«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау» мемлекеттiк қызмет регламенті Жалпы ережелер «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау»



Дата30.06.2016
өлшемі170.38 Kb.
#167901


Павлодар облысы әкімдігінің

2011 жылғы _____ ___________

№ _______ қаулысымен

бекітілген



«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы

субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау»

мемлекеттiк қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі - мемлекеттiк қызмет) “Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқар-масы” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Басқарма) көрсетеді, Павлодар қаласы, Ленин көшесi, 61-үй, каб. 307, тел. 8 (7182) 32-31-52, 65-06-56,


е-mail: kense.dsh@pavlodar.gov.kz.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырыл-маған.


3. Мемлекеттiк қызмет «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 10-1-ба-бының  3) тармақшасыжәне «Асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiне аттестаттау (қайта аттестаттау) өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы
26 қыркүйектегi № 1061 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген “Асыл тұқымды мал ша-руашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау” мемлекеттiк қызмет стандарты негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Павлодар облысы әкімдігінің akim@pavlodar.gov.kz. ресми сайтында, сондай-ақ Павлодар қ. Ленин көшесі, 61-үй мекенжай бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету орнында iлiнген стендтерде орналастырылған.      

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы және дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға мал өсiмiн молайту және асыл тұқымдық құндылығын, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) анықтау жөнiнде қызметтер көрсету мәртебесiн беру туралы аттестат (бұдан әрi - Аттестат) (қағаз тасымал-дағышта) не мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.

7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi тұтынушы осы Регламенттің 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап
3 (үш) айдан аспайды;

      2) мемлекеттiк қызмет орнында көрсетiлетiн өтiнiш берушiнiң өтiнiш берген күнiнен (тiркеу жүргiзгенде, талон алғанда, өтiнiш берген кезден және әрi қарай) алғанға дейiнгi күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды;


3) мемлекеттiк қызмет орнында көрсетiлетiн өтiнiш берушiнiң өтiнiш берген күнiнен (тiркеу жүргiзгенде, талон алғанда, өтiнiш берген кезден және әрi қарай) тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы шектi уақыты 10 (он) минуттан аспайды.

      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-00-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдай жасалады (күтуге арналған зал, құжаттарды толтыру орындары).




  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларға қойылатын талаптар:

      асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал тұқымын асылдандыру орталығы, дистрибьютерлiк орталық субъектiсi мәртебесiн алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң нотариалды расталған көшiрмелерi немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi, не салыстырып тексеруге ұсыну кезiнде көшiрмелерi мен түпнұсқасы;

3) мынадай талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар:


      асыл тұқымды мал зауыты немесе асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесiн беру үшiн:

      асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтары мамандарының-қатысуымен ғылыми ұйымдардың ғалымдары әзiрлеген малдардың сынақтан өткiзiлген немесе жасалып жатқан тұқымдарымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарының болуы;

мал өнiмдiлiгiнiң сан және сапа көрсеткiштерiнiң тиiстi тұқымдарға: арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келуi;

           мыналарды:

      асыл тұқымды малдың сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кросстарын 1 күтiп-бағу мен пайдалануды (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);

      асыл тұқымды төлдiң сынақтан өткен тұқымдарын, iшкi тұқымдық  және зауыттық үлгiлердi, зауыттық желiлер мен белгiлi бiр тұқымдар кросстарын бағыттап өсiрудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн);

      малды өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша бағалау жөнiндегi бақылау-сынақтан өткiзу аулалары мен пункттерiнiң жұмыс iстеуiн (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;

мыналарды:

      1) асыл тұқымды өнiм (материалын) өндiру мен өсiру технологиясына сәйкес асыл тұқымды малды теңдестiре азықтандыруды;

      2) малға өз өнiмдiлiгi және ұрпағының сапасы бойынша нысаналы бағалау жүргiзудi (асыл тұқымды мал зауыттары үшiн) қамтамасыз ететiн жемшөп базасының болуы;

      5 (бес) жыл бойы белгiленген нысандар бойынша асыл тұқымды малдың, асыл тұқымды өнiмнiң (материалды) шығу тегiн, өнiмдiлiгiн және сапасын растайтын үздiксiз есеп жүргiзу;

      жыл сайын сатылатын асыл тұқымды төлге мiндеттi түрде сертификаттау жүргiзу (сәйкестiк сертификатының (асыл тұқымдық куәлiгiнiң) болуы), сондай-ақ сатылатын асыл тұқымды өнiмнiң аурулардан салауатты екендiгi туралы ветеринариялық сертификаттың болуы;

тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;
      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша малдардың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;

      асыл тұқымды малдарды күтiп-бағуға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау;

      шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұстау;

белгiленген тәртiппен асыл тұқымды малдарға сәйкестендiру жүргiзу және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеу.

Мал тұқымын асылдандыру орталығы мәртебесiн беру үшiн:
малдың өсiрiлетiн тұқымдары бойынша асыл тұқымды мал зауыттарының селекциялық-асыл тұқымды жұмыс жоспарының мақсаттары мен мiндеттерiне сай келетiн жұмыс жоспарының болуы;
      енелерiнiң өнiмдiлiгi тұқым стандартынан кемiнде 50% асатын өсiрiлетiн тұқымдардың өнiмдiлiгi жоғары асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың қажеттi санының болуы;

      мыналарды:

      асыл тұқымды бұқаларды күтiп-бағу мен пайдалануды;

  тұқым сапасы бойынша бағаланған және жақсартушы деп танылған тұқымдық бұқалардың мейлiнше салқындатылған ұрығын алуды, жинақтауды, ұзақ уақыт сақтауды және пайдалануды;

      эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;

      асыл тұқымды бұқаларға арналған нормаларға сәйкес келетiн азықтандыру деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жемшөп базасының болуы;

      ұрық пен эмбриондар алу, жинақтау, сақтау есебiнiң болуы;

тұқымдық бұқаларға өз өнiмдiлiгi мен ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргiзу;

      жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнiмге (материалға) мiндеттi сертификаттау жүргiзу;

      тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;


      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша малдардың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы;

      асыл тұқымды малдарды күтiп-бағуға, өсiруге, пайдалануға және азықтандыруға байланысты тиiстi зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау;

      шаруашылық мұқтаждарына арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға жауап беретiн жағдайларда ұстау;

      белгiленген тәртiппен асыл тұқымды малдарға сәйкестендiру жүргiзу және оларға ветеринариялық паспорттар ресiмдеу.

      Дистрибьютерлiк орталық мәртебесiн беру үшiн:

      асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жоспарларына сәйкес келетiн жұмыс жоспарының болуы;

     жақсартушы деп танылған тұқымдық бұқалардың ұрығын және эмбриондарын сақтау мен сатуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы;

      тұқымдық бұқалардың ұрықтары мен эмбриондарының түсуiн, сақталуын және сатылуын есепке алу;

      тиiстi зоотехникалық және ветеринариялық бiлiмi бар мамандардың болуы;
      ауданның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар бойынша аумақтың саулығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы.

Малды өз төлiнен өсiретiн және малдың асыл тұқымдық құндылығын анықтайтын субъект мәртебесiн алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмесiн немесе салыстырып тексеру үшiн көшiрмесiмен бiрге түпнұсқасын;


3) мынадай талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар:
      малды өз төлiнен өсiру бойынша қызмет көрсетуге:

заңды тұлға үшiн қажеттi жұмыс көлемiн орындауды қамтамасыз ететiн, тиiстi бiлiмi бар мамандардың болуы;

      жеке тұлға үшiн өтiнiш берушiнiң тиiстi бiлiмiнiң болуы;
      малды өз төлiнен өсiру жөнiндегi нұсқаулықтар мен нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес тұқымдық бұқалардың ұрықтары мен эмбриондарын сапалы түрде алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн материалдық-техникалық базаның болуы.

12. Белгiленген үлгiдегi өтiнiш бланкiсiн Басқарма бередi.

           13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезеңдері:

1–кезең – тұтынушының қажетті құжаттарын әкімшілік бөлімінде тіркеу;

2–кезең – Басқарма бастығының орындаушыны, ведомствоаралық сараптау комиссиясының құжаттарды қарау орны мен уақытын анықтауы;

3–кезең – мал шаруашылығы бөлімі бас маманының құжаттарды ведомствоаралық сараптау комиссиясы қарауына жолдауды жүзеге асыруы;

4–кезең – ведомствоаралық сараптау комиссиясының оның талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында құжаттарды қарастыруды жүзеге асыруы;

5–кезең – орындаушының облыс әкімдігінің мәртебе беру туралы қаулысын әзірлеуі;

6–кезең - облыс әкімдігінің әкімдік қаулысын бекітуі;

7–кезең – орындаушының аттестатты ресімдеу, оны басқарманың мөрімен бекіту, сондай-ақ тұтынушыға аттестат беру бойынша ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруы.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін Тұтынушы осы Регламенттің
11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Басқармаға тапсырады, оны әкімшілік бөлімінің бас маманы қабылдайды және тіркейді.

15. Тұтынушыға тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтама берiледi, онда Басқарманың мөртаңбаны және тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні қамтылады.

16. Тіркелген құжаттар Басқарма бастығына беріледі, олар кейін орындаушыға тапсырылады. Оларды алу барысында, орындаушы құжаттарды, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және білім және ғылым саласындағы орталық атқарушы органның бірлескен бұйрығымен құрылған, ведомствоаралық сараптау комиссиясы қарауына жолдауды жүзеге асырады.

17. Ведомствоаралық сараптау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша хаттама ресімделеді және құжаттармен бірге орындаушыға тапсырылады.

18. Хаттама мен құжаттарды алған соң, орындаушы облыс әкімдігінің мәртебе беру туралы қаулысының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады, оны кейін облыс әкімдігі бекітеді. Бекітілгеннен кейін орындаушы аттестатты ресімдейді, оны Басқарманың мөрімен бекітеді және тұтынушыға береді.

Тұтынушыға аттестат беру берілген аттестаттар журналында тіркеледі.

19. Мемлекеттiк қызмет тұтынушының жеке өзi немесе оның өкiлi келген кезде ұсынылады.      

20. Тұтынушыға мемлекеттiк қызмет ұсынудан бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

      1) осы Регламенттің 11-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну;

2) 11-тармақтың 3) тармақшасының талабына сәйкес келмегенде, Комиссияның терiс қорытындысы.

21. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің сызбасы осы Регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген.

     


  1. Жұмыс қағидаттары

      22. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн Басқарманың лауазымды адамдары өз қызметiнде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

      1) қарапайымдылық таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеу және пайдаланбау;

      2) сыпайы және әдептi болу;

      3) құжаттарды қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбүйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеу, олар бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шараларды қабылдау;
      4) қызметтi тұтынушы құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.



  1. Жұмыстың нәтижесi

      23. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


  24. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн Басқарманың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

     


25. Басқарманың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым берудi дайындауға көмек көрсетудi “Павлодар облысы әкімінің аппараты” ММ кеңсесiнiң лауазымды адамдары, Павлодар қ., Академик Сәтбаев көшесі, 49, каб. 107, тел. 8(7182) 32-08-18, е-mail: kense.ао@pavlodar.gov.kz. мекенжай бойынша жүзеге асырады.

26. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Павлодар қ., Академик Сәтбаев көшесі, 49, каб. 202, тел. 8 (7182)


32-36-19, е-mail: kense.ао@pavlodar.gov.kz мекенжай бойынша ауыл шаруа-шылығы мәселелерiне жетекшiлiк ететiн облыс әкiмiнiң орынбасарының атына берiледi, шағым, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-00-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен берiледi.

      27. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым Басқарма бастығының атына, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9-00-ден 18-00-ға дейiн, сағат 13-00-ден 14-00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен берiледi.

28. Шағым жазбаша (еркiн) нысанда дәйектi бас тартудың көшiрмесi мен бiрге берiледi.

      29. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа шағымдануға құқығы бар.

30. Арыз берушiге оның шағымының қабылданғанын растайтын күнi мен уақыты, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын “Павлодар облысы әкімінің аппараты” ММ-ның лауазымды адамдарының байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

31. Мемлекетті қызмет туралы қосымша ақпаратты “Павлодар облысы әкімінің аппараты” ММ кеңсесiнен алуға болады.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы      
саласындағы субъектiлердiң қызметтерiн
мемлекеттiк аттестаттау»       
мемлекеттiк қызмет регламентіне   
1-қосымша
_________________________________________________________________
    (асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы
________________________________________________________________
                      органның толық атауы)
кiмнен____________________________________________________________
                           (жеке тұлғаның аты-жөнi)
ӨТIНIШ
__________________________________________________________________
                   (мәртебенiң толық атауын көрсету)

      мәртебесiн алу үшiн аттестаттаудан өткiзуiңiздi сұраймын

      Жеке тұлға туралы мәлiметтер:

      1. Жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк


__________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi,
      аудан, облыс, кiмнен және қашан берiлген №)
2. Мекенжайы______________________________________________________
      (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон, факс)
3. Есеп-айырысу шоты_______________________________________________
      (СТН, ӘЖК,
__________________________________________________________________
      шоттың №, атауы және банктiң орналасқан жерi)

      4. Қоса берiлетiн құжаттар: табынды селекциялық-асылдандыру жұмысының жоспары, ең аз талаптар бойынша сан және сапа көрсеткiштерiнiң сәйкестiк анықтамасы, материалдық-техникалық және жемшөп базасының, ғылыми қамтамасыз етудiң, есеп жүргiзу және есеп берудiң жай-күйi туралы анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, мамандардың тiзiмi туралы анықтама, салық берешегiнiң жоқтығы туралы анықтама.

      ___________________ _____________________
             (қолы)              (аты-жөнi)

      Мөрдiң орны


     

20________ж. «_______»_______________

   

Өтiнiш қарауға алынды 20______ж. «______»_________________



_________________________________________________________________
   (жергiлiктi атқарушы органдағы жауапты тұлғаның аты-жөнi, қолы)
_________________________________________________________________
   (асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы
_________________________________________________________________
                          органның толық атауы)
кiмнен____________________________________________________________
                    (заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
________________________________________________________________
                      (мәртебенiң толық атауы)

      Мәртебесiн алу үшiн аттестаттаудан өткiзуiңiздi сұраймын


      Заңды тұлға туралы мәлiмет:

1. Меншiк нысаны_____________________________________________________


2. Құрылған жылы_____________________________________________________
3. Мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк_____________________________
________________________________________________________________
             (аудан, облыс, кiмнен және қашан берiлген №)
4. Мекенжайы____________________________________________________
                    (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №,
                                     телефон, факс)
5. Есеп-айырысу шоты_____________________________________________
                    (шоттың №, атауы және банктiң орналасқан жерi)
6. Филиалы, өкiлдiгi______________________________________________
                         (орналасқан жерi және реквизиттерi)

      7. Қоса берiлетiн құжаттар: табынды селекциялық-асылдандыру жұмысының жоспары, ең төменгi талаптар бойынша сан және сапа көрсеткiштерiнiң сәйкестiк анықтамасы, материалдық-техникалық және жемшөп базасының, ғылыми қамтамасыз етудiң, есеп жүргiзу және есеп берудiң жай-күйi туралы анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, мамандар саны туралы анықтама, салық берешегiнiң жоқтығы туралы анықтама.

      Басшы_______________ _________________________
               (қолы)               (аты-жөнi)

      Мөрдiң орны


      20_______ж. «______»____________________


      Өтiнiш қарауға алынды 20______ж. «_____»_________________
______________________________________________________________
(жергiлiктi атқарушы органдағы жауапты тұлғаның тегi, аты-жөнi, қолы)
__________________________________________________________
                       (аттестат берушi органның толық атауы)
кiмнен________________________________________________________
                          (жеке тұлғаның аты-жөнi)
ӨТIНIШ
      Қызметтер көрсетуге аттестаттау жүргiзуiңiздi сұраймын
________________________________________________________________
             (мал және құсқа қызмет көрсету түрiнiң толық атауы)

Жеке тұлға туралы мәлiмет:

1. Мекенжайы_________________________________________________            (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон, факс)
2. Есеп-айырысу шоты______________________________________________
                           (банктегi шоттың №, банктiң атауы және
______________________________________________________________
                               орналасқан жерi)
3. Қоса берiлетiн құжаттар: бiлiмi туралы куәлiк_____________________
_____________________________________________________________

      ___________________ _____________________


          (қолы)                (аты-жөнi)

      Мөрдiң орны


      20______ж. «____»_____________________
      Өтiнiш қарауға алынды 20______ж. «____»____________________
_______________________________________________________________
         (аттестат берушi жергiлiктi атқарушы органдағы жауапты
                        тұлғаның аты-жөнi, қолы)
______________________________________________________________
                 (аттестат берушi органның толық атауы)
кiмнен________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
Қызметтер көрсетуге аттестаттау жүргiзуiңiздi сұраймын
___________________________________________________________
      (малдың түрлерi бойынша қызмет көрсету түрiн көрсету)

Заңды тұлға туралы мәлiмет:


1. Меншiк түрi________________________________________________
2. Құрылған жылы_____________________________________________
3. Мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк____________________________
________________________________________________________________
       (аудан, облыс, кiмнен және қашан берiлген №)

4. Мекенжайы________________________________________________            (индексi, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №, телефон, факс)


5. Есеп-айырысу шоты__________________________________________
                          (банктегi шоттың №, банктiң атауы және
__________________________________________________________
                              орналасқан жерi)
6. Қоса берiлетiн: қызметкерлердiң бiлiмi туралы куәлiк_____________
___________________________________________________________

Басшы ___________________ _____________________


       (қолы)                         (аты-жөнi)

      Мөрдiң орны


      20_____ж. «____»________________
      Өтiнiш қарауға алынды 20_____ж. «____»_________________

___________________________________________________________


      (аттестат берушi жергiлiктi атқарушы органдағы жауапты
                         тұлғаның аты-жөнi, қолы)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы

Субъектiлердiң қызметтерiн мемлекеттiк аттестаттау»

мемлекеттiк қызмет регламентіне 


2-қосымша
Кесте. Көрсеткiштердiң сапалылық және тиiмдiлiк мәнi


Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 


2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 


3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 


3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 


4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 


5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100

 
 

 
 

“Асыл тұқымды мал шаруашылығы

саласындағы субъектiлердiң қызметiн

мемлекеттiк атестаттау”

мемлекеттiк қызмет регламентіне

3-қосымша


Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк атестаттау

бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің сызбасы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет