық сумен шаяды, кептіреді, балқытады. Күміс пробасы 980-990.

Асыл металдардың электролиттік әдіспен соңғы аффинаждауының алдында оларды алдын-ала бөлу үшін аффинажды қышқылды әдісі қолданылады, сонымен қатар зертханалық тәжірибеде пробиркалы талдауды өткізу кезінде.


4.2 Жұмыстың орындалуы

Алтын мен күмістің құрамын анықтау үшін, «королекті» HNO3 : H2O = 1 : 7 концентрациялы азотты қышқылда ерітеді.


(3.5)
Еріту үшін HNO3 ерітіндісін 2/3 биіктікке дейін отбақырашқа құяды. Отбақырашты электрплиткаға қойып, 85-90 ºС-ге дейін қыздырады (бу пайда болғанға дейін), содан кейін королекті кішкентай қысқышпен қызған қышқылға түсіреді. Қайнау басталады, королек қараяды. Күміс ерітіндіге өтеді. Көпіршіктер бөлінуінің тоқтатылуы ерітудің соңы болып есептеледі. Қажеттілігіне байланысты қышқылды отбақырашқа қайтадан құяды.

Еру үрдісі аяқталғаннан кейін, қышқылды шыны таяқша арқылы ақырындап ағызып алады, отбақырашта алтын королек қалады. Оны жақсылап 3-4 рет ыстық сумен шаяды, отбақырашта ақырындап кептіреді, кейін сары түс пайда болғанға дейін электр қыздырғышта қыздырады. Алтын қабықша қопсыған сары түсті болуы керек. Егер қабықтың түсі жылтыр, немесе күмістей болса, онда күміс толық еріген жоқ. Күмісті толығымен еріту үшін Ag : Au болуы тиіс 3-29 : 1. Егер королек ерімесе, ширектеу процесін жүргізеді.

Королекке керекті қатынасына дейін күмісті қосады және капельдегі пробиркалы қорғасынмен муфельді пешінде қорытылады.

Ширектеу келесі операциялардан тұрады:

1) күмісті қосумен королекті қорғасынды оралған қапшықта қорғасынсыздау;

2) азот қышқылында қайта еріту.

Королекті шаю мен қыздырылғаннан кейін салмағын тексереді. Алтын мен күмістің мөлшері есептелінеді (г/т).

Қажетті жабдықтар мен материалдар:

– королек (Au мен Ag қорытпасы);

– ерітінді (HNO3 : H2O = 1 : 7);

– тазартылған су;

– шайғыштар;

– фарфорлы отбақыраштар;

– электрқыздырғыштар;

– резеңкелі төсеніштер, халаттар;

– пробиркалы таразы;

– кішкентай қысқыш.


Бақылау сұрақтары
1. Асыл металдар аффинажының мақсаты.

2. Аффинажды қышқылдық тәсілдерінің мәні.

3. Жұмыс істеу тәртібі.

4. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.



Әдебиет


  1. Бедрань Н. Г. Переработка и качество полезных

ископаемых / Н. Г. Бедрань, Л. М. Скоробогатова. – Киев: Высшая школа, 1986. – 87 с.

  1. Ванюков А. В. Комплексная переработка медного и никелевого сырья / А. В. Ванюков, Н. И. Уткин. – Челябинск: Металлургия, 1988. – 182 с.

  2. Воскобойников В.Г. Общая металлургия [Текст]: учебник для вузов. 6-е изд., перераб. и доп. / В.Г. Воскобойников, В.А. Кудрин, А.М. Якушев. – М. : ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с.

  3. Диомедовский Д. А. Металлургические печи цветной металлургии. – М. : Металлургиздат, 1970. – 265 с.

  4. Зайцева Т. Н. Металлургия благородных металлов. Методическое руководство к лабораторным занятиям. – Алматы : КазНТУ, 1997. – 29 с.

  5. Зеликман А. Н. Теория гидрометаллургических

процессов / А. Н. Зеликман, Г. М. Вольдман, Л. В. Беляевская. – М. : Металлургия, 1985. – 365 с.

  1. Коростелев П. П. Химический анализ в металлургии. – М. : Металлургия, 1988. – 384 с.

  2. Коротич В. И. Металлургия: учебник для вузов. –Екатеринбург: УГТУ, 2001. – 395 с.

  3. Основы металлургии, т. 7 Технологическое оборудование предприятий цветной металлургии. – М. : Металлургия, 1975. –

1008 с.

  1. Остапенко П. Е. Теория и практика обогащения руд. – М. : Недра, 1985. – 270 с.

  2. Полькин С. И. Обогащение руд цветных и редких

металлов / С. И. Полькин, Э. В. Адамов. – М. : Недра, 1975. – 154 с.

  1. Снурников А. П. Комплексное использование сырья в цветной металлургии. – М. : Металлургия, 1977. – 35 с.

  2. Шиврин Г. Н. Металлургия свинца и цинка. – М. : Металлургия, 1982. – 192 с.

  3. Шилаев В. П. Основы обогащения полезных ископаемых. – М. : Недра, 1986. – 227 с.


Мазмұны





Кіріспе................................................................................................

3

1

№ 1 – зертханалық жұмыс. Циандық ерітіндіні дайындау және талдау……………………………………………………………….

6


2

№ 2 – зертханалық жұмыс. Ерітінділерден металдарды цементация әдісімен тұндыру..........................................................

7


3

№ 3 – зертханалық жұмыс. Ерітіндіден металды сорбциямен тұндыру..............................................................................................

9


4

№ 4 – зертханалық жұмыс. Асыл металдар аффинажы..............

12




Әдебиет……………………………………………………………..

15


Пікірсарап
Г. Б. Байділдаева, З. Б. Каршигина, А. Ж. Таскаринаның металлургиялық мамандықтағы тәлімгерлерге арналған «Асыл металдар металлургиясы» пәні бойынша зертханалық жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулық. – Павлодар: С. Торайғыров ат. ПМУ, 2008.
«Асыл металдар металлургиясы» пәні бойынша пікірсарапталып отырған әдістемелік нұсқаулық металлургиялық мамандықта күндізгі және сырттай оқу түрінде оқитын тәлімгерлерге зертханалық жұмысты орындау үшін арналған.

Әдістемелік нұсқаулықта «Асыл металдар металлургиясы» пәнінің негізгі бөлімдерінің тақырыбы бойынша зертханалық жұмыстар берілген. «Асыл металдар металлургиясы» дәстүрлі қазіргі заманғы және болашақ асыл металдар өндірісіндегі технологиялық үрдістермен және құрылғылармен тәлімгерлердің танысуы үшін арналған.

Әр зертханалық жұмыста қысқаша теориялық бөлімі зертханалық жұмысты жүргізу әдістемесі қажетті құрал-жабдық және материалдар, бақылау сұрақтары берілген. Пәнді игеру барысында тәлімгерлер асыл металдар металлургиясы үрдісінің теориялық негізімен танысып, зертханалық жұмыстарда теориялық білімін нызайтады берілген құрамдағы кеннің қайта өңдеудің рационалды сұлбасымен танысады және тандайды. Әдістемелік нұсқаулар 16 сағат көлеміндегі зертханалық сабақтар жүргізуге арналған.

Әдістемелік нұсқаулық қабылданған стандарт бойынша жазылған және ашық жаубамен басылған.



т.ғ.к., профессор М.М. Сүйіндіков

Министерство образования и

науки Республики Казахстан
Павлодарский государственный

университет им. С.Торайгырова


Факультет металлургии, машиностроения

и транспорта

кафедра металлургии

ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА № 6


заседания кафедры

от «11» февраля 2008 г.

г. Павлодар

Председатель: зав. кафедрой металлургии Суюндиков М.М.

Секретарь: лаборант Абишева Ж.Б.
ПОВЕСТКА ДНЯ:

4. О рекомендации для издания учебно-методического материала в издательстве «КЕРЕКУ» ПГУ.


4. СЛУШАЛИ: ст. преподаватель Байдильдаева Г.Б., ст. преподаватель Каршигина З.Б., ассистент Таскарина А.Ж. Представили свои методические указания для лабораторных занятий по дисциплине «Металлургия благородных металлов». Доложили содержание методических указаний и их особенность.
ВЫСТУПИЛИ: к.т.н., профессор Суюндиков М.М. Методические указания состоят из четырех работ. Занятия приводятся в логической последовательности.

Считаю, что данные методические указания являются своевременными и способствуют лучшему освоению теоретического материала, пройденного на лекциях.

ПОСТАНОВИЛИ: Рекомендовать методические указания для издания в издательстве «КЕРЕКУ» ПГУ.
Председатель,

к.т.н., профессор, зав. кафедрой М.М. Суюндиков


Секретарь, лаборант Ж.Б. Абишева

Бекітемін

С.Торайғыров атындағы

ПМУ-дың ОІЖ проректоры

_____________ Пфейфер Н.Э.

(қолы)


«__»_________200__ж.

Құрастырушылар: аға оқытушылар Байділдаева Г.Б., Каршигина З.Б.,

ассистент Таскарина А.Ж.

Металлургия кафедрасы

Кафедра отырысында ұсынылды « __» _______200__ ж., № __ хаттама

Кафедра меңгерушісі __________________М.М. Сүйіндіков


Металлургия, машина жасау және көлік факультетіның оқу-әдістемелік кеңесі қолдады « __» _______200__ ж., № __ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж.Е. Ахметов

КЕЛІСІЛГЕН
ММЖжКФ деканы _________ Т.Т. Тоқтағанов «___»_______200__ж.

СМ бөлімінің



нормобақлаушысы _________ Г.С. Баяхметова «___»_______200__ж.


Құптады ОҮЖжӘҚЕБ
ОҮЖжӘҚЕБ бастығы________Л.Т. Головерина «___»______200__ж.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет